Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлiгi туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 20 қараша N 1622. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1999.03.31. N 347 қаулысымен

      "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк басқарудың пәрмендiлiгiн одан әрi арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655 U973655_ Жарлығының негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қоса берiлiп отырған:

 

     Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар

министрлiгi туралы ереже;

     Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар

министрлiгiнiң қарауындағы мекемелер мен ұйымдардың тiзбесi

бекiтiлсiн.

     2. "Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар

министрлiгi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң 1997 жылғы 23 мамырдағы N 876 қаулысының күшi жойылған деп

танылсын.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi


                                       Қазақстан Республикасы

                                             Үкiметiнiң

                                       1997 жылғы 20 қарашадағы

                                           N 1622 қаулысымен

                                              бекiтiлген


                 Қазақстан Республикасының Экология

              және табиғи ресурстар министрлiгi туралы


                                ЕРЕЖЕ


                             I. Миссиясы


     Қоғам мен қоршаған ортаның өзара қатынасын үйлестiру.


                         II. Жалпы ережелер



 
       1. Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлiгi (бұдан әрi - Министрлiк) Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау орталық атқарушы органы болып табылады.
      2. Министрлiк өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Министрлiк пен оның аумақтық органдарының өздерiнiң құзыретiнiң шегiнде қабылдаған шешiмдерi Қазақстан Республикасының барлық министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерiнiң, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының, ұйымдарының, ведомстволық бағыныстылығы мен меншiк нысандарына қарамастан жеке және заңды тұлғаларының атқаруы үшiн мiндеттi.
      4. Министрлiк Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi беретiн өзiнiң және ведомстволық бағыныстағы бөлiмшелерiнiң иелiгiндегi мүлiктерге иелiк ету, пайдалану және билiк жасау құқығын жүзеге асырады.
      5. Министрлiк заңды тұлға болып табылады, банкте бюджеттiк және ағымдағы шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және мемлекеттiк тiлде өзiнiң атауы жазылған мөрi болады.
      6. Министрлiктiң орталық аппаратының құрылымы мен штаттық санын

 

Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды.

     7. Министрлiк пен оның құрылымдық бөлiмшелерiн ұстау

республикалық бюджетте көзделген қаржының есебiнен жүзеге асырылады.


                          III. Басымдықтары


     Экологиялық қауiпсiз қоршаған ортаны құру.


     Табиғи ресурстары тепе-теңдiкте пайдалану.


     Жануарлар және өсiмдiктер әлемiнiң биологиялық алуан түрлiлiгiн

сақтау.


     Экологиялық оқу-ағарту.


                          IV. Тапсырмалары


     8. Қоршаған ортаны тұрақты жақсартуды және табиғи ресурстарды

тепе-теңдiкте пайдалануды қамтамасыз ету.

     9. Қоршаған ортаны және табиғи ресурстарды қорғауды мемлекеттiк

басқару жүйесiн оңтайландыру.

     10. Барлық табиғатты пайдаланушылардың, қоғамдық, оның iшiнде

халықаралық қорлардың табиғатты қорғау бағдарламаларын бiрдей

қаржыландыру жүйесiн құру.

     11. Қоршаған ортаның жай-күйiн бақылауды және мониторингiн

қамтамасыз ету.

     12. Экология және табиғи ресурстар саласында оқу-ағарту жүйесiн

дамыту.


                           V. Функциялары


     13. Республикалық табиғатты қорғау қорының қаражаты мен

мемлекеттiк геологиялық зерделеу қаражатын пайдалану жөнiндегi

жұмыстарға тапсырысшы болу.

     14. Барлық шаруашылық жүргiзушi объектiлердiң қоршаған ортаны,

оның iшiнде жер қойнауын қорғау жөнiндегi талаптарды сақтауына

бақылау жүргiзу.

     15. Қоршаған ортаны қорғау аясында мемлекеттiк экологиялық

сараптама жүргiзу.

     16. Қоршаған ортаның гидрометеорологиялық жағдайы мен

экологиялық ахуалына мониторингтi жүзеге асыру.

     17. Жер қойнауларындағы пайдалы қазбаларға сараптама жүргiзу

және олардың қорларын бекiту.

     18. Экологиялық және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану

саласында оқу-ағарту жөнiнде ақпараттық-талдау жұмысын ұйымдастыру.


                            VI. Құқықтары



 
       19. Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен республикалық табиғатты қорғау қорына басшылықты, табиғатты қорғаудың жергiлiктi бюджеттен тыс қорларының қызметi мен олардың мақсатты пайдаланылуына бақылауды жүзеге асыру.
      20. Олардың еңбегiне республикалық табиғатты қорғау қорының қаражатынан ақы төлеу арқылы кен орындарының қорларын бекiту кезiнде экологиялық сараптама жасау үшiн сарапшыларды тарту.
      21. Атқарушы органдардан, сондай-ақ меншiк нысандарына қарамастан заңды және жеке тұлғалардан жер қойнауы мен қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды өндiру және пайдалану мәселелерi жөнiнде қажеттi ақпарат алу.
      22. Өз құзыретiнiң шегiнде табиғатты қорғау талаптарын бұзушыларды жауаптылыққа тарту жөнiнде шаралар қолдану, әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы мәселелердi қарау, шаруашылық және өзге де қызметтердi шектеу, тоқтата тұру және тоқтату, табиғат қорғау заңдарында белгiленген талаптарды орындамаған объектiлердi пайдаланудан шығару, сондай-ақ талап-арыз ұсыну және табиғат қорғау заңдары талаптарының бұзылуы туралы iстер бойынша сот талқылауларында мемлекеттiң атынан талапкер ретiнде қатысу.
      23. Қоршаған ортаны ластауға (оның iшiнде зиянды заттарды көмуге және қалдық суларды ағызуға, пайдалы қазбалар жұмыстары алаңдарының құрылысын салуға) қалдықтарды төгуге, орналастыруға рұқсат беру және оны тоқтату.
      24. Қоршаған ортаны, экологияны және табиғи ресурстарды қорғау мәселелерi жөнiнде карталар, кiтаптар, журналдар, газеттер, ақпараттық бюллетеньдер, теле және бейне фильмдер және т.б. шығару.
      25. Мемлекеттiк экологиялық бақылауды, жер қойнауын қорғауды мемлекеттiк бақылауды, сондай-ақ жануарлар әлемiн (оның iшiнде балықтар мен басқа да су жануарларын) қорғауды мемлекеттiк бақылауды тiкелей жүзеге асыратын Министрлiк жүйесiнiң қызметкерлерiне

 

республикалық табиғатты қорғау қоры мен мемлекеттiк геологиялық

зерттеу және жер қойнауын қорғау қорының қаражатынан айырым

белгiлерiмен және бiрыңғай үлгiдегi қызметтiк куәлiктермен бiрге

техникалық құралдар, жеке қару және нысанды киiм-кешек беру.


                           VII. Мiндеттерi


     26. Елде экологиялық ахуалды нашарлататын кез келген қызмет пен

iс-әрекетке жол бермеу.

     27. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны, оның iшiнде жер

қойнауын қорғау саласындағы заңдарын бұзушыларға бiрдей әсер ету

шараларын қолдану.

     28. Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңдарының

сақталуын қамтамасыз ету.

     29. Қоршаған орта мен елдiң минералдық-шикiзат базасының

жай-күйiн дұрыс бағалауды және оны Үкiметке хабарлап отыруды

қамтамасыз ету.

     30. Елдiң аумағын жоспарлы түрде геологиялық зерделеудi қамтамасыз

ету.

     31. Экологиялық ахуалды сақтау әрi жақсарту және табиғи

ресурстарды ұтымды пайдалану саясатын болжау.

     32. Дүниежүзiндегi экологияға бөлiнетiн қаражаттарды тарту.


                          VIII. Жауаптылығы


     33. Қоршаған ортаның жай-күйi, Қазақстан Республикасы бойынша

гидрометеорологиялық деректер туралы ақпараттың дұрыстығы үшiн.

     34. Елдiң аумағын мемлекеттiк геологиялық зерделеудiң толықтығы

мен жер қойнауларындағы пайдалы қазбалардың бекiтiлген қорларының

дұрыстығы үшiн.

     35. Республикалық табиғатты қорғау қоры қаражатының және

мемлекеттiк геологиялық зерттеуге бөлiнетiн қаражаттың ұтымды

пайдаланылуы үшiн.

     36. Қоршаған ортаны, оның iшiнде жер қойнауын қорғау саласындағы

нақты сараптама үшiн.

     37. Халықаралық экологиялық ұйымдардың бюджеттен тыс

қаражаттарын елдi экологиялық сауықтыруға белсендi түрде тарту үшiн.

     38. Халықты экология және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану

саласында тиiмдi насихаттау және оқу-ағарту үшiн.


               IХ. Министрлiктiң қызметiн ұйымдастыру


     39. Министрлiк пен оның аумақтық органдары Қазақстан

Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлiгiнiң бiрыңғай

жүйесiн құрайды.


 
       40. Министрлiктi Министр басқарады. Министрдi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады.
      41. Министрдiң оның өзiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын орынбасары - вице-министрi болады.
      42. Министрлiктiң құрамына: Геология және жер қойнауын қорғау

 

комитетi, Қоршаған ортаны қорғау комитетi және Басқару және қаржы

департаментi кiредi.



     ЕСКЕРТУ. 42-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.04.22. N 382 қаулысымен.



P980382_



     ЕСКЕРТУ. 42-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.07.22. N 680 қаулысымен.



P980680_




     43. Комитеттер Министрлiктiң құзыретiнiң және өздерiне берiлген

өкiлеттiктердiң шегiнде атқарушылық және бақылау-қадағалау

функцияларын, сондай-ақ салааралық үйлестiрудi және мемлекеттiк

басқарудың iшкi салаларына басшылықты дербес жүзеге асырады.

     44. Комитеттер туралы ережелердi Қазақстан Республикасының

Үкiметi бекiтедi. Комитеттердiң штаттық саны мен құрылымын Министр

бекiтедi.

     45. Комитеттi Министрдiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының

Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын Төраға

басқарады.

     46. Комитеттiң төрағасы Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады әрi

оған басшылықты жүзеге асырады және комитетке жүктелген мiндеттердiң

орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке

жауаптылықта болады.


                      Х. Министрдiң өкiлеттiгi


     47. Министрлiк қызметiнiң стратегиясын, мақсаттары және

басымдықтарын айқындау.

     48. Қоршаған ортаны қорғау және жер қойнауын мемлекеттiк

геологиялық зерттеу бағдарламаларын бекiту.

     49. Қоршаған ортаны қорғау және геологиялық зерттеу салаларында

халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасасу.

     50. Экология және табиғи ресурстар саласындағы насихат жұмысы.

     51. Министрлiк пен оның аумақтық басқармаларының штат кестесiн

бекiту.

     52. Министрлiктiң құрамында комитеттердiң, департаменттердiң,

басқармалардың басшыларын, сондай-ақ Министрлiктiң құрамындағы

аумақтық басқармалардың басшыларын, Министрлiктiң аумақтық

органдарының басшыларын қызметке тағайындау және босату.

     53. Бас экологиялық сарапшыны, бас экологиялық инспекторды

тағайындау.

     54. Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес

өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру.


 
       55. Министрлiктiң жанынан шешiмi Министрдiң бұйрықтарымен өмiрге

 

енгiзiлетiн консультациялық-кеңесушi орган - алқа құрылады. Алқаның

сандық құрамын Үкiмет бекiтедi. Алқаның жеке құрамын Министр

бекiтедi.

     56. Жер қойнауын, қоршаған ортаны қорғаудың және табиғи

ресурстарды пайдаланудың өзектi мәселелерiн қарау мақсатында

Министрлiк ғылыми-техникалық кеңес, мемлекеттiк экологиялық сараптау

кеңесiн, басқа да кеңестер мен жұмыс топтарын құрады.

     Кеңестер туралы ережелер мен олардың жеке құрамын Министр

бекiтедi.

     57. Вице-министр ол болмаған уақытта Министрдi алмастырады,

өзiне Министр жүктеген өзге де мiндеттердi жүзеге асырады.



                                       Қазақстан Республикасы

                                             Үкiметiнiң

                                       1997 жылғы 20 қарашадағы

                                           N 1622 қаулысымен

                                              бекiтiлген


        Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар

                министрлiгiнiң қарауындағы ұйымдардың


                               ТIЗБЕСI


     "Қазгидромет" мемлекеттiк кәсiпорны


     "Қазақстан Республикасының геология, экология және табиғи

     ресурстар ақпараттық-талдау" орталығы мемлекеттiк кәсiпорны


     Мамандандырылған гравиметрикалық кәсiпорын





     ЕСКЕРТУ. Тiзбеден сөз алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1998.12.28.

              N 1338 қаулысымен.


P981338_









Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады