Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 28 шілдедегі N 421 Жарлығын іске асыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27 сәуірдегі N 567 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Астана қаласының арнайы экономикалық аймағын тарату туралы" 2000 жылғы 28 шілдедегі N 421 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
      2. "Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 19 наурыздағы N 3872 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 15 мамырдағы N 440 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі

                                           Қазақстан Республикасы
                                               Үкіметінің
                                          2001 жылғы 27 сәуірдегі
                                             N 567 қаулысымен
                                                   бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің
кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.07.21. N 985 қаулысымен.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.07.2013 № 673 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. "Астана қаласына қоныс аударған мемлекеттік органдардың орталық аппараты қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз етудің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 22 желтоқсандағы N 1316 қаулысында:
     2-тармақтағы "Ақмола арнайы экономикалық аймағының Әкімшілік Кеңесі" деген сөздер алынып тасталсын.
     4. "Астана қаласының жергілікті атқарушы органдарының қарыз алуы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 23 қарашадағы N 1770 қаулысында:
     1-тармақтағы "- Астана қаласы арнайы экономикалық аймағы әкімшілік кеңесі төрағасының," деген сөздер алынып тасталсын;
     4-тармақтағы "- Астана қаласы арнайы экономикалық аймағы әкімшілік кеңесінің төрағасы" деген сөздер алынып тасталсын.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады