Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасы Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң атынан Қазақстан Республикасы мен "Казвит Холдингс ЛТД" арасындағы Акциялар сатып алу туралы шартқа (1996 жылғы шiлде) өзгерiстер енгiзу туралы келiсiм бекiтiлсiн.
2. Осы қаулының атқарылуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментiне жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi