Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының Ұлттық аэроғарыш агенттiгi туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 11 шiлде N 1096. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.05.04. N 397 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi

 

- Ғылым академиясының Ұлттық аэроғарыш агенттiгi туралы ереже

бекiтiлсiн.

     2. "Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым

академиясы жанындағы Ұлттық аэроғарыш агенттiгi туралы" Қазақстан

Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 3 сәуiрдегi N 382 қаулысының



P960382_


  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 14, 112-құжат)

күшi жойылған деп танылсын.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрiнiң

       бiрiншi орынбасары


                                         Қазақстан Республикасы

                                               Үкiметiнiң

                                         1997 жылғы 11 шiлдедегi

                                            N 1096 қаулысымен

                                               бекiтiлген


           Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi -

         Ғылым академиясының Ұлттық аэроғарыш агенттiгi

                 (Ғылымминi-Ғылым академиясының

                  ұлтаэроғарышагенттiгi) туралы

                             ЕРЕЖЕ


     I. Жалпы ережелер



 
       1. Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының Ұлттық аэроғарыш агенттiгi (бұдан әрi - Агенттiк) Қазақстан Республикасының аэроғарыш қызметi саласындағы мемлекеттiк басқару органы болып табылады.
      2. Агенттiк Қазақстан Республикасы Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының құзыретi шегiнде аэроғарыш қызметi саласында арнайы атқарушы және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ салааралық үйлестiрудi және мемлекеттiк басқарудағы аэроғарыш саласында басшылық жасауды дербес жүзеге асырады.
      3. Агенттiктiң өз құзыретi шегiнде қабылдаған шешiмдерi барлық органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар мен азаматтардың атқаруы үшiн мiндеттi болып табылады.
      4. Агенттiк өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, Қазақстан Республикасының ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының шешiмдерiн, ғарыш және әуе кеңiстiгiн зерттеу мен пайдалану мәселелерi жөнiндегi халықаралық келiсiмдердi және шарттарды, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      5. Агенттiк шетелдiк әрiптестермен Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының құзыретi шегiнде аэроғарыштық жобаларды жүзеге асыру жөнiнде келiсiм-шарттар жасауға және оны атқаруға құқылы.
      6. Агенттiктiң аппаратын ұстауға жұмсалатын шығыстарды қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясын ұстауға көзделген қаржы есебiнен жүзеге асырылады.
      7. Агенттiк заңды тұлға болып табылады, банктерде шоттары, бюджеттiк жiктелу коды, фирмалық белгiсi, Қазақстан Республикасының елтаңбасы мен қазақ және орыс тiлдерiнде өзiнiң атауы бар мөрi болады.
      8. Агенттiктiң штаттық санын Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының Президентi айқындайды.
 

     II. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi,

         функциялары мен құқықтары


 
 
       9. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi:
      аэроғарыш қызметi саласында мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру;
      ғарыш және әуе кеңiстiгiн пайдалану, аэроғарыш инфрақұрылымының объектiлерiн конверсиялау, диверсификациялау жөнiндегi мемлекеттiк, мемлекетаралық бағдарламалар мен жобаларды жасау және жүзеге асыру;
      1994 жылдың 10 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ресей Федерациясы Үкiметi арасындағы "Байқоңыр" кешенiн жалға беру Шарты жөнiндегi жұмыстарды, Ресей Федерациясы жалға алған "Байқоңыр" кешенiнiң объектiлерiн пайдалану жағдайына және сақталуына бақылау жүргiзудi қоса, үйлестiрудi жүзеге асыру;
      "Байқоңыр" кешенiнiң мүлiктiк және шаруашылық мәселелерiн белгiленген тәртiппен шешу және Қазақстан Республикасының аэроғарыш инфрақұрылымы объектiлерiнiң, "Байқоңыр" кешенiнiң объектiлерiн қоса, сақталуын және тиiмдi пайдалануын қамтамасыз ету;
      Қазақстан Республикасында ғарыш кеңiстiгiн игеру, аэроғарыш техникасын пайдалану бойынша жүргiзiлiп жатқан жұмыстардың Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына, халықаралық құқық нормаларына, мемлекетаралық келiсiмдер мен шарттарға сәйкестiгiн бақылау;
      ғарышкердi даярлауды, аэроғарыш саласы үшiн кадрлар даярлауды және қайта даярлауды ұйымдастыру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу болып табылады.
      10. Агенттiк өзiне жүктелген мiндеттерге сәйкес:
      аэроғарыш саласының жай-күйiне және даму динамикасына талдау жасайды;
      "Байқоңыр" кешенiнiң объектiлерiн тиiмдi пайдалану жөнiндегi шараларды әзiрлеудi және жүзеге асыруды үйлестiредi;
      Қазақстан Республикасындағы және басқа мемлекеттердегi ғарыш кеңiстiгiн зерттеу және пайдалану саласындағы орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен, ұйымдармен өзара iс-қимыл жасайды;
      ғарыш кеңiстiгiн зерттеу жөнiндегi мемлекеттiк, мемлекетаралық бағдарламалар мен жобаларды жасайды және жүзеге асырады;
      аэроғарыштық, ракеталық-ғарыштық, оның iшiнде әртүрлi ұшу мақсатындағы жүйелер мен аппараттарды жасауға және пайдалануға қатысатын ұйымдар мен кәсiпорындардың ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарын мемлекеттiк реттеу және үйлестiрудi ұйымдастырады;
      Қазақстан Республикасында аэроғарыш саласын дамыту үшiн қажеттi құқықтық, экономикалық, экологиялық және ұйымдық нормалар мен жағдайлар жасау жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi;
      аэроғарыш саласының қызметiн құқықтық реттеу және осы саладағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру жөнiндегi нормативтiк құжаттарды әзiрлейдi;
      орталық және жергiлiктi атқарушы органдармен бiрлесiп Ресей Федерациясы Үкiметi немесе уәкiлеттi органдары жыл сайын ұсынатын ракета-ғарыш техникаларын "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ұшыру жоспарларын қарайды және Қазақстан Республикасы Үкiметiне белгiленген тәртiппен ұсыныс енгiзедi;
      аэроғарыш қызметiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды әзiрлейдi және жүзеге асырады;
      аэроғарыш ғылымы ашылымдарының, жаңалықтары мен жетiстiктерiнiң, перспективалық ғарыштық технологияның, техниканың және материалдарының ақпараттық-технологиялық банкiн құрады және жүргiзедi әрi олардың мемлекет экономикасын дамыту мүддесiне пайдаланылуына жәрдемдеседi;
      бұқаралық ақпарат құралдары мен арнайы басылымдарда аэроғарыш ғылымы мен техникасының жетiстiктерiн Қазақстан Республикасының ғарыш және әуе кеңiстiгiн зерттеу мен пайдаланудағы мақсаттары мен жетiстiктерiн насихаттайды;
      аэроғарыш қызметi саласындағы мемлекетаралық және халықаралық ұйымдарда, ғылыми және басқа форумдарда, саудада, аукциондарда, көрмелерде Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiредi;
      аэроғарыш техникаларын сертификаттауды және аэроғарыш қызметi саласында лицензиялауды ұйымдастырады және жүзеге асырады.
      11. Агенттiк өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру және өзiнiң құзыретi шегiнде мiндеттердi атқарған кезде мыналарға:
      "Байқоңыр" кешенi объектiлерiнiң, соның iшiнде Ресей Федерациясы жалға алғандарының пайдаланылу жағдайын және сақталуына бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға;
      өз құзыретi шегiнде аэроғарыш саласында шаруашылық жүргiзушi субъектiлермен арадағы даулы мәселелердi қарауға;
      аэроғарыш саласының құрамына кiретiн ұйымдардың мемлекеттiк мүлiктi иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы мәселелерiн белгiленген тәртiпте шешуге;
      Қазақстан Республикасының аэроғарыш қызметiне жататын мемлекеттiк органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдар мен азаматтардан белгiленген тәртiппен ақпарат сұратуға және алуға;
      Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайлар мен тәртiпте ғарыштық қызметтi лицензиялауды жүзеге асыруға;
      мемлекеттiк кәсiпорындарға қатысы бойынша уәкiлеттi орган ретiнде, олардың жарғыларын бекiтуге, оларға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыруға, мемлекеттiк кәсiпорындардың басшыларын тағайындауға;
      кәсiпорындардың, мекемелердiң және өзге де ұйымдардың ерiктi жарналары есебiнен құрылатын және аэроғарыш бағдарламалары мен жобаларын жүзеге асыруға, жаңа ғарыш технологиялары мен техникаларын жасауға бағытталған қорларды белгiленген тәртiппен ұйымдастыруға және қатысуға;
      аэроғарыш қызметi саласындағы тұжырымдамаларды, бағдарламалар мен жобаларды әзiрлеуге ғалымдар мен мамандарды, соның iшiнде басқа мемлекеттерден де келiсiм-шарт негiзiнде тартуға;
      аэроғарыш салаларының проблемалары бойынша ғылыми-техникалық және арнаулы форумдарға қатысуға және өткiзуге, олардың шешiмдерi мен материалдарын жариялауға;
      аэроғарыш саласының маңызды проблемаларын талқылау және шешу үшiн ғылыми-техникалық кеңес құруға құқылы.
 
      III. Агенттiктiң қызметiн ұйымдастыру
 
      12. Агенттiктi Қазақстан Республикасының Ғылым министрi - Ғылым академиясы президентiнiң ұсынысымен Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Директор басқарады.
      Директордың "Байқоңыр" ғарыш айлағының басқармасын басқаратын, қызметке Агенттiк Директорының ұсынысымен Қазақстан Республикасының Ғылым министрi - Ғылым академиясының президентi тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары болады.
      13. Директор Агенттiктiң жұмысын ұйымдастырады және басқаруды жүзеге асырады және Агенттiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуына және өзiнiң функцияларын жүзеге асыруға жеке жауапкершiлiкте болады.
      14. Директор:
      орынбасары мен Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының арасындағы мiндеттердi бөледi;
      Қазақстан Республикасының Ғылым министрi - Ғылым академиясының

 

Президентi айқындаған құрылымға және штат санына сәйкес штаттық

кестенi бекiтедi;

     Агенттiк қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен

босатады;

     тәртiптiк жазалар қолданады;

     өзiнiң құзыретi шегiнде бұйрықтар шығарады;

     "Байқоңыр" ғарыш айлағы басқармасы, Агенттiктiң құрылымдық

бөлiмшелерi туралы ережелердi және оған бағыныстағы мемлекеттiк

кәсiпорындардың жарғыларын бекiтедi;

     қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өз құзыретi шегiнде Агенттiктi

мемлекеттiк органдарда және ұйымдарда бiлдiредi;

     өзiнiң құзыретiне жатқызылған басқа мәселелер жөнiнде шешiмдер

қабылдайды.

     15. Агенттiк қабылдаған шешiмдер директордың бұйрығымен

ресiмделедi.


 
       16. Агенттiктiң директоры Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының алқа мүшесi болып табылады.
      17. Директор Агенттiктiң ғылыми-техникалық кеңесiн басқарады және Қазақстан Республикасының Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясының келiсiмi бойынша ол туралы Ереже мен оның құрамын бекiтедi.
      18. Агенттiктi тарату мен қайта ұйымдастыру заңда белгiленген тәртiппен жүргiзiледi.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады