Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң сырттан қарыз алу жөнiндегi комитетiнiң мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 3 маусым N 510. Күшi жойылды - ҚР Үкiметiнiң 1999.05.14. N 574 қаулысымен. ~P990574

      "Қазақстан Республикасында мемлекеттiк басқарудың пәрмендiлiгiн одан әрi арттыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655 U973655_ Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 45, 410-құжат) және "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655 Жарлығын жүзеге асыру мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметінiң 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1551 P971551_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Сырттан қарыз алу жөнiндегi комитетi туралы ереже бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы қаржы министрлiгiнiң сырттан қарыз алу

жөнiндегi комитетiнiң құрылымы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
     3. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Сырттан қарыз алу
жөнiндегi комитетi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 15 шiлдедегi N 1111  

P971111_

  қаулысының
күшi жойылған деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997
ж., N 32, 294-құжат).

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                       1998 жылғы 3 маусымдағы
                                           N 510 қаулысымен
                                            бекiтiлген

             Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң
             Сырттан қарыз алу жөнiндегi комитетi туралы

                                ЕРЕЖЕ
                               МИССИЯСЫ



      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк сыртқы заемдарды және мемлекеттiк емес заемдарды тартуға қатысу, жүзеге асыру және пайдалану процестерiн басқару.

                           I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Сырттан қарыз алу жөнiндегi комитетiнiң (бұдан әрi - Комитет) құқықтық негiздерiн, қызмет принциптерi, мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн белгiлейдi.
      2. Комитет Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кееiлдiгi бар Қазақстан Республикасының дамуына ресми көмек аясында мемлекеттiк сыртқы заемдарды және мемлекеттiк емес сыртқы заемдарды тарту және пайдалану жөнiндегi мемлекеттiк басқаруды және реттеудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
      3. Комитет өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Парламентi мен Үкiметiнiң актiлерiн, өзге де нормативтiк және құқықтық актiлердi, халықаралық шарттарды, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      4. Комитеттi ұстауға арналған шығыстарды қаржыландыру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiн ұстауға көзделген республикалық бюджеттiң қаражаттары есебiнен жүзеге асырылады.
      5. Комитеттiң құрылымын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      6. Комитет заңды тұлға болып табылады, банктерде шоттары, мемлекеттiк тiлде өз атауы жазылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген мөрi және бланкiлерi болады.

                            II. БАСЫМДЫҚТАРЫ

      7. Комитет өз қызметiнде мынадай басымдықты:
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк сыртқы заемдарды және мемлекеттiк емес сыртқы заемдарды ұтымды тартуды және пайдалануды қамтамасыз етудi басшылыққа алады.

                        III. НЕГIЗГI МIНДЕТТЕРI

      8. Комитеттiң негiзгi мiндеттерi:
      мемлекеттiк кепiлдiктегi мемлекеттiк сыртқы заемдарды, мемлекеттiк емес сыртқы заемдарды тарту және пайдалану саласында мемлекеттiк саясатты жүргiзуге қатысу;
      мемлекеттiк кепiлдiктегi мемлекеттiк сыртқы заемдарды және мемлекеттiк емес сыртқы заемдарды мақсатты пайдалануды бақылау және мониторинг болып табылады.

                            IV. ФУНКЦИЯЛАРЫ

      9. Комитет қойылған мiндеттердi iске асыру үшiн мынадай функцияларды жүзеге асырады:
      мемлекеттiк сыртқы заемдарды және оларды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджетiнiң қоса қаржыландыруының көлемдерiн айқындау бөлiгiнде Қазақстан Республикасының тиiстi қаржы жылына арналған мемлекеттiк бюджетiнiң жобасын дайындауға қатысады;
      мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк сыртқы заемдардың және мемлекеттiк емес сыртқы заемдардың есебiнен жүзеге асыруға жоспарланған жобаларды дайындауды ұйымдастырады және оған қатысады;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк сыртқы заемдарды және мемлекеттiк емес сыртқы заемдарды тарту, беру шарты және мерзiмi жөнiндегi келiссөздердi жүргiзудi ұйымдастырады және оған қатысады;
      нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлейдi, әдiстемелiк көмек көрсетедi, ұйымдардың Халықаралық қаржылық экономикалық ұйымдардың және донорлық агенттiктердiң ережелерi мен рәсiмдерiн сақтауға бақылау жасауды жүзеге асырады;
      мемлекеттiк сыртқы заемдардың мақсатты пайдаланылуын бақылауды ұйымдастырады;
      қол қою үшiн мемлекеттiк сыртқы заемдар туралы келiсiмдердiң жобасын әзiрлейдi;
      мемлекеттiк сыртқы заемдар туралы келiсiмдердi бекiтуге қажеттi құжаттарды әзiрлейдi;
      мүдделi министрлiктердiң, ведомстволардың, мемлекеттiк комитеттердiң және өзге де ұйымдардың қатысуымен мемлекеттiк сыртқы заемдар туралы келiсiмдердi жүзеге асыру жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiнiң жобасын дайындайды;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Бюджет департаментiмен бiрлесiп несиелiк шарттардың, мемлекеттiк сыртқы заемшылардың қаражаттарын және түпкi заемшылармен және екiншi деңгейдегi қазақстандық банктермен (бұдан әрi - екiншi деңгейдегi банктер) бiрге мемлекеттiк бюджетке Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қоса қаржыландыру үлесiн қайтару туралы iшкi келiсiмдердiң жобаларын дайындайды;
      мемлекеттiк емес сыртқы заемдарға мемлекет кепiлдiгiн беру туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiмдерiнiң жобасын дайындайды;
      белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк сыртқы заемдардың және мемлекеттiк емес сыртқы заемдардың қаражаттарынан қаржыландырылатын тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулердi сатып алу жөнiнде тендерлер (конкурстар) өткiзуге қатысады;
      сыртқы заем қаражаттарын есепке алуды жүзеге асырады, өзiнiң құзыретi шегiнде оларды пайдалану прцесiн ұйымдастырады және қамтамасыз етедi;
      министрлiктер, ведомстволар, мемлекеттiк комитеттер, жергiлiк атқару органдары, мемлекеттiк кәсiпорындар мен басқа да заңды тұлғалар үшiн мiндеттi мемлекеттiк сыртқы заемдарды тарту жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi және басқа да шешiмдердi әзiрлеуге қатысады;
      мемлекеттiк сыртқы заемдардың қаражатынан қаржыландыру жоспарланған сыртқы заем жобаларының қаржылық ережелерiне сәйкес тексерудi жүзеге асырады;
      заңды тұлғалармен - сыртқы қарыздарды алушылармен бiрлесе отырып, мемлекеттiк сыртқы заемдардың қаражаттарын алатын өтiнiмдерге қол қояды;
      конкурстық негiзде iрiктеудi ұйымдастырады және мемлекеттiк кепiлдiктегi мемлекеттiк сыртқы заемдарға және мемлекеттiк емес сыртқы заемдарға қызмет көрсетуге Ұлттық Банктiң келiсiмi бойынша екiншi деңгейдегi қазақстандық банктерге уәкiлеттiк бередi;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тапсырмасы бойынша мемлекеттiк кепiлдiктегi мемлекеттiк сыртқы заемдардың және мемлекеттiк емес сыртқы заемдардың шарттары және беру мерзiмi, игеруi жөнiнде халықаралық деңгейде келiссөздер жүргiзедi;
      қолданылып жүрген заңдардың қолдану тәжiрибесiне талдау жасауды және мемлекеттiк кепiлдiктегi мемлекеттiк сыртқы заемдар мен мемлекеттiк емес сыртқы заемдарды тарту және пайдалану саласындағы заңдарды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар әзiрлейдi.

                              V. ҚҰҚЫҚТАРЫ

      10. Комитетке өзiне жүктелген функцияларды орындауы үшiн:
      халықаралық қаржылық және экономикалық ұйымдардың және донор-елдердiң өкiлдерiмен техникалық келiссөздерге, өзара түсiнiстiк хаттамасына, меморандумдарға қол қою;
      мемлекеттiк сыртқы заемдардың қаржылары есебiнен қаржыландырылатын мемлекеттiк инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында және олар бойынша келiсiмдердiң шарттарына сәйкес екiншi деңгейдегi банктерде және шетелдiк қаржылық институттарында белгiленген тәртiппен арнайы шоттар ашу;
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет департаментiмен бiрлесiп екiншi деңгейдегi банктермен мемлекеттiк емес сыртқы заемдарға мемлекеттiк кепiлдiктi қамтамасыз ету жөнiнде агенттiк келiсiмдер жасасу;
      Комитет тендер өткiзудiң белгiленген ережесi (рәсiмi) бұзылған жағдайда, тендерлiк комиссияның шешiмiн жою жөнiнде шаралар қолдануға құқылы;
      донорлардың жасасқан келiсiм-шарт ережелерiн (рәсiмдерiн) бұзғандығы және мемлекеттiк сыртқы заемдардың қаражаттарын мақсатқа сай пайдаланылмағаны анықталған жағдайда, мемлекеттiк сыртқы заемдар бойынша пайдаланушыларға төлем жасауды жүзеге асыруды тоқтата тұру;
      белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк сыртқы заемдарды және мемлекеттiк емес сыртқы заемдарды тарту саласындағы республика мүдделерiн халықаралық деңгейде бiлдiру;
      жобаларды жүзеге асыруға қатысатын министрлiктерден, ведомстволардан, мемкомитеттерден және басқа ұйымдардан мемлекеттiк сыртқы заемдарды игеру жөнiндегi есептердi сұрау және алу;
      Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша Қазақстан

Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiнiң орындалуына бақылау және
тексерудi жүзеге асыру құқығы берiледi.

                            VI. МIНДЕТТЕРI

     11. Комитет өз қызметiнде мынадай мiндеттердi орындайды:
     мемлекеттiк инвестициялық бағдарламаларды орындау үшiн сыртқы
заемдарды тартуды қамтамасыз етедi;
     Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктегi мемлекеттiк
сыртқы заемдардың және мемлекеттiк емес сыртқы заемдардың қаражаттарын
ұтымды жне мақсатты пайдаланылуына мемлекеттiк бақылауды iске асырады.

                         VII. ЖАУАПКЕРШIЛIГI

     12. Комитет өз қызметiн жүзеге асыруы кезiнде:
     мемлекеттiк кепiлдiктегi мемлекеттiк сыртқы заемдар мен
мемлекеттiк емес сыртқы заемдарды пайдалану туралы ақпараттық
дұрыстығы үшiн;


      сыртқы қарыз алу саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының, Халықаралық қаржылық және экономикалық ұйымдардың және донорлық агенттiктердiң ережелерi мен рәсiмдердiң сақталуы үшiн заңдарда белгiленген жауапкершiлiкте болады.

                VIII. КОМИТЕТ ҚЫЗМЕТIНIҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ

      13. Комитеттi Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады. Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрi қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Комитет төрағасының орынбасары болады.
      14. Комитет төрағасы Комитет жұмысын ұйымдастырады және басшылық етудi жүзеге асырады және Комитетке жүктелген мiндеттердi орындауға және оның өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауап бередi.
      Комитет төрағасы осы мақсатта:
      өз орынбасарының және Комитеттiң құрылымдық бөлiмшелерi басшыларының мiндеттерiн және жауапкершiлiк дәрежесiн белгiлейдi;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрi бекiткен лауазымдар номенклатурасына сәйкес Комитет қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, сондай-ақ оларға тәртiптiк жазалар қолданады;
      өз өкiлеттiлiгi шегiнде Комитеттi қолданылып жүген заңдарға

сәйкес мемлекеттiк органдарда және өзге де ұйымдарда бiлдiредi;
     Комитеттiң құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша халықаралық
ұйымдарда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мүдделерiн бiлдiредi,
сондай-ақ өзiнiң құзыретiне жатқызылған басқа да мәселелер жөнiнде
шешiмдер қабылдайды.
     Комитет төрағасының шешiмi бұйрықтар нысанында ресiмделедi.
     15. Комитеттi тарату және қайта ұйымдастыру заңдарда белгiленген
тәртiппен жүзеге асырылады.

                                       Қазақстан Республикасы
                                       Үкiметiнiң
                                       1198 жылғы 3 маусымдағы
                                       N 510 қаулысына
                                       қосымша

         Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Сырттан
                   қарыз алу жөнiндегi комитетiнiң

                               ҚҰРЫЛЫМЫ

     Жобаларды дайындау басқармасы
     Жобаларды iске асыру басқармасы
     Қаржылық қызмет көрсету басқармасы
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады