Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы Ұлттық аэроғарыш агенттiгiнiң мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 4 мамыр N 397. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.08.11. N 1131 қаулысымен.

      ЕСКЕРТУ. Қаулы күшін жойды - ҚР Үкіметінің 1999.08.11. N 1131
               қаулысымен. P991131_
      "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк басқарудың пәрмендiлiгiн одан әрi арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655 U973655_ Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қоса берiлiп отырған:

     Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының
Ұлттық аэроғарыш агенттiгi туралы ереже;
     Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының
Ұлттық аэроғарыш агенттiгiнiң құрылымы бекiтiлсiн.
     2. "Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым
академиясының Ұлттық аэроғарыш агенттiгi туралы ереженi бекiту
туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 11 шiлдедегi
N 1096  

P971096_

  қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАж-ы, 1997 ж., N 
31, 287-құжат) күшi жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
       мiндетiн атқарушы
                                        Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                        1998 жылғы 4 мамырдағы
                                        N 397 Қаулысымен
                                              бекiтiлген

             Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi -
                Ғылым академиясының Ұлттық аэроғарыш
                          агенттiгi туралы
                               ЕРЕЖЕ

                              Миссиясы



      "Байқоңыр" кешенiнiң объектiлерiн қоса алғанда Қазақстан Республикасының аэроғарыштық инфрақұрылымы объектiлерiнiң сақталуын және тиiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ету, аэроғарыштық саланы құру және дамыту

                          I. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының Ұлттық аэроғарыш агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) Қазақстан Республикасының аэроғарыш қызметi саласындағы мемлекеттiк органы болып табылады.
      2. Агенттiк Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы құзыретiнiң шегiнде аэроғарыш қызметi саласында арнаулы атқарушылық және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ салааралық үйлестiрудi дербес жүзеге асырады.
      3. Агенттiктiң өз құзыретiнiң шегiнде қабылдаған шешiмдерi аэроғарыш қызметiн жүзеге асыратын барлық органдардың, ұйымдардың, лауазымды тұлғалардың және азаматтардың атқаруы үшiн мiндеттi.
      4. Агенттiк өз қызметiнде Конституцияны және заңдарды, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы туралы ереженi, халықаралық келiсiмдер мен шарттарды, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      5. Агенттiктiң аппаратын ұстауға арналған шығыстарды

қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ғылым
министрлiгi - Ғылым академиясын ұстауға көзделген қаржының есебiнен
жүзеге асырылады.
     6. Агенттiк заңды тұлға болып табылады, банктерде шоттары,
бюджеттiк жiктелу коды, фирмалық белгiсi, Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген және өзiнiң атауы мемлекеттiк
тiлде жазылған мөрi болады.
     7. Агенттiктiң құрылымын Қазақстан Республикасының Үкiметi
бекiтедi.

                          II. Басымдықтары

     Агенттiктiң қызметiндегi басымдықтар:


      мемлекеттiк стратегияға сәйкес аэроғарыштық қызметтi басқару саласында реформалар мен құрылымдық қайта құрулар жүргiзу;
      жердегi аэроғарыштық инфрақұрылымдар мен ғарыштық бөлiктеудi дамыту;
      жоғары технологиялық ғылымды көп қажет ететiн аэроғарыштық өндiрiстi құру және дамыту;
      Қазақстан Республикасының аэроғарыштық бағыттағы ұйымдарының ТМД-ға қатысушы елдер мен шет елдердiң ғарыштық агенттiктерi және аэроғарыштық бағыттағы ұйымдарымен екi тараптық және көп тараптық ғарышты зерттеу және пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмдердiң шеңберiнде өзара iс-қимылдарды қамтамасыз ету;
      аэроғарыш саласы үшiн кадрлар даярлау болып табылады.

                       III. Негiзгi мiндеттерi

      8. Қазақстан Республикасын дамытудың - 2030 мемлекеттiк стратегиясының мақсаттары мен басымдықтарына қол жеткiзу және өзiнiң миссияларын орындау үшiн Агенттiктiң алдына:
      аэроғарыштық қызмет саласында мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру;
      аэроғарыштық саланың дамуы үшiн қажеттi жағдай жасау, аэроғарыштық өнiмдер мен қызмет көрсетулер рыногын қалыптастыру;
      ғарыш және әуе кеңiстiгiн пайдалану, аэроғарыштық инфрақұрылымдар объектiлерiн конверсиялау, диверсификациялау жөнiндегi мемлекеттiк, мемлекетаралық бағдарламалар мен жобаларды әзiрлеу және iске асыру;
      "Байқоңыр" кешенiн қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аэроғарыштық инфрақұрылымдарын тиiмдi пайдалану, сондай-ақ белгiленген тәртiппен "Байқоңыр" кешенiнiң мүлiк және шаруашылық мәселелерiн шешу жөнiндегi шараларды әзiрлеу және iске асыру;
      аэроғарыш саласының нарықтық экономика жағдайында жұмыс iстеуiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiн жетiлдiру;
      Қазақстан Республикасында ғарыш кеңiстiгiн игеру, аэроғарыш техникаларын пайдалану жөнiндегi жүргiзiлiп жатқан жұмыстардың Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына, халықаралық құқық нормаларына, мемлекетаралық келiсiмдер мен шарттарға сәйкестiгiне бақылау жасау;

     ғарышкерлердi даярлауды ұйымдастыру, аэроғарыш саласы үшiн
кадрлар даярлау және қайта даярлау;
     аэроғарыш саласын дүниежүзiлiк стандарттарға жауап беретiн
деңгейге дейiн дамыту және оны дүниежүзiлiк ғарыштық қауымдастыққа
интеграциялау;
     Қазақстан Республикасының ғарыш кеңiстiгiн бейбiт пайдалану
саласындағы мiндеттемелерiн орындауын қамтамасыз ету мiндеттерi
қойылған.

                          IV. Функциялары

     9. Агенттiк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес;
     аэроғарыш саласын дамытудың жай-күйi мен қарқынына талдау
жүргiзедi;


      "Байқоңыр" ғарыш айлағы объектiлерiн тиiмдi пайдалану жөнiндегi шараларды әзiрлеудi және iске асыруды үйлестiредi;
      Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттердiң орталық және жергiлiктi органдарымен, ұйымдарымен ғарыш кеңiстiгiн зерттеу және пайдалану саласында өзара iс-қимыл жасайды;
      ғарыш кеңiстiгiн пайдалану жөнiнде мемлекеттiк, мемлекетаралық бағдарламалар мен жобаларды әзiрлейдi және iске асырады;
      аэроғарыш және ракеталық-ғарыштық, оның iшiнде әртүрлi мақсаттағы ұшу жүйелерi мен аппараттарын құруға және пайдалануға қатысатын ұйымдардың ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарын мемлекеттiк реттеу мен үйлестiрудi ұйымдастырады;
      Қазақстан Республикасында аэроғарыш қызметiн дамыту үшiн қажеттi құқықтық, экономикалық, экологиялық және ұйымдастыру нормалары мен жағдайларын жасау жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
      белгiленген тәртiппен аэроғарыш саласына шетелдiк несиелер мен инвестициялар тарту және оларды пайдалану жөнiнде ұсыныс енгiзедi;
      орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп жыл сайын Ресей Федерациясының Үкiметi немесе оның уәкiлеттi органдары ұсынатын ракеталық-ғарыштық техникаларды "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшырудың жоспарларын қарайды және белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзедi;
      аэроғарыштық қызметiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар әзiрлейдi және жүзеге асырады;
      аэроғарыш ғылымының, перспективалық ғарыштық технологиялардың, техниканың және материалдардың жаңалықтары мен жетiстiктерiнiң ақпараттық-технологиялық банкiн құрады және жүргiзедi әрi олардың мемлекеттiң экономикасын дамыту мүддесiнде пайдаланылуына ықпал етедi;
      аэроғарыш ғылымы мен техникасының жетiстiктерiн, Қазақстан Республикасының ғарыш және әуе кеңiстiгiн зерттеу және пайдалау мақсаты мен жетiстiктерiн бұқаралық ақпарат құралдары мен арнаулы басылымдарда насихаттайды;
      белгiленген тәртiппен аэроғарыш қызметi саласындағы мемлекетаралық және халықаралық ұйымдарда, ғылыми және басқа да форумдарда, сауда-саттықтарда, аукциондарда және көрмелерде Қазақстан Республикасының мүдделерiн бiлдiредi;
      аэроғарыш техникаларын сертификаттауды және ғарыш кеңiстiгiн пайдалану жөнiндегi қызметтердiң барлық түрлерiн лицензиялауды ұйымдастырады.

                             V. Құқықтары

      10. Агенттiктiң өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру және функцияларды орындауы кезiнде өз құзыретiнiң шегiнде:
      "Байқоңыр" кешенi, оның iшiнде Ресей Федерациясы жалға алған, объектiлерiнiң пайдаланылуы жағдайына бақылау жасау мен қадағалауды жүзеге асыруға;
      белгiленген тәртiппен "Байқоңыр" кешенiн қоса алғанда, Қазақстан Республикасының аэроғарыш инфрақұрылымдары объектiлерiнiң базасында аэроғарыш саласының ұйымдарын құруға;
      мемлекеттiң атынан халықаралық жасанды жер серiгi және аэроғарыштық бағыттағы өзге де ұйымдардың мүшесi және қатысушысы болуға;
      белгiленген тәртiппен аэроғарыш саласының құрамына кiретiн ұйымдардың мемлекеттiк мүлiктерiн иелену, пайдалану және билiк ету құқықтары мәселелерiн шешуге;
      шетелдiк әрiптестермен аэроғарыштық жобаларды iске асыру жөнiнде келiсiм-шарттар жасасуға және оларды орындауға;
      белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарынан, ұйымдарынан, лауазымды тұлғаларынан және азаматтарынан аэроғарыштық қызметке қатысты ақпараттарды сұратуға және алуға;
      Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларда және тәртiппен ғарыш кеңiстiгiн пайдалану жөнiндегi қызметтердi лицензиялауды жүзеге асыруға;
      мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысты уәкiлеттi орган болуға;
      белгiленген тәртiппен аэроғарыштық бағдарламалар мен жобаларды жүзеге асыруға, жаңа ғарыштық технологиялар мен техникаларды әзiрлеуге бағытталған және ұйымдар мен азаматтардың ерiктi жарналарының есебiнен құрылатын қорларды ұйымдастыруға және оларға қатысуға;
      келiсiм-шарттық негiзде аэроғарыштық қызмет саласындағы тұжырымдамаларды, бағдарламаларды және жобаларды әзiрлеуге оның iшiнде басқа мемлекеттерден ғалымдар мен мамандарды тартуға;
      аэроғарыш салаларының проблемалары жөнiнде ғылыми-техникалық және арнаулы форумдарға қатысуға және өткiзуге, олардың шешiмдерi мен материалдарын жариялауға құқығы бар.

                  VI. Мiндеттерi мен жауапкершiлiгi

      11. Агенттiк өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыруы және функцияларды орындауы кезiнде:
      "Байқоңыр" ғарыш айлағы объектiлерiн сақтау және тиiмдi пайдалану жөнiндегi шараларды iске асыруды үйлестiруге;
      өз құзыретiнiң шегiнде аэроғарыш саласындағы ғылыми-техникалық кәсiпкерлiк пен инновациялық қызметтi дамытуға жәрдемдесуге;
      аэроғарыш тауарлары мен қызмет көрсетулерiнiң рыногын қалыптастыруға мiндеттi.
      12. Агенттiктiң директоры:
      "Байқоңыр" кешенi объектiлерiнiң сақталуы мен ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды әзiрлеу және iске асыру;
      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметiнiң арасындағы 1994 жылғы 10 желтоқсандағы "Байқоңыр" кешенiн жалға алу шарты бойынша жұмыстарды үйлестiру;
      Қазақстан Республикасының стратегиялық басымдықтарына сәйкес аэроғарыш саласын дамыту;
      Агенттiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшiн жеке жауапкершiлiкте болады.

                VII. Агенттiктiң қызметiн ұйымдастыру

      13. Агенттiктi Қазақстан Республикасының Ғылым министрi - Ғылым академиясы президентiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Директор басқарады.
      Директордың, оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Ғылым министрi - Ғылым академиясының президентi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын, "Байқоңыр" ғарыш айлағы басқармасын басқаратын орынбасары болады.
      14. Аэроғарыш саласындағы маңызды мәселелердi талқылау және

шешу үшiн Агенттiктiң ғылыми-техникалық кеңесi құрылады.
     Агенттiктiң ғылыми-техникалық кеңесiн Агенттiктiң директоры
басқарады. Ғылыми-техникалық кеңес пен оның құрамы туралы ереженi
Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясымен
келiсiм бойынша Агенттiктiң директоры бекiтедi.
     15. Директор:
     орынбасары мен Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының
арасында мiндеттердi бөледi;
     штат кестесiн бекiтедi;
     Агенттiктiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен
босатады;
     тәртiптiк шаралар қолданады;
     өз құзыретiнiң шегiнде бұйрықтар шығарады;


      "Байқоңыр" ғарыш айлағы басқармасы, Агенттiктiң құрылымдық

бөлiмшелерi туралы ережелердi және Агенттiктiң қарауындағы
ұйымдардың құрылтай құжаттарын бекiтедi;
     өз құзыретiнiң шегiнде, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес
мемлекеттiк органдарда және ұйымдарда Агенттiктi бiлдiредi;
     өзiнiң құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша
шешiмдер қабылдайды.
     16. Агенттiк қабылдайтын шешiмдер директордың бұйрығымен
ресiмделедi.
     17. Агенттiктiң директоры Қазақстан Республикасының Ғылым
министрлiгi - Ғылым академиясы алқасының мүшесi болып табылады.
     18. Агенттiктi тарату және қайта ұйымдастыру заңдарда
белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.

                                     Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                     1998 жылғы 4 мамырдағы
                                        N 397 қаулысымен
                                           бекiтiлген

           Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi -
           Ғылым академиясы Ұлттық аэроғарыш агенттiгiнiң
                              ҚҰРЫЛЫМЫ

     Аэроғарыштық бағдарламалар және халықаралық ынтымақтастық бөлiмi
     Ғарыштық техникалар мен технологияларды пайдалану жөнiндегi
бөлiм
     "Байқоңыр" ғарыш айлағы басқармасы (Байқоңыр қаласы)
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады