Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласын дамыту жөнiндегi қосымша шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 9 сәуiрдегi N 525. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 27 шілдедегі N 781 қаулысымен

      Ел экономикасын өркендетудi жеделдетуге қажеттi қазiргi заманғы инфрақұрылым құру және импорттық электр энергиясының орнын ауыстыру үшiн өзiмiздiң энергия өндiрушi қуаттарымызды дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк пен активтердi басқару департаментiмен бiрлесiп "КЕГОК" акционерлiк компаниясы активтерiнiң концессиясы туралы шартты жасау кезiнде келiсiм-шарттағы концессионердiң мiндеттемесiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң келiсiмiмен электр энергетикасының жаңа объектiлерiн салып жатқан қазақстандық өндiрушiлерден электр энергиясын, рынок конъюнктурасын ескере отырып, басым тәртiппен сатып алуын көздесiн. 
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Жекешелендiру жөнiндегi департаментi аймақтық энергетикалық компанияларды жекешелендiру кезiнде келiсiм-шарттарда жаңа қожайындардың мiндеттемелерiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң келiсiмiмен электр энергетикасының жаңа объектiлерiн салып жатқан қазақстандық өндiрушiлерден электр энергиясын, рынок конъюнктурасын ескере отырып, басым тәртiппен сатып алуын көздесiн. 
      3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Д.Т.Дүйсеновке жүктелсiн. 

      Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады