Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы Ғылыми кадрларды аттестациялау департаментiнiң мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 21 сәуiр N 370. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1999.03.19. N 271 қаулысымен. ~P990271

      "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк басқарудың пәрмендiлiгiн одан әрi арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655 U973655_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қоса берiлiп отырған:
      Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының Ғылыми кадрларды аттестациялау департаментi туралы ереже;
      Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы

Ғылыми кадрларды аттестациялау департаментiнiң құрылымы бекiтiлсiн.
     2."Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым
академиясының Ғылыми кадрларды аттестациялау департаментi туралы
ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 11
шiлдедегi N 1095 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж.,
N 31, 286-құжат) күшi жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi
                                        Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                        1998 жылғы 21 сәуiрдегi
                                        N 370 Қаулысымен
                                              бекiтiлген

              Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi-
                Ғылым академиясының Ғылыми кадрларды
                 аттестациялау департаментi туралы
                               ЕРЕЖЕ

                         I. Жалпы ережелер



      1. Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының Ғылыми кадрларды аттестациялау департаментi (бұдан әрi - Департамент) Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының ғылыми кадрларды даярлау және аттестациялау саласында мемлекеттiк басқаруды қамтамасыз ететiн құрылымдық бөлiмшесi болып табылады. Департамент әлемдiк деңгейге қол жеткiзу мақсатында ғылыми кадрларды даярлау және аттестациялау жүйесiн реформалауды жүзеге асырады.
      2. Департамент өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға (келiсiмдерге), өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы туралы ережеге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      3. Департаменттiң аппаратын ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясын ұстауға көзделген қаржының есебiнен жүзеге асырылады.
      4. Департамент заңды тұлға болып табылады, банкте шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өзiнiң атауы мемлекеттiк тiлде жазылған мөрi болады.

                   II. Департаменттiң басымдықтары

      5. Департаменттiң басымдықтары:
      2030 жылға дейiнгi мемлекеттiк стратегияны iске асыру, Қазақстан Республикасын дамытудың ғылыми және ғылыми-технологиялық басымдықтарын кадрлық қамтамасыз ету;
      құрылатын жалпы ғылыми-технологиялық кеңiстiктiң және екiжақты келiсiмдердiң шеңберiнде шет ел мемлекеттiк аттестациялау органдарымен ынтымақтастық;
      мемлекеттiк емес ғылыми - бiлiм беру құрылымдарының қатысуымен ғылыми кадрларды даярлаудың және аттестациялаудың бiрыңғай ұлттық жүйесiн құру және жетiлдiру болып табылады.

                       III. Негiзгi мiндеттерi

      6. Департаменттiң негiзгi мiндеттерi:
      ғылыми кадрларды даярлау және аттестациялау саласында мемлекеттiк саясатты әзiрлеу және iске асыру;
      ғылыми кадрларды даярлау және аттестациялау саласындағы нормативтiк базаны жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу;
      диссертациялық және сараптық кеңестер желiлерiнiң қызметiн ұйымдастыру, бақылау жасау және қалыптастыру;
      оларға қойылатын бiрыңғай талаптарға сәйкес ғылыми және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерге ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар беру туралы аттестациялық iстердi қарауды және мемлекеттiң атынан түпкiлiктi шешiм қабылдауды ұйымдастыру;
      заңдарда белгiленген тәртiппен ғылыми кадрларды аттестациялау саласындағы сараптық қызмет көрсетулердi сертификаттау;
      ғылыми кадрларды аттестациялау саласындағы мемлекетаралық және халықаралық ынтымақтастық жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады.

                           IV. Функциялары

      7. Департамент өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
      ғылыми кадрларды даярлаудың және аттестациялаудың басымдықты бағыттарын айқындайды;
      ғылыми кадрларды даярлау және аттестациялау саласында заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлер мен әдiстемелiк құжаттардың жобасын әзiрлеуге қатысады;
      мүдделi мемлекеттiк құрылымдармен келiсiм бойынша ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар берiлетiн мамандықтардың номенклатурасын әзiрлейдi;
      ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар берудiң тәртiбi, мамандықтардың номенклатурасы туралы ереженi және Департаменттiң төралқасы туралы ережелердi Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының бекiтуiне ұсынады;
      ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндiрiстiк ұйымдарда аспирантуралар мен докторантуралар ашуды және жабуды келiседi, сондай-ақ оларға қабылдаудың жоспарларын келiседi;
      жетекшi ғалымдар қатарынан ғылымдардың салалары бойынша сараптық кеңестер құрады, бұл кеңестердiң жеке құрамын бекiтедi, олардың қызметiн ұйымдастырады және бақылау жасайды;
      ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндiрiстiк ұйымдарда, жоғары оқу орындарында диссертациялық кеңестердiң желiсiн құрады, олар бойынша кеңестерге диссертацияларды қорғауға қабылдау құқығы берiлетiн ғылыми мамандықтардың тiзбесiн белгiлейдi;
      диссертациялық кеңестердiң қызметiне бақылау жасауды жүзеге асырады және қажет болған жағдайда олардың желiсiн қайта қарайды;
      оларға қойылатын бiрыңғай талаптарға сәйкес ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтарды беру туралы аттестациялық iстердi қарайды;
      мемлекеттiк үлгiдегi дипломдар мен аттестаттарды ресiмдейдi және бередi;
      елдiң ғылыми кадрлық әулетiн дамыту серпiнiн жай-күйiне, олардың практикалық пайдаланылуын қоса алғанда, диссертациялық зерттеулердiң нәтижелiлiгiне талдау жүргiзедi;
      кандидаттық емтихандардың тiзбесiн белгiлейдi, олардың қабылдануына бақылау жасауды жүзеге асырады, кандидаттық емтихандардың үлгiлiк бағдарламаларын бекiтедi;
      белгiленген тәртiппен ғылыми кадрларды аттестациялау саласындағы сараптық қызмет көрсетулердi сертификаттауды жүргiзедi;
      ғылыми кадрларды даярлау және аттестациялау саласындағы халықаралық шарттар мен келiсiмдердiң жобаларын дайындауға қатысады, халықаралық ұйымдармен, басқа елдердiң аттестациялау органдарымен өзара iс-қимыл мен ынтымақтастықты ұйымдастырады;
      басқа елдердiң мемлекеттiк аттестациялау органдары берген ғылыми дәрежелерi мен ғылыми атағы бар Қазақстан Республикасының азаматтарын, шетелдiктердi және азаматтығы жоқ адамдарды нострификациялауды және қайта аттестациялауды жүргiзедi;
      заңдармен өзiне жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

                     V. Құқықтары мен мiндеттерi

      8. Департаменттiң:
      белгiленген тәртiппен мемлекеттiк органдар мен ұйымдардан ғылыми кадрларды даярлау және аттестациялау мәселелерi жөнiндегi ақпарат сұратуға және алуға;
      мемлекеттiң атынан ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар беру мәселелерi жөнiнде түпкiлiктi шешiм қабылдауға;
      заңдарда белгiленген тәртiппен ғылыми кадрларды аттестациялау саласындағы мамандықтар бойынша ғылыми қызметкерлерге сарапшылар сертификаттарын беруге;
      белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне ғылыми кадрларды даярлау және аттестациялау саласындағы қатынастарды құқықтық реттеу мәселелерi жөнiнде ұсыныс енгiзуге;
      өз құзыретiнiң шегiнде нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге және бекiтуге;
      белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне ғылыми кадрларды аттестациялау мәселелерi жөнiндегi халықаралық шарттарға, келiсiмдерге қорытынды жасау және қосылу және мемлекеттiк аттестациялау органдары құжаттарының баламдылығын тану туралы ұсыныс енгiзуге;
      белгiленген тәртiппен халықаралық және мемлекетаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiруге, ғылыми кадрларды даярлау және аттестациялау мәселелерi жөнiндегi кеңестердiң, семинарлардың, конференциялардың жұмысына қатысуға құқығы бар.
      9. Департамент:
      Департаменттiң бюросы туралы, сараптық және диссертациялық кеңестер туралы, бөлiмдер және Департаменттiң жұмыс iстеуi үшiн қажеттi басқа да нормативтiк-әдiстемелiк құжаттар туралы ережелер әзiрлеуге;
      диссертациялық және сараптық кеңестер мен Департамент төралқасының жұмыс iстеуi үшiн ұйымдастырушылық жағдайларды, материалдық-қаржы және нормативтiк-құқықтық базаларды қамтамасыз етуге;
      диссертациялық, сараптық кеңестер мен Департамент төралқасының қызметiне ағымдағы басшылықты қамтамасыз етуге;
      бiрыңғай талаптарға сәйкес ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтарды алуға түсушiлердiң аттестациялық iстерiн уақтылы және сапалы қарауды қамтамасыз етуге мiндеттi.

                          VI. Жауапкершiлiгi

      10. Департаменттiң директоры Департаментке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауапкершiлiкте болады.

                      VII. Қызметiн ұйымдастыру

      11. Департаменттi Директор басқарады.
      Директорды Ғылым министрi - Ғылым академиясы президентiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Сараптама басқармасының бастығы - директорының орынбасарын және бас ғылыми хатшыны директордың ұсынуы бойынша Ғылым министрi - Ғылым академиясының президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      12. Департаменттiң директоры:
      Ғылым министрi - Ғылым академиясының президентiне Департаменттiң құрылымы мен штат саны жөнiнде ұсыныс енгiзедi, бекiтiлген сан мен еңбек ақы төлеу қорының шегiнде штат кестесi мен оны ұстауға арналған шығыстардың сметасын бекiтедi;
      сараптама басқармасының бастығы - директордың орынбасары, бас ғылыми хатшы және құрылымдық бөлiмшелер басшыларының арасында мiндеттердi бөледi;
      Департаменттiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      Департаменттiң қызметкерлерiн көтермелеу және оларға тәртiптiк жаза қолдану туралы шешiм қабылдайды;
      Департамент төралқасының жеке және сандық құрамын Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының бекiтуiне ұсынады;
      Департаменттiң сараптық кеңестерi, құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi және Департаментте әзiрленетiн басқа да нормативтiк құжаттарды бекiтедi;
      өз құзыретiнiң шегiнде, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес мемлекеттiк органдарда және ұйымдарда Департаменттi бiлдiредi;
      өзiнiң құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешiмдер қабылдайды.
      13. Департаменттiң жүйесiне:
      докторлық және кандидаттық диссертацияларды қорғау жөнiндегi диссертациялық кеңестер;
      ғылым салалары бойынша сараптық кеңестер;
      Департаменттiң төралқасы кiредi.
      14. Бас аттестациялық орган болып табылатын және министрлiктердiң (мемлекеттiк комитеттердiң), ғылыми ұйымдардың, жоғары оқу орындарының ұсынымдары ескерiле отырып ғалымдардан құрылатын Департаменттiң төралқасы аттестациялық iстердi қарайды және ғылыми дәрежелер мен ғылыми атақтар беру туралы шешiм

қабылдайды, ғылыми кадрларды қайта аттестациялауды жүзеге асырады,
диссертациялар қорғауға байланысты басқа да мәселелердi қарайды.
     15. Департаменттiң ағымдағы қызметiнiң мәселелерiн талқылау
және шешу үшiн Бюро құрылады. Бюро туралы ереженi, оның сандық және
жеке құрамын Департаменттiң директоры бекiтедi.
     16. Департамент қабылдайтын шешiмдер Директордың бұйрығымен
ресiмделедi.
     17. Департаменттi қайта ұйымдастыру және тарату заңдарда
белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.


                                 Қазақстан Республикасы
                                      Үкiметiнiң
                                 1998 жылғы 21 сәуiрдегi
                                 N 370 қаулысымен
                                       бекiтiлген

           Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi -
          Ғылым академиясы Ғылыми кадрларды аттестациялау
                      департаментiнiң құрылымы

     Департаменттiң директоры
     Директордың орынбасары - сараптама басқармасының бастығы
     Бас ғылыми хатшы
     Физика-математика, техникалық ғылымдар, жер және ғарыш туралы
     ғылымдар жөнiндегi сараптама бөлiмi
     Химия, биология, медицина және ауыл шаруашылығы ғылымдары
     жөнiндегi сараптама бөлiмi
     Гуманитарлық ғылымдар жөнiндегi сараптама бөлiмi
     Аттестациялау және құжаттарды ресiмдеу бөлiмi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады