Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 қарашадағы N 1640 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 2 наурыздағы N 161

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 қарашадағы N 1640 P971640_ қаулысына мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      үшiншi тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне төрт вице-министр, оның iшiнде бiр бiрiншi, сондай-ақ он жетi адамнан тұратын алқа ұстауына рұқсат етiлсiн.";
      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 21 қарашадағы N 1640 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi туралы ережеде:
      49-тармақтың алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Штат кестесi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген қызметкерлер саны мен еңбекақы төлеу қоры шегiнде бекiтiледi".
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады