Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi Статистика және талдау жөнiндегi комитетiнiң мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 18 желтоқсан N 1776. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.09.16. N 907 қаулысымен. ~P980907

      "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк басқарудың пәрмендiлiгiн одан әрi арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655 U973655_ Жарлығына және "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң, "Қазпатент" және "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң Статистика және талдау жөнiндегi комитетiнiң Ақпараттық-есептеу орталығы республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарын құру мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1552 P971552_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң Статистика және талдау жөнiндегi комитетi туралы ереже;
      Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi Статистика және талдау жөнiндегi комитетiнiң құрылымы;
      Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi Статистика және талдау жөнiндегi комитетiнiң қарамағындағы аумақтық органдар мен ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң Статистика және талдау жөнiндегi комитетiне Төрағаның екi орынбасары, оның iшiнде Төрағаның бiр бiрiншi орынбасары болуына рұқсат етiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi Статистика және талдау жөнiндегi комитетiнiң аумақтық органдары қызметкерлерiнiң саны 383 адам болып бекiтiлсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi Статистика және талдау жөнiндегi комитетiнiң аумақтық органдары үшiн қызметтiк жеңiл автомобильдер лимитi 15 бiрлiк санында белгiленсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi Статистика және талдау жөнiндегi комитетiнiң аумақтық органдарын ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте жергiлiктi органдарды ұстауға көзделген қаржының есебiнен жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
      6. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар

жөнiндегi агенттiгiнiң Статистика және талдау жөнiндегi комитетi бұрын
қабылданған нормативтiк құқықтық актiлердi осы қаулыға сәйкес келтiру
жөнiнде ұсыныс енгiзетiн болсын.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                     1997 жылғы 18 желтоқсандағы
                                         N 1776 қаулысымен
                                             бекiтiлген

            Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау
           және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң Статистика
                және талдау жөнiндегi комитетi туралы

                                ЕРЕЖЕ



      Миссиясы: объективтi статистикалық ақпарат жинауды және таратуды қамтамасыз ету, орталық атқарушы органдардың статистика қызметi саласындағы жұмыстарын үйлестiру.

                           1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1. Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң Статистика және талдау жөнiндегi комитетi (бұдан әрi - Комитет) мемлекеттiк статистика саласындағы заңдарға сәйкес арнаулы функцияларды дербес жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының ведомствосы болып табылады.
      Комитет елде мемлекеттiк статистиканы ұйымдастыруды қамтамасыз етедi, статистикалық деректердiң объективтiлiгi мен халықаралық деңгейде әдiстемелiк салыстырылуын қамтамасыз ететiн салааралық үйлестiрудi жүзеге асырады, статистиканы жетiлдiрудiң мемлекеттiк саясаты мен бағдарламасын iске асырады.
      2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi туралы ережеге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Комитеттiң аппараты мен оның аумақтық органдарын ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте көзделген қаржының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес шарттық негiзде статистикалық қызметтер көрсетуден түскен кiрiстердiң есебiнен жүзеге асырылады.
      4. Комитеттiң құрылымы мен оның аумақтық органдарының штат санын

Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
     5. Комитеттiң орталық аппаратының штат санын Қазақстан
Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi
агенттiгi белгiлейдi.
     6. Комитет заңды тұлға болып табылады, банктерде шоттары,
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өз
атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi болады.

                           II. БАСЫМДЫҚТАРЫ

     7. Комитеттiң басымдықтары:
     мемлекеттiк статистика саласындағы жұмыстарды жүзеге асыру және
үйлестiру;
     халықаралық талаптарды ескере отырып статистикалық қызметтi
жүйелi реформалау;
     жаңа ақпараттық технологияларды енгiзу;
     статистикалық көрсеткiштердiң объективтiлiгi мен
транспаренттiлiгiн қамтамасыз ету болып табылады.

                  III. КОМИТЕТТIҢ НЕГIЗГI МIНДЕТТЕРI

     8. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi:
     статистика саласында мемлекеттiк саясатты жүргiзу және басшылық
жасау;


      ғылыми әдiстер мен халықаралық стандарттардың негiзiнде бiрыңғай статистикалық ақпарат жүйесiн жасау жұмысын жүргiзу және жетiлдiру;
      статистикалық көрсеткiштердiң тұтастығын, анықтығын және жеткiлiктiлiгiн қамтамасыз ету;
      елде жүрiп жатқан экономикалық және әлеуметтiк процестер мен олардың даму үрдiсiн жан-жақты және объективтi түрде зерделеу, қорыту және оларға талдау жасау болып табылады.

                       IV. КОМИТЕТТIҢ ФУНКЦИЯЛАРЫ

      9. Комитет өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органдары мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң қызметiн статистикалық деректермен ақпараттық қамтамасыз етудi жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасында мемлекеттiк статистиканы жетiлдiру жөнiндегi бағдарламаны әзiрлейдi және жүзеге асырады;
      Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн статистикалық жұмыстардың жоспарына сәйкес мемлекеттiк статистикалық байқау жүргiзедi және мемлекеттiк органдарды Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тәртiп бойынша статистикалық ақпаратпен қамтамасыз етедi;
      республика мен оның аймақтарының әлеуметтiк-экономикалық жағдайы туралы деректердiң ақпараттық-статистикалық базаларын жинақтауды, жүргiзудi және өзектiлендiрудi қамтамасыз етедi;
      Мемлекеттiк статистикалық тiзiлiмдi, сондай-ақ Комитеттiң құзыретiне кiретiн техникалық-экономикалық және әлеуметтiк ақпараттың жалпы жiктеушiлерi мен кодтау жүйесiн жүргiзу жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;
      әлеуметтiк-экономикалық және демографиялық процестердi көрсететiн мемлекеттiк және салалық статистикалық есептiлiктер көрсеткiштерiнiң ең төменгi құрамын айқындайды, халық санағын жүргiзедi, халықтың өмiр сүру деңгейiн арнайы зерттеу мен сұрастыруды ұйымдастырады;
      статистикалық есеп берулердiң нысандарын әзiрлейдi және бекiтедi, оларды ұсынудың мерзiмдерi мен тәртiбiн белгiлейдi;
      қолданылып жүрген шарттар бойынша мiндеттемелерге сәйкес халықаралық ұйымдарға статистикалық ақпарат бередi, сондай-ақ шет елдермен статистикалық ақпараттар алмасуды жүргiзедi;
      белгiленген тәртiппен статистикалық жинақтарды, бюллетеньдердi, экономикалық шолуларды және басқа да статистикалық материалдарды басып шығарады және таратады;
      қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мемлекеттiк статистика органдары қызметкерлерiнiң дербес жауапкершiлігi негiзiнде мемлекеттiк және коммерциялық құпияларды, бастапқы статистикалық ақпараттың құпиялылығын сақтауды қамтамасыз етедi;
      статистикалық ақпарат жүйесiн дамытудың және оның жұмыс iстеуiнiң, оның республиканың және халықаралық ұйымдардың басқа да ақпарат жүйелерiмен өзара iс-қимылының аса маңызды проблемалары бойынша ғылыми-зерттеу және жобалау жұмыстарын ұйымдастырады;
      есеп пен статистика қызметкерлерiн даярлауды, қайта даярлауды және олардың кәсiптiк бiлiктiлiктерiн арттыруды ұйымдастырады;
      өзiне Қазақстан Республикасының заңдарымен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

                        V. КОМИТЕТТIҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ

      10. Комитеттiң өзiне жүктелген тапсырмаларды жүзеге асыруы және мiндеттердi орындауы кезiнде:
      Комитет белгiлеген мерзiмдерде мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан ақпарат сұратуға және алуға;
      заңдарда белгiленген жағдайларда азаматтарда олардың экономикалық және әлеуметтiк-демографиялық жағдайы туралы, сондай-ақ кәсiпкерлiк қызметi туралы ақпарат сұратуға және алуға;
      мемлекеттiк статистикалық байқаулар жүргiзу үшiн мемлекеттiк басқарудың басқа да органдарының мамандарын, сондай-ақ шетелдiк және жергiлiктi сарапшылар мен мамандарды жұмысқа тартуға;
      өз құзыретiнiң шегiнде шет елдердiң тиiстi ведомстволарымен, халықаралық ұйымдарымен және шетелдiк заңды тұлғалармен мемлекеттiк статистиканың мiндеттерiне байланысты халықаралық шарттар жасасуға, келiссөздер жүргiзуге және келiсiмдерге қол қоюға;
      өз құзыретiнiң шегiнде мемлекеттiк статистика мәселелерi жөнiнде атқару үшiн мiндеттi нұсқаулар беруге және нормативтiк құқықтық актiлер шығаруға;
      қажет болған кезде бастапқы және жиынтық статистикалық деректердiң дұрыстығын тексеруге, олардың бұрмаланғаны анықталған жағдайда заңды тұлғаларға оларды жою туралы нұсқау беруге;
      шарттық негiзде салалық тақырып бойынша статистикалық және өзге де жұмыстарды жүргiзуге, сондай-ақ белгiленген тәртiппен заңды және жеке тұлғаларға статистикалық ақпаратты сатуды жүзеге асыруға;
      орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, сондай-ақ ұйымдардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк статистика саласындағы заңдарын орындауына бақылауды жүзеге асыруға;
      заңдарда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк статистика мәселелерi жөнiндегi әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы iстердi қарауға;
      заңдарда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты меншiк иесi мен мемлекеттiк басқару органының функциясын орындаушы уәкiлеттi орган болуға, олардың жарғыларын бекiтуге;
      өзiнiң өкiлеттiктерi мен функцияларының бiр бөлiгiн ведомстволық бағыныстағы ұйымдарға беруге құқығы бар.

                     VI. КОМИТЕТ ПЕН ОНЫҢ ЛАУАЗЫМДЫ
                      ТҰЛҒАЛАРЫНЫҢ ЖАУАПКЕРШIЛIГI

      11. Комитет заңды тұлға ретiнде Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарының нормаларына сәйкес өзiне жүктелген мiндеттердiң уақытылығы және сапалы орындалуы үшiн жауапкершiлiкте болады.
      Комитеттiң Төрағасы Комитеттiң өзiне жүктелген мiндеттердi орындауы және өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн дербес жауапкершiлiкте болады.
      Комитеттiң құрамына кiретiн аумақтық органдар мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың өздерiне жүктелген мiндеттердi орындауы және олардың өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн олардың басшылары дербес жауапкершiлiкте болады.

                  VII. КОМИТЕТТIҢ ҚЫЗМЕТIН ҰЙЫМДАСТЫРУ

      12. Комитеттi Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын Төраға басқарады. Комитет Төрағасының оның ұсынуымен Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгiнiң төрағасы қызметке тағайындайтын және қызметiнен босататын орынбасарлары, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары болады.
      Комитеттiң Төрағасы Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және басқарады, оның жүйесiне кiретiн аумақтық органдар мен ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметiне бақылауды жүзеге асырады.
      13. Комитеттiң Төрағасы:
      өзiнiң орынбасарларының, Комитеттiң бөлiмшелерi басшыларының және Комитеттiң басқа да жауапты қызметкерлерiнiң өкiлеттiктерi мен мiндеттерiн белгiлейдi;
      Комитеттiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      қолданылып жүрген заңдарға сәйкес барлық органдар мен ұйымдарда Комитеттi бiлдiредi;
      Комитеттiң бөлiмшелерi мен аумақтық органдарының құрылымын және олар туралы ережелердi бекiтедi;
      өз құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер жөнiнде шешiмдер қабылдайды.
      14. Комитет өз құзыретiндегi мәселелер бойынша орталық және жергiлiктi атқарушы органдар үшiн мiндеттi шешiмдер қабылдайды.
      Комитет қабылдаған шешiмдер Комитет Төрағасының бұйрықтарымен ресiмделедi.
      15. Комитет Төрағасының бiрiншi орынбасары Төраға болмаған уақытта оның орнында қалады.
      16. Комитеттiң жүйесiне оның орталық аппараты, аумақтық органдары кiредi. "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi Статистика және талдау жөнiндегi комитетiнiң Ақпараттық - есептеу орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны мен Стратегиялық зерттеу және кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру институты оған ведомстволық бағыныстағы ұйымдар болып табылады.
      Комитеттiң аумақтық органдары заңды тұлғалар болып табылады.

Комитеттiң қызметiн қамтамасыз ететiн аумақтық органдар мен ұйымдардың
тiзбесiн Үкiмет белгiлейдi.
     17. Комитеттiң аумақтық органын тиiстi облыстың немесе Алматы
қаласы әкiмiнiң келiсiмi бойынша Комитеттiң Төрағасы қызметке
тағайындайтын және қызметiнен босататын басшы басқарады.
     18. Комитеттiң аумақтық органының басшысы аумақтық органның
жұмысына басшылықты ұйымдастырады және жүзеге асырады.

                                        Қазақстан Республикасы
                                              Үкiметiнiң
                                     1997 жылғы 18 желтоқсандағы
                                          N 1776 қаулысымен
                                              бекiтiлген

           Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау
            және реформалар жөнiндегi агенттiгi Статистика
                  және талдау жөнiндегi комитетiнiң

                               ҚҰРЫЛЫМЫ

     Басшылық

     Статистикалық әдiстер, жiктеулер және стандарттар басқармасы

     Болжамдар, талдау және жарияланымдар басқармасы

     Ұлттық есептер басқармасы

     Сыртқы экономикалық қызмет статистикасы басқармасы

     Бағалар және үй шаруашылығы статистикасы басқармасы

     Әлеуметтiк статистика, халық және еңбек басқармасы

     Қызмет көрсету, iшкi сауда, көлiк және байланыс басқармасы

     Ауыл, орман және балық шаруашылығының статистикасы басқармасы

     Өнеркәсiп статистикасы басқармасы

     Құрылыс және инвестициялар статистикасы басқармасы

     Халықаралық статистикалық ынтымақтастық бөлiмi

     Кадр және арнаулы жұмыс бөлiмi

     Статистикалық жұмыстарды қаржыландыру бөлiмi

     Бухгалтерлiк есеп жүргiзу және есеп беру бөлiмi

     Құжат айналымы бөлiмi



                                        Қазақстан Республикасы
                                              Үкiметiнiң
                                     1997 жылғы 18 желтоқсандағы
                                          N 1776 қаулысымен
                                              бекiтiлген

           Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау
         және реформалар жөнiндегi агенттiгi Статистика және
              талдау жөнiндегi комитетiнiң қарамағындағы
                   аумақтық органдар мен ұйымдардың

                               ТIЗБЕСI

     Облыстық статистика басқармалары мен Алматы қалалық статистика
басқармасы



      "Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi Статистика және талдау жөнiндегi комитетiнiң Ақпараттық-есептеу орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны

      Статистикалық зерттеулер және кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру институты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады