"Жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге беру туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 10 сәуiрдегi N 526 P970526_ қаулысымен бекiтiлген Жер қойнауын пайдалану құқығын кепiлге беру туралы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. "Ащполиметалл" акционерлiк қоғамына Құмықты тобының алтын руда кен орындарын барлау мен игеру құқығына 1996 жылғы 23 мамырдағы МГ N 176Д (Келiншектау), 1996 жылғы 23 мамырдағы МГ N 436Д (Жолбарысты), 1996 жылғы 23 мамырдағы МГ N 435 (Шован), 1996 жылғы 23 мамырдағы МГ N 177Д (Төменгi Құмықты) Лицензияларымен берiлген жер қойнауын пайдалану құқығын "Varanus Properties Incorported" компаниясына кепiл ретiнде беруге рұқсат етiлсiн.
Лицензия шарттары бұзылған жағдайда Лицензиялар керi қайтарып
алынуы мүмкiн.
1998 жылдың 1 қазанына дейiнгi мерзiмде Кепiл шарты жасалмаған
жағдайда бұл Рұқсаттың күшi жойылады.
2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан
Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне
жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi