Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 3 наурыздағы N 291а қаулысына толықтыру енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 30 желтоқсан N 1865

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Сарытас" акционерлiк қоғамының объектiлерiн консервациялау жөнiндегi кезек күттiрмейтiн шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 3 наурыздағы N 291а P97291a_ қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      1-тармақ "бiрлесiп" деген сөзден кейiн "консервацияланған жабдықты сату құқығын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiне бере отырып, күйдiру машиналарындағы оттықтарды және ауыстыруды қажет ететiн басқа да жабдықтарды қоспағанда" деген сөздермен толықтырылсын.
 

     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады