"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 10-бабының 5-тармақшасына, 11-бабының 2-тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Жамбыл облыстық мәслихаты мен Жамбыл облысы әкiмiнiң қаланың шеңберiне Жамбыл, Байзақ аудандары жерлерiнiң ауданы 1383 гектар бөлiктерiн қосу арқылы Тараз қаласының шекарасын өзгерту туралы бiрлескен шешiмi мақұлдансын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi