"Маңғышлақ атом энергия комбинаты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының мәселелерi<*>

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 13 мамыр N 432. Күші жойылды - ҚРҮ-нің 1999.01.05. N 7 қаулысымен. ~P990007

      "Маңғышлақ атом энергия комбинаты" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының (бұдан әрi - "МАЭК" кәсiпорны) төлем қабiлетсiздiгiне байланысты дағдарысты шешу және өзiнiң әлеуметтiк-экономикалық маңызына орай тiкелей мемлекеттiк басқаруды талап ететiн "МАЭК" кәсiпорнының мүлкiн мемлекет меншiгiнде сақтап қалу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы "Маңғыстау тұщыландыру кешенi" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
      Кәсiпорынның негiзгi мiндетi ауызсу, тазартылған және техникалық су шығарумен және оны тұтынушыларға берумен байланысты қызметтi жүзеге асыру болып табылады.
      Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Кәсiпорынға қатысты мемлекеттiк меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын уәкiлеттi орган болып белгiленсiн.
      2. Уәкiлеттi орган бiр ай мерзiм iшiнде БН-350 реакторының қауiпсiз пайдаланылуын қамтамасыз ететiн қажеттi шараларды қарастыра отырып, кәсiпорынның жарғылық капиталына беретiн "МАЭК" кәсiпорны мүлкiнiң тiзбесiн заңдарда белгiленген тәртiппен айқындасын;
      Кәсiпорынның жарғысын бекiтсiн және кәсiпорынды әдiлет органдарында тiркесiн;
      заңдарда белгiленген тәртiппен Кәсiпорынның басшысын тағайындасын және онымен келiсiм шарт жасассын;
      Кәсiпорын белгiленген тәртiппен мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн, оны Республикалық мемлекеттiк кәсiпорындардың тiзбесiне енгiзу туралы қаулының жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметiне енгiзсiн;
      мына мүлiктi:
      Кәсiпорынның жарғылық қорына берiлген;
      "МАЭК" кәсiпорнының балансында қалған мүлiктi бiрыңғай жедел-техникалық басқаруды қамтамасыз етсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi, Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөнiндегi агенттiгi, Қаржы министрлiгi Маңғыстау облысының әкiмiмен бiрлесе отырып, 1998 жылдың 1 шiлдесiне дейiн халықты сумен жабдықтауды және аймақты газбен жабдықтауды ұйымдастыру схемасын әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсынсын.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру департаментi "Маңғыстау өнеркәсiп компаниясы" акционерлiк қоғамымен бiрлесе отырып бiр ай мерзiм iшiнде "МАЭК" кәсiпорнының аудитiн аяқтасын және оның нәтижелерiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына ұсынсын.
      5. "Маңғыстау облысының өнеркәсiптiк кешенiн қайта құрылымдау жөнiндегi бiрiншi кезектегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 6 ақпандағы N 83 P980083_ қаулысының 1-тармағының екiншi және үшiншi абзацтарының күшi жойылған деп танылсын.
      6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары А.С.Павловқа жүктелсiн.
 

     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады