Инвестициялық жобаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігіне сырттан заем алудың есебінен қаржыландыру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 14 шілдедегі N 669. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 27 шілдедегі N 781 қаулысымен

 

        "Сыртқы қарыз алу және сыртқы борышты басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына  Z970090_ сәйкес және Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігіне мемлекеттік емес сыртқы заем тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Астана қаласының әуежайын қайта жаңарту мен құрылымын дамыту және "Кең Дала" акционерлік қоғамының мемлекеттік емес сыртқы заемын қайта қаржыландыру жобалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Астана қаласындағы әуежайды қайта жаңарту жобасын қаржыландыру үшін қаражат тарту жөніндегі шаралар туралы" 1998 жылғы 1 сәуірдегі N 278  P980278_ және "Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес сыртқы заемды қайта қаржыландыру туралы" 1998 жылғы 12 маусымдағы N 529  P980529_ қаулыларына сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігіне "Ақмола Қоры" жабық акционерлік қоғамы алатын 50 миллион АҚШ доллары сомасындағы сыртқы заемның есебінен қаржыландырылатын инвестициялық жобалар ретінде белгіленсін. 
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан 

  Республикасының мемлекеттік кепілдігін 1-тармақта көрсетілген заем бойынша 

сыртқы кредиторға берсін, сондай-ақ осы қаулыдан туындайтын қажетті 

шараларды қабылдасын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

           Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады