1. Мына аудандардың:
1) таратылып отырған Арықбалық ауданының аумағы енгiзiлiп, Айыртау ауданының;
2) таратылып отырған Уәлиханов ауданының Уалиханов және Еңбекшiлдер селолық округтерiнiң аумақтары енгiзiлiп, Еңбекшiлдер ауданының;
3) таратылып отырған Көкшетау ауданының аумағы енгiзiлiп, Зерендi ауданының;
4) таратылып отырған Уәлиханов ауданының Қарасу және Қайрат
селолық округтерiнiң аумақтары енгiзiлiп, Уәлиханов ауданының; 5) шегiне таратылып отырған Көкшетау ауданындағы Красный Яр селосының аумағы енгiзiлiп, Көкшетау қаласының; 6) таратылып отырған Келлер және Чкалов аудандарының аумақтары енгiзiлiп, Тайынша ауданының; 7) таратылып отырған Чистополь және Рузаев аудандарының аумақтары енгiзiлiп, Целинный ауданының; 8) таратылып отырған Ленинград ауданының аумағы енгiзiлiп, Ақжар ауданының шекаралары өзгертiлсiн. 2. Көкшетау облысының әкiмiне заңдарда белгiленген тәртiппен: 1) Целинный ауданындағы Куйбышев поселкесiн Новоишим поселкесi; 2) Уалиханов ауданындағы Қызылту поселкесiн Кiшкенекөл поселкесi; 3) Айыртау ауданындағы Володар селосын Саумалкөл селосы деп қайта атау мәселесiн шешу тапсырылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi