Алкогольдi өнiмдердiң айналымын реттеу жөнiндегi шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 16 маусым N 543. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.11.08. N 1683 қаулысымен. ~P001683

      Алкогольдi өнiмдердiң айналымында мемлекеттiк бақылауды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Табиғи көлемдерiне қарамастан, этил спиртiнiң көлемдiк құрамы 12 проценттен астам алкогольдi өнiмдердi сатуды тиiстi лицензиясы бар көтерме сауда ұйымдары мен сатып алушыларға қызмет көрсетуге арналған стационарлық сауда мекен-жайлары (сауда залдары) және фискальды зерделi кассалық аппараты бар бөлшек сауда ұйымдары жүзеге асыратын тәртiп орнатылсын.
      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық полициясы комитетi Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi Алкогольдi өнiмдердi өндiруге және олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жасау жөнiндегi комитетiнiң келiсiмi бойынша осы қаулының

 

1-тармағының атқарылуына бақылау жасауды жүзеге асырсын.

     3. Орталық және жергiлiкті атқарушы органдар бұрын қабылданған

шешiмдердi осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.

     4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап екi айдан кейiн күшiне

енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады