Ауыл тауар өндірушілеріне 1998 жылы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуі үшін мұнай өнімдерін беруді қамтамасыз ету мен ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, облыстар мен аудандардың әкімдері ауыл шаруашылығы ұйымдарына:
үстіміздегі жылдың 20 наурызына дейін (материалдық-техникалық ресурстарды берушілердің қатысуымен) ауыл шаруашылығы өнімін өндіру жөніндегі консорциумдарды белгіленген тәртіппен құруды және олардың қалыпты қызметін қамтамасыз етуді;
ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар материалдар үшін ақы төлеу үшін "Ауыл шаруашылығы жобаларын қоса қаржыландыруды жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 22 желтоқсандағы N 1818 P971818_ қаулысына сәйкес ауыл шаруашылығы жобаларын қоса қаржыландыру бағдарламасы бойынша несие ресурстарын тартуды ұсынсын.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, облыстардың әкімдері ұсынған көктемдегі егіс жұмыстарын жүргізу үшін жанар-жағар материалдарға деген қажеттіліктің 1-қосымшаға сәйкес ең аз көлеміне келісім берілсін.
3. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің, "Қазақойл" ҰМК-ның облыстардың, мұнай өндіретін және мұнай өңдейтін ұйымдар басшыларының облыстарға мұнай компанияларының жанар-жағар материалдарды форвардтық-фьючерлік келісім-шарттар бойынша көктемгі егіс жұмыстарына беру бойынша 2-қосымшаға сәйкес қызмет көрсетуі жөніндегі ұсынысы мақұлдансын.
4. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, "Қазақойл" ұлттық мұнай компаниясы" акционерлік қоғамы, облыс әкімдері мұнай өнімдерін беруші және көтерме бағамен сатып алушы ұйымдар басшыларының қатысуымен:
көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін мұнай өнімдерін беру жөнінде өзара қолайлы шешімдер қабылдасын, келісілген кесте бойынша мұнай өнімдерін беруге форвардтық-фьючерлік келісім-шарттарды қоса алғанда, келісім-шарттар жасай отырып 1998 жылдың 10 наурызына дейін мұнай өнімдерін беру кестесін құратын болсын;
мұнай өнімдерінің көлемін белгілесін және облыстардың мұнай терминалдарына олардың мүлкінің аманатына консигнация шартымен мұнай өнімдерін беруді қамтамасыз етсін.
5. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі:
көктемгі егіс жұмыстары үшін қажеттілікті 2-қосымшаға сәйкес және келісілген кестелер бойынша мұнай өнімін беруді толық қамтамасыз ету үшін мұнай өңдеу зауыттарының мұнай өнімдерінің алуан-түрлілікте жеткілікті көлемде өндіру балансын қамтамасыз етсін;
ауыл шаруашылығы мұқтажы үшін мұнай өнімдерін беруді ынталандыру мақсатында берілген жанар-жағар материалдардың көлеміне бара-бар көлемде мұнай өнімдерінің экспортына транзиттік квоталар бөлу мәселесін пысықтасын.
6. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі:
мұнай өнімдерін мұнай өңдейтін зауыттардан терминалдар мен мұнай базаларына дейін белгіленген кестеге сәйкес уақтылы жеткізілуін және вагон- цистерналар беруге өтінімдердің берілуіне қарай тиелуіне дейінгі 10 күннен кешіктірмей жеткізілуін қамтамасыз етсін;
ауыл шаруашылығы мұқтажына арналған мұнай өнімдерін тасымалдағаны үшін темір жол тарифтеріне ақы төлеудің мерзімін егін жинау жұмыстары аяқталғанға дейін ұзарту жөніндегі мәселені қарап, қолайлы шешім қабылдасын.
7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті:
көтерме бағамен сатып алушыларды қоса алғанда, мұнай өнімдерін берушілерге ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізу үшін фьючерлік және форвардтық келісім-шарттар бойынша берген жанар-жағар материалдардың көлемі үшін қосылған құнға салынатын салық, акциздер, заңды тұлғаларға салынатын табыс салығы бойынша төлем жасаудың мерзімі 1998 жылдың 15 желтоқсанына дейін заңдарда белгіленген тәртіппен ұзартсын;
бір апта мерзім ішінде мұнай мен жанар-жағар материалдар берушілермен осы материалдарды берудің көзделген көлемдеріне сәйкес мерзімі өткен төлемдерді өтеу кестелерін келіссін және аталған төлемдердің мерзімін ұзарту тетігін пысықтасын.
8. Облыстардың әкімдері, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі 1998 жылдың 1 қарашасына дейін мерзімде фьючерлік шарттар бойынша 1998 жылы көктемгі егіс жұмыстарына алынған мұнай өнімдері үшін борышты қайтаруды қамтамасыз етсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы
9 наурыздағы N 187
қаулысына 1-қосымша
1998 жылы көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін
жанар-жағар материалдарға деген
қажеттіліктің ең аз мөлшері
---------------------------------------------------------------------
Облыс ! Ең аз қажеттілік
! (мың тонна)
!---------------------------------
! бензин ! дизель отыны
---------------------------------------------------------------------
Ақмола 7.0 36.0
Алматы 3.3 11.0
Ақтөбе 6.5 20.0
Атырау 0.8 2.5
Шығыс Қазақстан 5.0 11.0
Жамбыл 3.4 12.0
Батыс Қазақстан 4.0 12.0
Қарағанды 1.0 8.5
Қостанай 10.0 77.2
Қызылорда 6.0 17.0
Маңғыстау 1.5 0.8
Павлодар 6.0 14.0
Солтүстік Қазақстан 15.0 50.0
Оңтүстік Қазақстан 0.5 11.0
Жиыны: 70.0 283.0
---------------------------------------------------------------------
ЕСКЕРТУ. 1-қосымша өзгерді - ҚРҮ-нің 1998.05.06. N 408 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы
9 наурыздағы N 187
қаулысына 2-қосымша
Мұнай өнімдерін берушілердің форвардтық-фьючерлік
келісім-шарттар бойынша 1998 жылы көктемгі егіс жұмыстарында
облыстарға қызмет көрсетуі
---------------------------------------------------------------------
Облыс ! Өнімін беруші !Өнім беру көлемі
! ! (мың тонна)
! !--------------------
! ! Бензин ! Дизель
! ! ! отыны
---------------------------------------------------------------------
Ақмола барлығы 7,0 36,0
оның ішінде: "Қазақойл"ҰМК" 7,0 26,0
ММГ - 10,0
Алматы, барлығы 3,3 11,0
оның ішінде: ШМОС 3,3 11,0
Ақтөбе, барлығы 6,5 20,0
оның ішінде: АМГ 6,5 20,0
Атырау, барлығы 0,8 2,5
оның ішінде: АМӨЗ 0,8 2,5
Шығыс барлығы 5,0 11,0
Қазақстан, оның ішінде: "ССL-ойл" 5,0 11,0
Жамбыл, барлығы 3,4 12,0
оның ішінде: ШМОС 3,4 10,0
"Харрикейн" - 2,0
Батыс барлығы 4,0 12,0
Қазақстан, оның ішінде: "ҚазақОйл"ҰМК" 4,0 12,0
Қарағанды, барлығы 1,0 8,5
оның ішінде: "ССL-ойл" 1,0 8,5
Қостанай, барлығы 10,0 77,2
оның ішінде: "Қазақойл"ҰМК" - 10,0
ММГ 10,0 30,0
"ССL-ойл" - 25,2
МТҰК "ҚазТрансОйл" - 12,0
Қызылорда, барлығы 6,0 17,0
оның ішінде: "Харрикейн" 6,0 17,0
Маңғыстау барлығы 1,5 0,8
оның ішінде: АМӨЗ 1,5 0,8
Павлодар, барлығы 6,0 14,0
оның ішінде: "ССL-ойл" 6,0 10,0
ММГ - 4,0
Солтүстік барлығы 15,0 50,0
Қазақстан, оның ішінде: "ССL-ойл" 15,0 40,0
ММГ - 10,0
Оңтүстік барлығы 0,5 11,0
Қазақстан, оның ішінде: ШМОС 0,5 11,0
БАРЛЫҒЫ: 70,0 283,0
---------------------------------------------------------------------
ЕСКЕРТУ. 2-қосымша өзгерді - ҚРҮ-нің 1998.05.06. N 408 қаулысымен.