Қазақстан Республикасы мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiнiң, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң, банктердiң және басқа да қаржы мекемелерiнiң және "Deutsche Morgan Grenfell & Co. Limited" компаниясының арасындағы 1997 жылғы 20 ақпандағы несиелiк келiсiм бойынша ұсынылған несиенiң бiр бөлiгiн өтеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 11 наурыздағы N 202

      Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкiнiң, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң, банктердiң және басқа да қаржы мекемелерiнiң және "Deutsche Morgan Grenfell & Со. Limited"

;компаниясының арасындағы несиелiк келiсiм бойынша мiндеттемелерiн орындау және дефолттар фактiлерiне жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жоғарыда аталған келiсiмге сәйкес "Deutsche Morgan Grenfell & Со. Limited" компаниясы

;шоттарының негiзiнде 1998 жылдың 20 наурызында 1998 жылға арналған республикалық бюджетте "Өтеу шегерiлген несиелендiру" бөлiмi бойынша көзделген қаражаттан 1 050 000 АҚШ долларын төлесiн.
      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi Қазақстан Республикасы Президентiнiң iс басқармасымен тартылған қаражаттың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ету жөнiнде келiсiм жасассын.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады