Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 17 наурыздағы N 201 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 31 желтоқсан N 1878. Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 12 тамыздағы N 846 қаулысымен ~P040846

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. "Жұмысшылар мен қызметшiлерге еңбек мiндетiн атқаруына байланысты мертiгiп қалған жағдайда немесе денсаулығына басқаша зақым келгенде олардың шеккен зиянын меншiктiң барлық нысанындағы кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың өтеуi жөнiндегi Ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 17 наурыздағы N 201  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 8, 97-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      атауы мен мәтiнiндегi "кәсiпорындардың, мекемелердiң" деген сөздер алынып тасталсын; 
      2-тармақ "Еңбек" деген сөзден кейiн "және халықты әлеуметтiк қорғау" деген сөздермен толықтырылсын; 
      аталған қаулымен бекiтiлген Жұмысшылар мен қызметшiлерге еңбек мiндетiн атқаруына байланысты мертiгiп қалған жағдайда немесе денсаулығына басқаша зақым келгенде олардың шеккен зиянын меншiктiң барлық нысанындағы кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың өтеуi жөнiндегi Ережеде: 
      атауындағы "кәсiпорындардың, мекемелердiң" деген сөздер алынып тасталсын; 
      мәтiнiндегi "кәсiпорын, кәсiпорындар, кәсiпорынның, кәсiпорындарда" деген сөздер "ұйым, ұйымдар, ұйымның, ұйымдарда" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      1-тармақтағы "кәсiпорындар, мекемелер" деген сөздер алынып тасталсын; 
      4-тармақтың екiншi абзацындағы "Еңбек министрлiгiмен бiрге Денсаулық сақтау министрлiгi мен Халықты әлеуметтiк жағынан қорғау министрлiгi" деген сөздер "Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiмен бiрлесе отырып Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын; 
      "5. Зардап шеккен адамға айрылған жалақысына қатысты зиянын өтеудiң мөлшерi оның кәсiптiк еңбек қабілетiн жоғалту дәрежесiне байланысты болады және осы жоғалту дәрежесi бойынша орташа айлық жалақысына проценттiк қатынаста есептеледi. 
      Егер еңбекте мертiгуiне, кәсiптiк науқасына байланысты зардап шеккен адамға мүгедектiгi бойынша мемлекеттiк жәрдемақы тағайындалса, онда зиянды өтеу мөлшерi осы жәрдемақының сомасына төмендетiледi. 
      Айрылған жалақысына қатысты зиянды өтеу жөнiндегi сома зардап шеккен адамның алатын жалақысына, стипендиясына және өзге кiрiстерiне қарамастан төленедi"; 
      7-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi, үшiншi және төртiншi абзацтармен толықтырылсын: 
      "Зардап шеккен адамның кiнәлiлiк дәрежесiн осы жазатайым жағдайды тексеретiн комиссия Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 15 желтоқсандағы N 1414  қаулысымен  бекiтiлген Еңбекшiлердiң өндiрiсте денсаулығы зақымдануын және басқа жазатайым жағдайларды есепке алу мен зерттеп-тексеру жөнiндегi ережеде белгiленген тәртiппен белгiлейдi. 
      Комиссияның шешiмiн қайта қарау туралы өтiнiш болған кезде зардап шеккен адамның кiнәлiлiк дәрежесiн айқындау туралы мәселенi Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң Еңбектi қорғау және еңбек жағдайлары жөнiндегi мемлекеттiк инспекциясы не оның жергiлiктi жерлердегi бөлiмшелерi қарайды. 
      Еңбектегi мертiгуiне байланысты бiр жолғы жәрдемақыны төлеу және қосымша шығыстарды өтеу кезiнде зардап шеккен адамның кiнәлiлiк дәрежесi есепке алынбайды"; 
      12-тармақтағы "Еңбек министрлiгi" деген сөздер "Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi" деген сөздермен ауыстырылсын; 
      13-тармақта: 
      үшiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Арнайы медициналық және тұрмыстық күтiмге мұқтаж зардап шеккен адамға, шығыстары күтiм көрсетудiң әрбiр түрi бойынша, бұл күтiмдi кiмнiң жүзеге асыратынына қарамастан кемiнде бiр айлық есептi көрсеткiш тұрғысындағы есеп бойынша өтеледi"; 
      төртiншi абзац алынып тасталсын; 
      22, 23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын: 
      "22. Әртүрлi жұмыс берушiлерде (екi және одан көп) жұмыс iстеген кезде душар болған кәсiптiк науқасынан еңбек қабiлетiнен тұрақты айрылғаны анықталғанда және оны МӘСК жиынтықтап белгiлегенде зиянды өтеу үлестiк принцип бойынша, осы жұмыс берушiлерде жұмыс iстеген уақытына бара-бар жүргiзiледi. 
      Еңбек қабiлетiнен тұрақты айрылғаны анықталған кезде жұмыс берушiлердiң бiрi таратылған жағдайда зиянды өтеу қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүргiзiледi. 
      23. Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерге (ТМД мемлекеттерi) тұрғылықты тұруға кететiн адамдарға зиянды өтеудiң тәртiбi Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 25 мамырдағы N 2303  Жарлығымен  бекiтiлген Қызметкерлерге еңбек мiндеттерiн атқаруына байланысты мертiгуiмен, кәсiптiк науқасымен не денсаулығын басқадай зақымдауымен келтiрiлген зиянды өтеуге деген құқықтарды өзара тану туралы келiсiмге сәйкес реттеледi. 
      24. Осы Ереженiң шарттарына сәйкес зиянды өтеу жөнiндегi белгiленген сомалардың мөлшерiн қайта қарау мынадай жағдайларда: 
      еңбекақы мөлшерi өзгерген кезде; 
      қайтыс болған адамның отбасы мүшелерiнiң құрамы өзгерген кезде; 
      зардап шеккен адамның кәсiптiк еңбек қабiлетiнен айрылу дәрежесi өзгерген кезде жүзеге асырылады. 
      Зиянды өтеу мөлшерiн қайта қарау бұрын бұл мөлшер белгiленген орташа айлық жалақыны, оны зиянды өтеудi қайта есептеу алдындағы дәл сол немесе соған ұқсас жұмыс орнындағы сәйкес бiлiктiлiгi бар жұмыскердiң еңбекақы төлеудiң қалыптасқан деңгейiне бара-бар жағдайға келтiрудiң негiзiнде, қайта есептеу жолымен жүзеге асырылады. Ұйымда бұл жұмыс орындарына төленетiн жалақының деңгейi әртүрлi болғанда есепке олардың ұйымдағы орташа айлық жалақысы алынады, ал жұмыс орны болмаған жағдайда саладағы ұқсас кәсiптiң және бiлiктiлiктiң орташа айлық жалақысы алынады"; 
      мынадай мазмұндағы VI бөлiммен және 27, 28-тармақтармен толықтырылсын: 
      "VI. Ұйым қайта ұйымдастырылған, таратылған (банкрот болған) жағдайда зиянды өтеу 
      27. Заңды тұлға таратылған (банкрот болған), қайта ұйымдастырылған (бiрiккен, қосылған, бөлiнген, бөлiнiп шыққан, қайта құрылған) кезде зиянды өтеудiң тәртiбi қолданылып жүрген заңдарға сәйкес белгiленедi. 
      Азаматтардың өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiрiлгенiне байланысты талаптары заңды тұлғаны тарату (борышкердi банкрот деп тану) туралы шешiм қабылданған күнi есептелген немесе төленген тиiстi уақыттық төлемдердi капиталдандыру жолымен қанағаттандырылады. Зиянды өтеуге арналған қаражат капиталдандыруға жатады. 
      Егер таратылған (банкрот деп танылған) ұйымның құқықтары мен мiндеттерi құқықтық мұрагерге немесе жаңадан пайда болған заңды тұлғаға көшпейтiн болса, онда тарату комиссиясы (конкурстық басқарушы) зиянды өтеу үшiн төленуге тиiстi капиталдандырылған уақыттық төлемдердiң сомаларын зардап шеккендерге немесе асыраушысының қайтыс болуына байланысты зиянды өтеп алуға құқығы бар адамдарға олардың банктегi дербес шоттарына аударады.
      28. Осы Ереженiң қағидалары Чернобыль АЭС-ындағы аварияны жоюға қатысқандарға қолданылмайды".

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады