1. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiне бюджеттiк ұйымдар қызметкерлерiнiң еңбекақыларын толық және уақытында төлеуiн, сондай-ақ шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң мемлекеттiк мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру қорларына сақтандыру жарналарын төлеудi қамтамасыз етуде жеке жауапкершiлiк жүктелсiн.
2. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiне:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетiмен бiрлесе отырып, ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерден алынған 1996 жылғы егiннiң астығын, олардың бюджетке салық және басқа да мiндеттемелерi бойынша борыштарын төлеу есебiне сатуды дереу жүзеге асыру;
облыстардың және Алматы қаласының бюджеттерiн бекiту кезiнде мәслихаттарға еңбекақыны төлеуге және мемлекеттiк мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру қорларына жарналар төлеуге арналған секвестрленбейтiн шығыстарға жатқызу туралы ұсыныстар енгiзу;
1997 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жергiлiктi бюджеттердiң есептерiнде пайда болған басы артық қаражатты бюджеттiк сала қызметкерлерiнiң еңбекақылары бойынша берешектi өтеуге жұмсау;
1997 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жергiлiктi бюджеттердiң еңбекақы және мемлекеттiк мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру қорларына төленетiн жарналар бойынша пайда болған берешектi қосымшаға сәйкес өтеу ұсынылсын.
3. Облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi үстiмiздегi жылдың бiрiншi тоқсанының аяғына дейiн бюджеттiк сала ұйымдарының жүйелерiн оңтайландыру және штаттарын ретке келтiрудi аяқтасын. Жүргiзiлген жұмыстар туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiн 1997 жылдың 5 сәуiрiне дейiн хабардар етсiн.
4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi 1997 жылға арналған республикалық бюджеттiң шығыстары мен кiрiстерiнiң жазбасына сәйкес ресми трансферттердi, оның iшiнде көрсетiлген қарыз түрлерiн өтеу үшiн, жергiлiктi бюджеттерге толық көлемде, уақытында аударылуын қамтамасыз етсiн.
5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жанындағы Қаржы-валюта бақылау комитетi:
еңбек ақыға арналған, сондай-ақ мемлекеттiк мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру қорларына төленетiн жарналарды төлеуге бюджеттiк ұйымдарға бөлiнген қаражаттардың мақсатты пайдалануына бақылауды күшейтсiн;
үстiмiздегi жылдың бiрiншi тоқсанында облыстарда жергiлiктi бюджеттер есебiнен қаржыландырылатын ұйымдардың және шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң өзара қарыздарына жүргiзiлген есептердiң дұрыстығына тексерiс жүргiзiлсiн. Нәтижелерi туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне 1997 жылғы 5 сәуiрге дейiн мәлiмдесiн.
6. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғау министрлiгi облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiмен бiрлесе отырып 1997 жылдың 10 ақпанына дейiн зейнетақы төлеу жөнiндегi қарыздарды өтеу кестесiн жасап, бекiтсiн. 7. Республикалық Бюджеттiк банк бiрiншi кезектегi тәртiппен еңбекақыға байланысты қарыздарды өтеуге байланысты шығыстарды қаржыландыруды қамтамасыз етсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 10 ақпандағы N 186а қаулысына қосымша 1997 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша пайда болған еңбекақы және мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына жарналар жөнiндегi берешектi өтеу кестесi (мың теңге) __________________________________________________________________ Облыстар |1997 жылғы 1 қаңтардағы жағдай |бойынша пайда болған еңбекақы |және мемлекеттiк әлеуметтiк |сақтандыру қорына жарналар |жөнiндегi берешек __________________________________________________________________ 1 | 2 __________________________________________________________________ Ақмола | 357935 Ақтөбе | 50000 Алматы | 435471 Шығыс Қазақстан | 354310 Жезқазған | 219986 Жамбыл | 1549216 Батыс Қазақстан | 584935 Қарағанды | 1929406 Қызылорда | 193852 Көкшетау | 903644 Қостанай | 2017218 Маңғыстау | 78518 Павлодар | 1240245 Солтүстiк Қазақстан | 726778 Семей | 607884 Талдықорған | 582730 Торғай | 413056 Оңтүстiк Қазақстан | 967468 ______________________________________________________________ Жиыны | 13212652 ____________________________________________________________________ ақпан | наурыз | сәуiр | мамыр | маусым ____________________________________________________________________ 3 | 4 | 5 | 6 | 7 ____________________________________________________________________ 119311 119313 119311 50000 100000 200000 135471 118103 118104 118103 54996 54996 54996 54998 250000 350000 350000 350000 249216 120000 125000 120000 120000 99935 385881 385881 385881 385882 385881 130000 63852 180000 180000 180000 180000 183644 403444 403444 403444 403444 403442 40000 38518 310061 310061 310062 310061 145000 148000 150000 150000 133778 210000 197000 100000 100884 150000 172730 160000 100000 100000 100000 90000 90000 33056 150000 250000 250000 217468 100000 ___________________________________________________________________ 3016796 3216899 2927268 2462737 1588952 ___________________________________________________________________