Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлiгiнiң Қоршаған ортаны қорғау комитетi туралы ереженi бекiту туралы<*>

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 18 желтоқсан N 1784. Атауы және мәтiнiнде сөздер алмастырылды - ҚРҮ-нiң 1998.07.22. N 680 қаулысымен. ~P980680 Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1999.03.31. N 347 қаулысымен. ~P990347

      "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк басқарудың пәрмендiлiгiн одан әрi арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655 U973655_ Жарлығына және "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655 Жарлығын жүзеге асыру мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1551 P971551_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қоса берiлiп отырған:
      Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар

министрлiгiнiң Қоршаған ортаны қорғау комитетi туралы ереже;
<*>

     Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар
министрлiгi Қоршаған ортаны қорғау комитетiнiң құрылымы;
<*>

     Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар
министрлiгi Қоршаған ортаны қорғау комитетiнiң қарауындағы мекемелер
мен ұйымдардың тiзбесi бекiтiлсiн.
<*>


     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                    1997 жылғы 18 желтоқсандағы
                                         N 1784 қаулысымен
                                            бекiтiлген

             Қазақстан Республикасы Экология және табиғи
          ресурстар министрлiгiнiң Қоршаған ортаны қорғау
            комитетi (Экология және табиғи ресурсминiнiң
             Қоршаған ортаны қорғау комитетi) туралы
<*>


     ЕСКЕРТУ. Атауы және мәтiнiнде сөздер алмастырылды - ҚРҮ-нiң
              1998.07.22. N 680 қаулысымен.  

P980680_

 

                                ЕРЕЖЕ

                               МИССИЯСЫ

     Экологиялық қолайлы тiршiлiк ету ортасын құру.

                          I. Жалпы ережелер



      1. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлiгiнiң Қоршаған ортаны қорғау комитетi /бұдан әрi - Комитет/ қоршаған ортаны қорғау, зерделеу, оның мониторингi саласындағы мемлекеттiк басқару органы болып табылады. Комитет арнайы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ салааралық үйлестiру мен мемлекеттiк басқарудың iшкi саласына басшылықта дербес жүзеге асырады. <*>
      2. Комитет өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Комитеттi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлiгiн ұстауға көзделген қаражат есебiнен жүзеге асырылады.
      4. Комитет заңды тұлға болып табылады, банктерде шоттары, фирмалық бланкiсi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өз атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi болады.

                            II. Мiндеттерi

      5. Комитеттiң өз қызметiнiң саласындағы негiзгi мiндеттерi

мыналар болып табылады:
     қоршаған ортаны тұрақты жақсартуды және табиғат ресурстарын
теңгерiмдi пайдалануды қамтамасыз ету;
     қоршаған орта мен табиғи ресурстарды қорғаудың мемлекеттiк
басқару жүйесiн оңтайландыру;
     барлық табиғат пайдаланушылардың, қоғамдық қорлардың, оның
iшiнде халықаралықтарының табиғат қорғау бағдарламаларын бара-бар
қаржыландыру жүйесiн құру;
     қоршаған ортаның жай-күйi мен мониторингiн бақылауды қамтамасыз
ету;
     экология және табиғи ресурстар саласында оқу-ағарту жүйесiн
өрiстету.

                          III. Функциялары

     6. Комитет өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
     республикалық табиғат қорғау қорының қаражатын пайдалану
жөнiндегi жұмыстардың тапсырысшысы болады;


      мемлекеттiк және аумақтық экологиялық бағдарламалар мен жоспарлардың әзiрлемесiн ұйымдастырады және олардың орындалу барысын бақылайды;
      барлық шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi талаптарды сақтауына бақылау жүргiзедi;
      қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттiк экологиялық сараптама жүргiзедi;
      экология және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласында оқу-ағарту жөнiндегi ақпараттық-талдамалық жұмысты ұйымдастырады.

                             IV. Құқықтары

      7. Комитеттiң:
      өз құзыретiнiң шегiнде барлық органдардың, ұйымдардың, лауазымды тұлғалар мен азаматтардың атқаруы үшiн мiндеттi шешiмдер қабылдауға;
      атқарушы органдардан, сондай-ақ меншiк нысанына қарамастан заңды және жеке тұлғалардан қоршаған орта, табиғи ресурстарды ұдайы өндiру мен пайдалану мәселелерi бойынша қажеттi ақпаратты сұратуға және алуға;
      экологиялық сараптама жасауға сарапшыларды тартуға;
      өз құзыретiнiң шегiнде табиғат қорғау талаптарын бұзушыларды жауапкершiлiкке тарту жөнiнде шаралар қолдануға, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға, табиғат қорғау заңдарында белгiленген талаптарды орындамайтын шаруашылық және өзге де қызметтi, объектiлердi пайдалануға берудi шектеуге, тоқтата тұруға және тоқтатуға;
      қоршаған ортаны тастаулармен, ағындылармен ластауға, қалдықтарды орналастыруға, сондай-ақ экологиялық аудиторлық қызметке рұқсаттар беруге және олардың күшiн жоюға;
      мемлекеттiк меншiктегi мүлiктi белгiленген тәртiппен өзiне берiлген өкiлеттiктерге сәйкес иеленудi, пайдалану мен басқаруды жүзеге асыруға;
      Қазақстан Республикасының және басқа елдердiң ұйымдарымен өз

құзыретiнiң шегiнде келiссөздер жүргiзуге және келiсiмдер жасауға;
     ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметiне жалпы басшылықты
жүзеге асыруға;
     табиғат қорғау заңдарында көзделген өзге де өкiлеттiктердi
белгiленген тәртiппен жүзеге асыруға құқығы бар.

                            V. Мiндеттерi

     8. Елдегi экологиялық жағдайда нашарлататын кез келген қызмет
пен iс-әрекетке жол бермеу.
     9. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы
заңдарын бұзушыларға тиiстi ықпал ету шараларын қолдану.
     10. Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңдарының
сақталуын қамтамасыз ету.
     11. Қоршаған ортаның жай-күйiн объективтi бағалауды және 
Министрлiк басшылығын хабарландыруды қамтамасыз ету.
     12. Экологиялық жағдайда сақтау мен жақсарту және табиғат
ресурстарын ұтымды пайдалану саясатын болжау.
     13. Елдiң экологиясын сауықтыруға халықаралық экологиялық
ұйымдардың қаражатын тарту.
     14. Экология және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану саласында
халыққа тиiмдi насихат және оқу-ағартуды жүзеге асыру.

                         VI. Жауапкершiлiгi

     15. Қазақстан Республикасы бойынша қоршаған ортаның жай-күйi
туралы ақпараттың, гидрометеорологиялық деректердiң ақиқаттығы үшiн.
     16. Республикалық табиғат қорғау қоры қаражатының ұтымды
пайдаланылуы үшiн.
     17. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы объективтi сараптама үшiн.

                   VII. Қызметiнiң ұйымдастырылуы

     18. Комитеттi Экология және табиғи ресурстар министрiнiң ұсынуы
бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және
қызметтен босататын Төраға басқарады.
     19. Комитет ведомстволық бағыныстағы органдарға, мекемелер мен
ұйымдарға басшылықты жүзеге асырады.
     20. Комитеттiң штат кестесiн, сондай-ақ лауазымдарды иелену
тәртiбiн Министр бекiтедi.


      21. Комитет төрағасы Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен өзiнiң функцияларының жүзеге асырылуы үшiн дербес жауапкершiлiкте болады.
      22. Төраға Комитеттiң қызметiн өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес ұйымдастырады:
      Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерi мен жауапкершiлiк дәрежесiн белгiлейдi;
      барлық мемлекеттiк органдарда Комитеттiң мүддесiн бiлдiредi,

шарттар жасайды, банктерде есеп айырысу шоттарын және басқа да шоттар
ашады;
     Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi мен оның аумақтық органдары
туралы ережелердi бекiтедi;
     өз құзыретiнiң шегiнде бұйрықтар шығарады;
     бекiтiлген сметаның шегiнде үстемақыларды, қосымша ақыларды,
сыйақылар мен ынталандыру сипатындағы басқа да төлемдердi дербес
белгiлейдi;
     Комитет қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен
босатады;
     өзiнiң құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша
шешiмдер қабылдайды.
     23. Комитеттi қайта ұйымдастыру мен тарату заңда белгiленген
тәртiппен жүргiзiледi.

                                        Қазақстан Республикасы
                                              Үкiметiнiң
                                      1997 жылғы 18 желтоқсандағы
                                          N 1784 қаулысымен
                                              бекiтiлген

           Қазақстан Республикасының Экология және табиғи
            ресурстар министрлiгi Қоршаған ортаны қорғау
                           комитетiнiң
<*>


                              ҚҰРЫЛЫМЫ

     Басшылық
     Экологиялық мониторинг басқармасы
     Мемлекеттiк Экологиялық сараптау басқармасы
     Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттiк бақылау
басқармасы
<*>

     ЕСКЕРТУ. Атауы және мәтiнiнде сөздер алмастырылды - ҚРҮ-нiң
              1998.07.22. N 680 қаулысымен.  

P980680_

 


                                        Қазақстан Республикасы
                                              Үкiметiнiң
                                      1997 жылғы 18 желтоқсандағы
                                          N 1784 қаулысымен
                                              бекiтiлген

           Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау және
            табиғи ресурстар министрлiгi Қоршаған ортаны қорғау
             комитетiнiң қарауындағы мекемелер мен ұйымдардың
<*>


                               ТIЗБЕСI

     Облыстық қоршаған ортаны қорғау басқармалары
     Қалалық қоршаған ортаны қорғау басқармалары
     Орталық зертхана

     ЕСКЕРТУ. Тiзбе өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.07.22. N 680 қаулысымен.
               

P980680_

 
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады