Ақмола қаласының мемлекеттiк органдары туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 28 қаңтар N 45. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.07.21. N 985 қаулысымен. ~P010985

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Жергiлiктi бюджеттен ұсталатын есептi штаттық саны 402 адам Ақмола қаласының мемлекеттiк органдары үшiн 58 млн. теңге сомасында 1998 жылға арналған еңбекақы төлеу қоры, саны 29 бiрлiк қызметтiк жеңiл автомобильдердiң лимитi, сондай-ақ 1,5 млн. теңге сомасында елдiң шегiндегi қызметтiк iс сапарларға арналған шығыстардың лимитi белгiленсiн.

     2.
<*>

     ЕСКЕРТУ. 2-тармақ алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2001.04.27. N 567     
              қаулысымен.  

P010567_

  
     3. "Облыстар мен Алматы қаласы әкiмдерi аппаратының үлгiлiк
құрылымы, олардың дербес атқарушы органдарының тiзбесi,
қызметкерлерiнiң жалпы санының лимиттерi, қызметтiк жеңiл
автомобильдердiң саны, еңбекақы қоры және қызметтiк iс сапарларға
арналған шығындар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996
жылғы 31 желтоқсандағы N 1742  

P961742_

  қаулысына мынадай өзгерiстер
енгiзiлсiн:
     аталған қаулының 3-қосымшасына:
     бiрiншi жол мынандай редакцияда жазылсын:
     "Ақмола        102  7  1003  78  1109  2214  9";
     "Жиыны" деген жол жаңа редакцияда жазылсын:
     "Жиыны    1353  98  16314  1081  16497  34164  779";
     аталған қаулының 4-қосымшасына:
     бiрiншi жол мынандай редакцияда жазылсын:
     "Ақмола                208230  10868  4583";
     "Жиыны" деген жол жаңа редакцияда жазылсын:
     "Жиыны               3370584  127639  76215";
     аталған қаулының 5-қосымшасына:
     "Барлығы" деген бiрiншi жол мына редакцияда жазылсын:
     "Барлығы                       3019  14201";
     "Ақмола" деген үшiншi жол жаңа редакцияда жазылсын:
     "Ақмола                       261  1  16".

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi


                                       Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                      1998 жылғы 28 қаңтардағы
                                           N 45 қаулысына
                                              қосымша

                     Ақмола арнайы экономикалық
             аймағы Әкiмшiлiк кеңесiнiң дербес атқарушы
                            органдарының

                           ҮЛГIЛIК ТIЗБЕСI

     Экономика басқармасы
     Бiлiм басқармасы
     Денсаулық сақтау басқармасы
     Мәдениет басқармасы
     Еңбек және әлеуметтiк қорғау басқармасы
     Туризм және спорт iстерi жөнiндегi комитет
     Көшi-қон және демография басқармасы
     Архив басқармасы
     Архитектура және қала құрылысы департаментi
     Тұрғын үй департаментi
     Шағын кәсiпкерлiктi қолдау жөнiндегi департамент
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады