Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 5 сәуiрдегi N 3445 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1998 жылғы 30 маусымдағы N 3988. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2000.03.06. N 349 жарлығымен. ~U000349

      Экономиканың басым секторларында инвесторлармен контракт жасасу кезiнде жеңiлдiктер мен преференциялар беру рәсiмiн жетiлдiру мақсатында қаулы етемiн:
      1. "Инвесторлармен контракт жасасу кезiндегi жеңiлдiктер мен преференциялар жүйесi және оларды берудiң тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 5 сәуiрдегi N 3445 U973445_ Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997ж., N 14, 102-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      жоғарыда аталған Жарлықпен бекiтiлген Инвесторлармен контракт жасасу кезiндегi жеңiлдiктер мен преференциялар жүйесi және оларды берудiң тәртiбi туралы ережеге:
      1) I бөлiмде:
      атауы "мақсаты" деген сөзден кейiн "және шарттары" деген сөздермен толықтырылсын;
      1-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi және үшiншi абзацтармен толықтырылсын:
      "Жеңiлдiктер мен преференциялар беру инвестициялық жоба өтiнiмiн және контракт жобасын кешендi сараптамадан өткiзу нәтижелерi бойынша "Тiкелей инвестицияларды мемлекеттiк қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 28 ақпандағы Заңына және осы Ережеге сәйкес мөлшерде, тәртiп пен мерзiмге Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң контрактiлер жасасуы жолымен жүзеге асырылады.
      Тiкелей инвестициялардың көлемi Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi белгiлеген шектi мөлшерден аспайтын контракт жасалған жағдайда жеңiлдiктер (кеден жеңiлдiктерiнен басқа) мен преференциялар Комитет белгiлеген стандарттарға сәйкес берiледi";
      2) II бөлiмде:
      2-тармақта:
      бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тiкелей инвестициялардың көлемi Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi мемлекеттiк комитетi белгiлеген шектi мөлшерден асатын контрактiлер жасалған кезде жеңiлдiктер мен преференциялар беру үшiн негiзгi өлшемдер мыналар болып табылады:";
      4-тармақшаның екiншi абзацындағы "проценттiк ставкалар" деген сөздер "сыйақы "мүдде" ставкалары" деген сөздермен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "2-1. Комитет белгiлеген стандарттарға сәйкес жеңiлдiктер мен преференциялар берiлетiн инвестициялық жобалар үшiн жеңiлдiктер мен преференциялар берудiң өлшемдерi мыналар болып табылады:
      жобаның экономикалық басым секторларына тиесiлiлiгi;
      тiкелей инвестициялардың жалпы көлемi.
      2-2. Осы Ереженiң 2-тармағында белгiленген өлшемдердi айқындаудың тәртiбiн Комитет реттейдi";
      3) IV бөлiм мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
      "6-1. Комитет белгiлеген стандарттарға сәйкес жеңiлдiктер мен преференциялар берiлген кезде осы Ереженiң 4, 5 және 6-тармақтары қолданылмайды";
      4) V бөлiм мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
      "9-1. Комитет белгiлеген стандарттарға сәйкес жеңiлдiктер мен преференциялар берiлген кезде осы Ереженiң 7, 8 және 9-тармақтары қолданылмайды";
      5) VI бөлiмнiң 10, 11-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
      "10. Инвестор жобаны жүзеге асыру үшiн қажет сырттан әкелiнетiн тауарларға кеден бажын төлеуден босатылады. Мұндай босату инвесторға сырттан әкелiнетiн тауардың белгiлi бiр көлемiне және Комитетпен жасалған контрактiде белгiленген мерзiмге берiледi.
      11. Комитет белгiлеген стандарттарға сәйкес жеңiлдiктер мен преференциялар берiлген кезде осы Ереженiң 10-тармағы қолданылмайды".
      2. Осы Жарлық ол күшiне енгеннен кейiн жеңiлдiктер мен

преференциялар беру жөнiнде туындаған қарым-қатынастарға
қолданылады. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi
мемлекеттiк комитетi инвесторларға осы Жарлық күшiне енгенге дейiн
берген жеңiлдiктер мен преференциялар жасалған контрактiлердiң
шарттарына сәйкес өз күшiн сақтайды.
     3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
           Президентi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады