Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 30 қазандағы N 1466.

      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiн ұйымдастыру-құрылымдық жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық департаментiне (бұдан әрi - Қазынашылық) заңды тұлға мәртебесi берiлсiн.

      2. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.10.09. N 1028 қаулысымен.

      3. Оның жекелеген функцияларын, мүлiк пен iстi басқару жөнiндегi өкiлеттiгiн Қазынашылыққа беру арқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Бюджеттiк банкi таратылсын.

      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:

      1997 жылдың 31 желтоқсанына дейiн заңдарда белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Бюджеттiк банкiн таратуды жүргiзсiн және 1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап бюджеттiк мекемелерге қолма-қол ақша берудi екiншi деңгейдегi банктер арқылы жүзеге асырсын;

      1997 жылдың 1 желтоқсанына дейiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнде Қазынашылық валюталық шоттары арқылы бюджеттiк мекемелердiң валюталық операцияларын орталықтандырылған жүргiзудiң тәртiбiн әзiрлесiн және оны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн.

      5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық департаментiне банктiк операциялардың жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға лицензия беру ұсынылсын.

      6. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Қазынашылық пен оның Алматы, Ақмола қалаларындағы және облыс орталықтарындағы аумақтық органдарына байланыс арналарын бөлудi қамтамасыз етсiн.

      7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.09.21. N 1433 қаулысымен.

      8. Мыналардың:

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Бюджеттiк банкiн құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 ақпандағы N 167 P960167_ қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 7, 42-құжат);

      "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 18 қыркүйектегi N 1349 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.

      9. Осы қаулының атқарылуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi А.С.Павловқа жүктелсiн.

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрi

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1997 жылғы 30 қазандағы
N 1466 қаулысымен
Бекiтiлген

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылық департаментi туралы ЕРЕЖЕ

      Ескерту. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.10.09. N 1028 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады