Азаматтық авиацияның қызметiн тұрақтандыру мақсатында Қазақстан
Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Қоса берiлiп отырған:
Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының қызметiн
тұрақтандыру жөнiндегi 2000 жылға дейiнгi бiрiншi кезектi шаралардың
бағдарламасы;
Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының қызметiн
тұрақтандыру жөнiндегi 2000 жылға дейiнгi бiрiншi кезектi шаралардың
бағдарламасын iске асыру жөнiндегi шаралардың жоспары бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 9 сәуiрдегi
N 311 Қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының
қызметiн тұрақтандыру жөнiндегi 2000 жылға
дейiнгi бiрiншi кезектi шаралардың
БАҒДАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының қызметiн тұрақтандыру жөнiндегi 2000 жылға дейiнгi бiрiншi кезектi шаралардың әзiрленген бағдарламасы Қазақстан халқының жоғары өмiр сүру деңгейiн қамтамасыз ететiн дамыған нарықтық экономикасы бар мемлекет құруға
арналған жалпы мемлекеттiк стратегияларға бағындырылған.
Азаматтық авиация қызметiнiң негiзгi басымдықтары:
- стратегиялық маңызды әуе-жайларды халықаралық стандарттардың
деңгейiне дейiн жеткiзу;
- әуе қозғалысын басқарудың сапасын жақсарту арқылы әуе
кеңiстiгiн тиiмдi пайдалану;
- өкiлеттi авиациялық әкiмшiлiк құру;
- авиациялық әкiмшiлiк менеджментiнiң деңгейiн арттыру;
- жоғары бiлiктi кадрларды жұмыспен қамту;
- қызмет көрсету саласын диверсификациялау және дамыту;
- авиатасымалдары рыногын дамыту үшiн жеткiлiктi заңдар базасын
жасау.
Азаматтық авиацияның қызметiн тұрақтандыру жөнiндегi
негiзгi мiндеттер:
1. Қазақстан Республикасының әуе кемелерiн пайдаланушылардың
қызметi саласында
1.1. Як-40, Л-410, АН-24 үлгiсiндегi ұшақтарды пайдаланатын авиакәсiпорындардың базасында құрылған және өзiнiң құрамында ұшулардың қарқыны шағын әуежайлары бар (негiзiнен шығынды) аймақтық авиакомпаниялардың қызметiн тұрақтандыру үшiн:
облыстық авиакәсiпорындардың базасында авиатасымалдары аймақтық рыноктың қажетiн қамтамасыз ететiн әуе кемелерiнiң белгiлi бiр үлгiлерiн пайдалануға мамандандырылған iрiлендiрiлген аймақтық авиакомпаниялар құру;
акциялардың мемлекеттiк пакетi бар авиакәсiпорындардың базасында холдингтiк компаниялар құру және бұл холдинг акцияларының мемлекеттiк пакетiне иелiк ету және басқару жөнiндегi құқықтарды ӘКП және ААҚ жөнiндегi комитетке беру жоспарлануда;
республика iшiндегi авиатасымалдары рыногын дамыту;
1.2. Қазақстандық авиакомпаниялардың бәсекелестiк қабiлетiн жақсарту мақсатында лизингтiң және сатып алудың есебiнен қазiргi заманғы үнемдi авиациялық техникаларды тарту жолымен әуе кемелерi паркiн жаңарту және салық заңдарына қажеттi өзгерiстер енгiзу қажет.
Авиакомпаниялар 1998-2000 жылдардағы кезеңде неғұрлым үнемдi, жайлы және қазiргi заманғы үлгiлердi таңдау шарттарына сүйене отырып жаңа авиатехниканы лизингке алуды жоспарлауда.
1.3. Авиатасымалдары рыногын игеру үшiн қолайлы және қауiпсiз ұшуларды ұйымдастыру, қызмет көрсету мен сервистi халықаралық стандарттарға дейiн қамтамасыз етудiң деңгейiн арттыру.
1.4. Халықаралық әуе тасымалдары рыногында шетелдiк авиакомпанияларға бәсекелестiк жасау мақсатында әуе тасымалдарын брондау мен сатудың қазiргi заманғы дүниежүзiлiк компьютерлiк желiлерiне (BSP клирингтiк палаталар үлгiсiндегi) кiру талап етiледi.
1.5. Қазақстан Республикасының халықаралық әуе тасымалдары рыногындағы беделi мен жақсы атын көтеру үшiн Ұлттық авиатасымалдаушыны жан-жақты дамыту және оған қолдау көрсету қажет.
1.6. Азаматтық авиациядағы ұзаққа созылған дағдарыстан пайда болған саладағы әлеуметтiк шиеленiсушiлiктi шешу үшiн белгiленген тәртiппен "Қазақстан әуе жолы" ҰААҚ құрамына кiретiн шығынды авиакәсiпорындарды тарату процесiн жүргiзу, несиелiк берешектердi төлеудi аяқтау талап етiледi.
1.7. Жұмысты ортақ үйлестiру, авиакомпанияларды сала субъектiлерiнiң деңгейiнде дамытудың қажеттiлiгi мен жолдарын айқындау мақсатында Қазақстан Республикасының авиатасымалшылары ассоциациясы жұмысының тиiмдiлiгiн арттыру қажет.
1.8. Әуе кемелерi паркiнiң техникалық дұрыстығын қамтамасыз ету үшiн авиажөндеу заводтарының базасында және авиациялық-техникалық базаларда авиациялық техникаларға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесiн қалыптастыру талап етiледi. Аталған жүйенi мынадай тұрғыда құруға болады:
1) Қазақстан Республикасы авиажөндеу заводтарының (АЖЗ) базасында шарттық талаптарда авиакомпаниялар авиациялық-техникалық базаларының (АТБ) өндiрiстiк қуаттары мен авиациялық қызметкерлерiн тарту арқылы мамандандырылған (әуе кемелерiнiң белгiлi бiр үлгiлерiне қызмет көрсету жөнiндегi) Техникалық қызмет көрсету және жөндеу орталықтарын (ТҚЖО) құру;
2) Мемлекетаралық авиациялық комитет пен Ресейдiң, Украинаның, Беларусьтың бас авиажөндеу заводтары мамандарының қатысуымен аталған Орталықтарды сертификаттауды қамтамасыз ету.
2. Республика әуежайларының жұмыс iстеуi саласында
Әуежайлардың қызметiн тұрақтандыру мақсатында мынадай шараларды iске асыру қажет:
2.1. Әуежайлардың өндiрiстiк емес шығыстарын азайту үшiн және олардың өндiрiсiнiң рентабельдiлiгiнiң нәтижесi ретiнде әуежайлар жұмысының экономикалық жағынан тиiмдi регламентiн кезең-кезеңмен енгiзудi жүзеге асыру;
2.1.1. Авиарейстердiң келуi және кетуi уақыттарын неғұрлым жақындастыру мақсатында әуежайларда ұшулардың оңтайлы кестесiн қалыптастыру;
2.1.2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық авиация қызметi жөнiндегi комитетi аймақтардың жергiлiктi атқарушы органдарымен бiрлесiп, бейiндiк емес жұмыстар мен қызмет көрсетулердi (ақылы автотұрақтар, буфеттер, киоскiлер және т.б. ұйымдастыру) орындауды ұйымдастырудың бағдарламалары мен шарттарын әзiрлеу.
2.2. Жергiлiктi инвесторлардың инвестицияларын тарту жөнiнде қолайлы жағдайлар туғызу, олардың жекешелендiруге қатысуы және әуежайлар мен олардың инфрақұрылымдарының қызметiн дамыту үшiн қаржылық қолдау көрсетудi қамтамасыз ету үшiн әуежайлардың базасында құрылған акционерлiк қоғамдар акциялары мемлекеттiк пакеттерiнiң бiр бөлiгiн жергiлiктi атқарушы органдардың қарауына беру мәселелерiн пысықтау және iске асыру.
2.3. Әлеуметтiк-маңызды, бiрақ шығынды әуежайлар арқылы ұшулардың жиiлiгiн арттыруға қосымша мүмкiндiктер жасау және олардың қосымша кiрiстер алуы мақсатында мұндай әуежайларға қолдау көрсету жөнiндегi мәселелердiң тiзбесiне арнаулы зерттеу мен iрiктеу жүргiзу. Қазақстан Республикасының әуе желiлерiн пайдалану құқығына арналған тендерлер өткiзу кезiнде авиажелiлердiң тендерге қойылған пакеттерiне көрсетiлген әуежайларға қонатын авиажелiлердi кiргiзу.
2.4. Әуежайлар қызметiнiң үйлестiрiлген саясатын жүргiзу, әуежайлардың басшылығына өндiрiс пен қазiргi заманғы технологияларды ұйымдастырудың озық әдiстерiн енгiзу, олардың қызметiн үйлестiру жөнiнде практикалық және әдiстемелiк көмектер көрсету үшiн Әуежайлар ассоциациясының жұмысын жандандыру.
2.5. Әуежайлардың жағдайын жақсарту және аймақтардың экономикалық дамуы iсiндегi ролiн арттыру үшiн облыстық әуежайларды толық жарақтандырудың және оларға халықаралық ұшуларға қызмет көрсетуге рұқсат етудiң белсендi шараларын қабылдау.
2.6. Республика арқылы көлiк ағынын арттыру мақсатында әуежайларды қайта жаңартуды, әуежайларда транзиттiк аймақтар құруды жүзеге асыру және трансферттер ұйымдастыру.
2.7. Әуежайлардың табиғи монополияшылар ретiнде қызмет көрсетулерiне арналған бағалардың тәртiбiне бақылау жасау мақсатында алдағы уақытта әуежайлардың тарифтiк саясатын реттеу қажет.
3. Әуе қозғалысын ұйымдастыру және оны басқару саласында
Қазiргi уақытта Қазақстанның әуе кеңiстiгiн пайдалануға зор сұраныс бар, сондықтан аумақ арқылы өтетiн әуе трассалары әуе қозғалысын басқарудың, навигацияның және байланыстың қазiргi заманғы техникалық жүйелерiмен және құралдарымен жабдықталуына қол жеткiзу өте маңызды.
3.1. Қазақстанның әуе кеңiстiгiн пайдаланудан лайықты тиiмдiлiктi қамтамасыз ету үшiн әуе қозғалысын басқару жүйелерiн қайта ұйымдастыру мен жаңартуды, әуе трассалары желiлерiн оңтайландыруды және кеңейтудi жүргiзу қажет.
3.1.1. Әуе навигациясының ұшулар мен әуе кеңiстiгiн пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi талаптарға жауап беретiн қазiргi заманғы инфрақұрылымын құру. Қазақстанның әуе кеңiстiгiн толық қамту және әуе қозғалысын сапалы басқаруды қамтамасыз ету үшiн Алматы, Ақтөбе және Ақмола қалаларында әуе қозғалыстарын басқарудың 3 аймақтық автоматтандырылған жүйелерi орталығын (ӘҚБ АЖ) құру қажет.
3.1.2. Тез арада енгiзудi талап ететiн негiзгi трансазиялық транзиттiк арналардың бiрi Лондон мен Франкфурт сияқты Еуропада орналасқан нүктелерден басталатын транзиттiк трассалар болады. Бұл трассалар қазiрде бар Москва (Ресей), Орал және Аягөз бағыттары бойынша және одан әрi Үрiмшiге (Қытай) өтетiн болады.
Қытай арқылы Оңтүстiк-Шығыс Азия пункттерiне бағыттар ашу Халықаралық Әуе Көлiгi Ассоциациясының (ИАТА) деректерi бойынша тиiсiнше Қазақстан Республикасы арқылы әуе қозғалысын айтарлықтай арттыруға қол жеткiзетiн Қазақстанның аумағынан тысқары өтетiн бағыттардағы әуе қозғалысы ағынының қайта бағытталуына әкеледi. Осыған қол жеткiзу мақсатында мемлекеттiң шығыс бөлiгiнде Қытай арқылы Оңтүстiк-Шығыс Азия бағыттарына жаңа халықаралық трассалар енгiзумен байланысты мәселелердi шешу жұмыстарын белсендi жүргiзу қажет.
3.2. Ұшулардың қауiпсiздiгiн, әуе тасымалдарының тиiмдiлiгi мен өткiзу қабiлеттiлiгiн арттыру мақсатында әуе қозғалысына қызмет көрсетудiң қолда бар жүйелерiн жаңартуды жүзеге асыру керек.
3.3. Қазақстанда аэронавигация мамандарын даярлауға арналған арнаулы оқу орындарының жоқтығына байланысты оқу-жаттығу аэронавигациялық орталығын құру мәселесiн пысықтау қажет.
3.4. Қазақстандық аэронавигацияның ғылыми-техникалық дамытудың қазiргi заманғы талаптарына сәйкес деңгейiне жету үшiн спутниктiк навигация (GNSS), авиациялық телекоммуникациялық желi (ATN) сияқты жаңа технологиялар мен жүйелердi енгiзу керек.
3.5. Саланы кешендi дамыту үшiн "Қазаэронавигация" РМК тарифтерiн мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыру және тұрақты негiзде ұшуларды орындайтын әуе кемелерiне аэронавигациялық қызмет көрсетулер үшiн жеңiлдiктер ұсыну қажет.
4. Қазақстан Республикасының авиациялық әкiмшiлiгiн құру және
оның жұмыс iстеуi саласында
Қазақстанның азаматтық авиациясының қызметiн тұрақтандыруға авиациялық рынокты қалыптастыру және ондағы азаматтық авиация субъектiлерiнiң қызметiн мемлекеттiк реттеу жүйесiн құру жолымен қол жеткiзiлетiн болады.
Мемлекеттiк реттеу процесiнiң өзi үш негiзгi компоненттi: нормативтiк-құқықтық (әуе көлiгi саласында тәртiптер, тәлiмдемелер, басшылықтар, ережелер әзiрлеу), куәлiктер (сертификаттар), лицензиялар және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де рұқсаттар беру жолымен авиациялық қызметтi техникалық және экономикалық реттеудi қамтитын болады.
Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Әуе кеңiстiгiн пайдалану және азаматтық авиация қызметi жөнiндегi комитетiнiң (бұдан әрi - Комитет) азаматтық авиацияның қызметiн мемлекеттiк реттеу органы ретiндегi негiзгi жұмысы мына бағыттарға шоғырланатын болады:
4.1. Авиакәсiпорындардың қызметiн реттеу құралы ретiндегi азаматтық авиацияның қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық базаны қалыптастыру және жетiлдiру.
Әуе көлiгiнiң қалыпты жұмыс iстеуi үшiн шамамен 300 нормативтiк құжаты (авиация қызметiнiң барлық бағыттары мен бөлiмдерi бойынша ережелердi, тәлiмдемелердi, басшылықтарды, бюллетендердi және регламенттердi) пысықтау және енгiзу қажет.
Қойылған мiндеттердi шешу үшiн авиакәсiпорындардың мамандарын тарту арқылы азаматтық авиация қызметтерiнiң бағыттары бойынша нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеудi (қайта әзiрлеудi) қамтамасыз ететiн мамандандырылған топтар құру керек.
Таяу уақытта мынадай нормативтiк құқықтық актiлердi:
- Әуе кеңiстiгiн пайдалану туралы ереженi (тиiстi қосымшаларымен бiрге) пайдалану жөнiндегi нұсқаулықты;
- Әуе кемелерi ұшуының негiзгi тәртiбiн;
- Азаматтық авиация ұшуларын жүзеге асыру жөнiндегi тәлiмдеменi;
- Азаматтық авиацияның әуе қозғалыстарына қызмет көрсетуi жөнiндегi тәлiмдеменi;
- Азаматтық авиация ұшуларын штурмандық қамтамасыз ету жөнiндегi тәлiмдеменi;
- Азаматтық авиациядағы аэродромдық қызмет жөнiндегi тәлiмдеменi;
- Авиамамандарды кәсiби даярлау туралы ереженi;
- Жолаушыларды, багажды және жүктердi тасымалдаудың тәртiбiн, сондай-ақ басқа да бiрқатар құжаттарды жедел әзiрлеу және белгiленген тәртiппен бекiту қажет.
Аталған жұмысты Ресейдiң Федералдық авиация қызметiмен және ТМД Мемлекетаралық авиациялық комитетiмен (МАК) тығыз ынтымақтастықта жүргiзу керек.
4.2. Азаматтық авиация саласында авиакәсiпорындар қызметiнiң қауiпсiздiк пен сапаның техникалық талаптарына сәйкестiгiн растайтын және кепiлдендiретiн тәсiл ретiнде сертификаттауды жүргiзу.
4.2.1. Мемавиарегистрдiң азаматтық авиацияны сертификаттау саласындағы мiндетi - Қазақстан Республикасының әуе көлiгiнде сертификаттау жүйесiн құру және ТМД Мемлекетаралық авиациялық комитетiнiң қатысуымен жүзеге асырылатын сертификаттауды жүргiзуден, оны Мемавиарегистрдiң өз күшiмен орындауға кезең-кезеңмен көшу болады.
4.2.2. Мемавиарегистрдiң мiндетi ұшулардың қауiпсiздiгi үшiн бақылау жасаудың тиiмдi жүйелерiн құру болып табылады. Қауiпсiздiк үш негiзгi проблемалар: авиациялық уақиғаларды болдырмау жөнiндегi тиiмдi алдын алу шараларын әзiрлеу, олардың орындалуын қадағалау, сондай-ақ авиациялық уақиғаларға зерттеулер мен оның себептерiне талдау жүргiзу шешiлген кезде қамтамасыз етiлетiн болады. Пайдаланылатын әуе кемелерi паркiнiң техникалық дұрыстығын қамтамасыз ету үшiн мемлекеттiк қадағалауды күшейту және соған сәйкес ұшулардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудiң деңгейiн арттыру үшiн жағдай жасау маңызды. Әуе кемелерiнiң техникалық дұрыстығын қамтамасыз етудiң жүйесiн осы ұйымдастыру, пайдаланушылардың алыс шетелдерде шығарылғандарды қоса алғанда, әуе кемелерiнiң жаңа үлгiлерiн сатып алуы мүмкiндiктерiне әмбебап болады. Мұндай жағдайларда авиатехникалар беру туралы үкiметаралық келiсiмдердi пысықтау кезiнде олардың техникалық дұрыстығын қамтамасыз ету мәселесiн кiргiзу қажет.
4.3. Комитет әуе тасымалдарын орындау және олардың сапасын арттыру кезiнде лицензиялық шарттарды қамтамасыз ету мақсатында ұшулардың тұрақтылығы, жолаушылар мен жүк жөнелтушiлерге қызмет көрсетулердiң сапасы мәселелерi бойынша авиатасымалдаушыларға талаптарға пәрмендi бақылау жасау жүзеге асырылатын, сондай-ақ бақылау күшейтiлетiн және чартерлiк (жүйелi емес) авиатасымалдарды орындауға арналған тиiстi рұқсаттарды беру оңайлатылатын болады.
4.4. Авиациялық рынокты қалыптастыру және реттеу, iшкi және халықаралық авиажелiлерде тұрақты әуе тасымалдарын орындау үшiн ашық тендерлер өткiзу арқылы онда бәсекелестi орта құру.
Өз кезегiнде ұсақ қабiлетсiз авиакомпаниялардың болуын шектейтiн, олардың бiрiгуiне және авиациялық бизнестiң сапалық жағынан өзгеруiне ықпал ететiн авиакомпанияларға ұшуларды қамтамасыз етуге рұқсат ету тәртiбi жөнiндегi қолданылып жүрген бiрқатар ережелердi өзгертудi жүзеге асыру қажет.
Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының заңдарын жетiлдiру жолымен тұрақты ұшуларға әуе кемелерiнiң ұшуын қауiпсiз орындауда қажеттi тәжiрибесi, қаржылық тұрақтылығы бар төтенше жағдайлардың мүмкiн болатын уақиғалары мен тасымалдарды жүзеге асыру процесiнде пайда болатын қаржы талаптарын кепiлдiктi қамтамасыз ете алатын авиакомпанияларға рұқсат етiлуi керек.
4.5. Әуе кеңiстiгiн пайдалану құқығы бар iшкi авиациялық рынокты шетелдiк пайдаланушыларға беру кезiнде Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiнiң қорғалуын қамтамасыз ету. Халықаралық әуе қатынастарының қарқынды дамуына байланысты Қазақстанның әуе кеңiстiгiн пайдалану құқығын шетелдiк пайдаланушыларға беру кезiнде авиарынокқа, ондағы ұшулардың басымдығына және оны реттеуге талдау жасауды жүзеге асыру қажет.
4.6. Азаматтық авиация ұшулары қауiпсiздiгiнiң қамтамасыз етiлуiне және авиациялық уақиғаларды болдырмау жөнiндегi кешендер шараларының орындалуына мемлекеттiк бақылау жасауды жүзеге асыру.
Азаматтық авиация өзiнiң айрықша ерекшелiгiне орай террористiк актiлер жүргiзу үшiн тартымды да босаң болып табылады. Қалыптасып отырған жағдайлар және ұшулардың географиясы мен көлемiн кеңейтудiң перспективасы ескерiле отырып азаматтық авиацияны заңсыз араласу актiлерiнен қорғауды қамтамасыз ету зор өзектi мәселеге айналып келедi.
Қазақстан азаматтық авиациясының заңсыз араласу актiлерiнен авиациялық қауiпсiздiгi жүйелерiн қамтамасыз етуге және жетiлдiруге Авиациялық қауiпсiздiк бағдарламасының, сондай-ақ Қазақстанның Халықаралық азаматтық авиация ұйымы халықаралық конвенциясы бойынша өзiнiң мiндеттемелерiн орындауы шеңберiнде iс-қимылдың тәртiбiн орнықтыратын және белгiлейтiн нормалар мен рәсiмдердi енгiзумен қол жеткiзiлетiн болады.
4.7. Халықаралық ұшуларды орындау үшiн Халықаралық азаматтық авиация ұйымында (ИКАО), ИАТА-да және МАК-де жұмыстарды жалғастыру. Кувейтпен, Бахрейнмен, Оман Сұлтандығымен, АҚШ-пен, Армениямен, Голландиямен, Бiрiккен Араб Әмiрлiгiмен, Болгариямен, Катармен, Франциямен, Румыниямен, Чехиямен, Оңтүстiк Кореямен, Солтүстiк Кореямен, Египетпен, Кипрмен және Грециямен әуе қатынасы туралы үкiметаралық келiсiмдердiң жобаларын дайындау.
4.8. Интеграциялау үшiн азаматтық авиацияның халықаралық жүйесiне Қазақстанның азаматтық авиациясының қызметi туралы статистикалық деректердi ИКАО-ға ұсыну және оларды ол шығаратын статистикалық жинақтарда жариялау.
4.9. Салада азаматтық авиация кәсiпорындарындағы күрделi экономикалық жағдайдан және мүмкiн болатын кадрларды қысқартудың нәтижесiнен пайда болатын әлеуметтiк шиеленiстiктiң туындауын болдырмау мақсатында азаматтық авиация кәсiпорындарынан босаған кадрларды қайта бiлiктендiру жөнiнде бағдарлама әзiрлеу.
4.10. Республиканың халықаралық туристiк алмасудағы қажеттiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында авиатасымалдары кезiнде туристiк топтар, студенттер және мектеп оқушылары үшiн жеңiлдiктер ұсынудың оңтайлы кестесiн әзiрлеу.
Бағдарламаны iске асырудың шарттары
Бағдарламаны iске асырудың басты шарттары оны мемлекеттiк реттеу
жүйесi мен ұйымдастырушылық құрылымын жасау болады.
Аталған шараларды практикалық iске асыру:
а) азаматтық авиация қызметiнiң нормативтiк құқықтық базасын қалыптастыруға және жетiлдiруге;
б) азаматтық авиация саласында техникалық және экономикалық реттеудi толық мөлшерде жүзеге асыруға, атап айтқанда:
- әуе кемелерiн және әуежайлардың, аэродромдардың объектiлерiн, авиатехникаларға техникалық қызмет көрсетудi және жөндеудi, сондай-ақ оларды пайдалану қызметiн сертификаттауға;
- әуе тасымалдары мен әуежай қызметiн лицензиялауға;
в) азаматтық авиация қызметiнiң статистикалық есебiн жүргiзуге;
г) әуе тасымалдары рыногының жай-күйiн, оның субъектiлерiнiң
қызметiн талдауға, авиациялық қызметтi реттеудiң нарықтық тетiктерiн
енгiзуге және жетiлдiруге;
д) ұшулардың қауiпсiздiгiнiң қамтамасыз етiлуiне тиiмдi
қадағалау жасауды жүзеге асыруға және авиациялық уақиғаларды
болдырмау жөнiндегi алдын алу шараларын әзiрлеуге мүмкiндiк бередi.
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 9 сәуiрдегi
N 311 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының қызметiн
тұрақтандыру жөнiндегi 2000 жылға дейiнгi бiрiншi кезектi
шаралардың бағдарламасын iске асыру жөнiндегi шаралардың
жоспары
___________________________________________________________________
N | Шара | Аяқталу нысаны
р/с| |
___________________________________________________________________
1 | 2 | 3
___________________________________________________________________
1 Мемавиарегистр мен Мемавиақадағалаудың Жүктелген функцияларды
қызметiн ұйымдастыру орындау
2 Азаматтық авиация қызметiнiң Жаңа редакция
нормативтiк құқықтық базасын құру
3 Әуе тасымалдары мен әуежайлық Үкiметтiң қаулысы
қызметтi лицензиялау туралы ережеге
толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу
4 Әуе кемелерiн пайдаланушылар ӘКП және ААҚ жөнiндегi
ұшуларының қауiпсiздiгiне бақылау комитеттiң бұйрықтары
жасаудың тәсiлдерi мен жүйесiн әзiрлеу
5 "АТО-405" және "N 406 Авижөндеу Жоспарланған
заводы" базасында авиациялық жұмыстардың көлемiн
техникаларды жөндеу жөнiндегi орындау
мамандандырылған орталық құру
6 Авиациялық уақиғалардың алдын алу ӘКП және ААҚ жөнiндегi
жөнiндегi тиiмдi шараларды әзiрлеу комитеттiң бұйрықтары
және енгiзу
7 Авиациялық уақиғаларға тексеру Көлiккомминiнiң
жүргiзу жөнiнде нормативтiк бұйрықтары
құқықтық актiлер әзiрлеу
8 Тарату комиссиясын құру және Қаржыминi Мемлекеттiк
"Қазақстан әуе жолы" құрамына мүлiк және жекешелендiру
кiретiн акционерлiк қоғамдарды департаментiнiң қаулысы
таратуды аяқтау
9 Қазақстан Республикасы азаматтық Қазақстан Республикасы
авиация кәсiпорындарының босатылған Еңбек және халықты
кадрларын қайта бiлiктеу әлеуметтiк қорғау
жөнiндегi бағдарламаны әзiрлеу министрiнiң бұйрығы
10 Әуе тасымалдарының ұлттық рыногын Үкiметтiң қаулысы
қорғауды көздейтiн Чартерлiк
рейстердi орындаудың тәртiбi туралы
ереженi бекiту
11 Үндiстанмен, Тайландпен, Германиямен Жоспарланған
тұрақты әуе қатынастарын ашу жұмыстардың көлемiн
орындау
12 Баку, Екатеринбург, Новосибирск
қалаларына тұрақты әуе қатынасын ашу
13 Әуе қатынастары туралы:
а) Тәжiкстанмен, Армениямен,
Голландиямен, Бiрiккен Араб
Әмiрлiгiмен, Болгариямен, Катармен Келiсiмдер жасасу
б) Франциямен, Румыниямен, Чехиямен,
Оңтүстiк Кореямен
в) АҚШ-пен, Солтүстiк Кореямен,
Египетпен, Кипрмен, Грециямен
үкiметаралық келiсiмдердi жасасу
14 Қазақстан Республикасының әуежайлары Үкiметтiң қаулысы
туралы ереженi бекiту
15 Әуежайлардың жұмыс режимiн Әуежайлар жұмысының
оңтайландыру регламентiн өзгерту
16 ӘҚ тұрмыстық және техника қызмет Лицензиялар беру
көрсетудi монополиясыздандыру,
ЖЖМ-мен, борттық тамақпен қамтамасыз
ету жөнiнде шаралар жүргiзу
17 Жүктердi сақтау, жөнелту және Жалпы Тұжырымдама
трансферлеу еркiн әуежайлық мен Ереженiң жобалары
аймақтарын құру жөнiнде
ұйымдастыру-әдiстемелiк құжаттарды
әзiрлеу
18 Ақмола, Алматы, Ақтау, Атырау Жоспарланған жұмыстардың
қалаларының әуежайларын қайта көлемiн орындау
жаңартуды жүргiзу
19 Қазақстан Республикасының Әдiлет органдарында
Әуежайлар ассоциациясы мен тiркеу
Қазақстандық авиатасымалдаушылар
ассоциациясының қызметiн ұйымдастыру
20 Әуе кемелерiнiң қазiргi заманғы Пайдаланудың басталуы
үлгiлерiн сатып алу және пайдалануға
қосу
21 Қазiргi заманғы авиатехникаларды Үкiметтiң қаулысы
пайдалануға мүдделiлiкке жағдай
жасау бөлiгiнде салық заңдарына
өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу
жөнiнде ұсыныс әзiрлеу
22 Акциялардың мемлекеттiк пакетi бар Қаржыминi Мемлекеттiк
облыстық авиакомпаниялардың мүлiк және
базасында бұл холдинг компаниялардың жекешелендiру
акцияларының мемлекеттiк пакеттерiне департаментiнiң қаулысы
иелiк ету және басқару жөнiндегi
құқықтарды ӘКП және ААҚ жөнiндегi
комитетке беру арқылы
авиакәсiпорындардың - холдингтiк
компаниялардың базасындағы
iрiлендiрiлген аймақтық
авиакомпаниялар құру
23 Аймақтық авикомпаниялар Тендерлiк комиссияның
акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн шешiмi
сату жөнiнде тендерлер өткiзу
24 "Эйр Қазақстан" ұлттық тасымалдаушы Тендерлiк комиссияның
акцияларының мемлекеттiк пакетiнiң шешiмi
бiр бөлiгiне (34% дейiн)
жекешелендiрудi жүргiзу
25 Авиакомпанияларды авижелiлерге Тендерлiк комиссияның
тағайындау жөнiнде ашық тендерлер шешiмi
өткiзу
26 Оның пайдаланылмайтын бөлiгiн ЖАҚ балансынан алу
сату жолымен "Эйр Қазақстан" ЖАҚ
әуе кемелерi паркiн оңтайландыру
27 Қытайға жаңа әуе дәлiзiн және Навигациялық жинақтар
Қытай арқылы Оңтүстiк-Шығыс Азияға мен карталарға кiргiзу
әуе трассаларын ашу
28 Әуежайлардың аэронавигациялық Жоспарланған жұмыстардың
жабдықтарын жаңартуды жүргiзу көлемiн орындау
29 Iшкi авиажелiлерде Жаңа тарифтердi
аэронавигациялық тарифтердi төмендету бекiту
30 ҚР АИП аэронавигациялық Жаңа редакциясы
ақпараттарының жинағын дайындау
және шығару
___________________________________________________________________
N| Атқару мерзiмi | Жауапты атқарушы
___________________________________________________________________
4 | 5
___________________________________________________________________
1 1998 жылдың I тоқсаны Көлiккомминi
2 1998-2000 жылдары Көлiккомминi, Әдiлетминi
3 1998 жылдың I жарты жылдығы Көлiккомминi
4 1998 жылы Көлiккомминi
5 1999 жылы -"-
6 1998-2000 жылдары -"-
7 1999 жылы -"-
8 1998-2000 жылдары Қаржыминiнiң Мемлекеттiк мүлiк
және жекешелендiру департаментi
9 1998 жылы Еңбек және халықты әлеуметтiк
қорғауминi, Көлiккомминi
10 1998 жылдың шiлдесi Көлiккомминi
11 1998 жылдың сәуiрi -"-
12 1998 жылдың мамыры -"-
13 1998 жылы Сыртқыiсминi, Көлiккомминi
14 1998 жылдың II жарты жылдығы Көлiккомминi
15 1998-1999 жылдары Көлiккомминi, Әуежайлардың
ассоциациясы
16 1998-2000 жылдары Көлiккомминi
17 1998-2000 жылдары -"-
18 1998-2000 жылдары Облыстар мен қалалардың
әкiмдерi, Көлiккомминi
19 1998 жылы Көлiккомминi, әуежайлар
авиакомпаниялар
20 1998-2000 жылдары Көлiккомминi,
авиакомпаниялар
21 1998 жылы Көлiккомминi, Қаржыминiнiң
Салық комитетi
22 1998 жылы Қаржыминiнiң Мемлекеттiк
мүлiк және жекешелендiру
департаментi, Көлiккомминi
23 1998 жылы Қаржыминiнiң Мемлекеттiк
мүлiк және жекешелендiру
департаментi, Көлiккомминi
24 1999 жылы Қаржыминiнiң Мемлекеттiк
мүлiк және жекешелендiру
департаментi, Көлiккомминi
25 1998-2000 жылдары Көлiккомминi
26 1998-1999 жылдары "Эйр Қазақстан" ЖАҚ
27 -"- Көлiккомминi, Сыртқыiсминi
28 1998 жылы Көлiккомминi
29 1998 жылдың сәуiрi -"-
30 1998 жылдың желтоқсаны Көлiккомминi
"Қазаэронавигация" РМК