"Сарытас" акционерлiк қоғамының объектiлерiн консервациялау жөнiндегi кезек күттiрмейтiн шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 3 наурыздағы N 291а

      "Сарытас" акционерлiк қоғамындағы бiрегей қазiргi заманғы жабдықтарды рентабельдi өнiмдер шығаруға арнап сақтау мен қайта бейiндеу мақсатында және "Жамбыл облысының фосфор саласы iшiндегi кәсiпорындарды дағдарыстан шығару жөнiндегi шаралар" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 ақпандағы N 195 қаулысымен құрылған Үкiмет комиссиясының 1996 жылғы 18 қарашадағы "Сарытас" акционерлiк қоғамының объектiлерiн уақытша консервациялау туралы хаттамалық шешiмiне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Өнеркәсiп және сауда министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiмен бiрлесiп консервацияланған жабдықты сату құқығын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiне бере отырып, күйдiру машиналарындағы оттықтарды және ауыстыруды қажет ететiн басқа да жабдықтарды қоспағанда "Сарытас" акционерлiк қоғамының объектiлерiн кейiн қайта бейiмдейтiн консервациялауды қамтамасыз ететiн шараларды қолдансын. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.12.30. N 1865
               қаулысымен P971865_ .
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Медетшi банкi:
      консервациялау жоспары бекiтiлген соң, "Сарытас" акционерлiк қоғамының объектiлерiн консервациялау жөнiндегi жұмысты орындау үшiн кәсiпорындарды сауықтыруға арналған қаражаттан қайтарымды негiзде несие ресурсын бөлсiн;
      Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгiмен бiрлесiп "Сарытас" акционерлiк қоғамына консервациялау жоспарына сәйкес берiлген несие ресурсын, оның қайтару сызбасын әзiрлесiн.
      3. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi,

мемлекеттiк Медетшi банкi мүдделi министрлiктермен бiрлесiп
консервациялау кезiнде қолда бар өндiрiстiк қуаттардың базасында
рентабелдi өнiм түрлерiн шығару үшiн "Сарытас" акционерлiк қоғамын
қайта бейiндеу процесiн жеделдетсiн.
     4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан
Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрi Х.А.Оспановқа
жүктелсiн.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады