Петропавл қаласының машина жасау кешенi кәсiпорындарына 1995 жылы берiлген директивтiк несиелер бойынша мiндеттемелердi тоқтату туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 21 сәуiрдегi N 371

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi заңдарда белгiленген тәртiппен мына: "Петропавл ауыр машина жасау зауыты", "Зиксто", "Атқару тетiктерi зауыты", "Киров атындағы зауыт", "Петропавл электроқшаулау материалдары зауыты" акционерлiк қоғамдарының директивтiк несиелердi пайдаланғаны үшiн республикалық

 

бюджеттiң алдындағы сыйақыларды (мүдделердi) өтеу бөлiгiнде 1995 жылғы

несиелiк шарттар бойынша мiндеттемелерiн тоқтату туралы мәселенi

шешсiн.

     2. Осы қаулының атқарылуына бақылау жасау Қазақстан

Республикасының Қаржы министрлiгiне жүктелсiн.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады