Өкілеттік мандаттарын беру жөніндегі инвестициялық тендердің жеңімпазы - инвестициялық банктермен және компаниялармен келіссөз жүргізудің қорытынды кезеңінің нәтижелеріне сүйене отырып, қор нарықтарында қазақстандық компаниялар акцияларының мемлекеттік пакеттерін сату үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен "Қазкоммерц Секьюритиз" және "Глобал Менкул Дегерлер А.С." акционерлік қоғамы құрамындағы консорциум арасындағы "Өскемен титан-магний комбинаты" ашық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакеттерінің бір бөлігін орналастыру жөніндегі 1998 жылғы 17 сәуірдегі Келісімнің шарттары мақұлдансын.
2. "Кредит Суисс Ферст Бостон (Еуропа) Лимитед" инвестициялық банкі, "Қазақстан Халықтық Акционерлік Жинақ Банкі" жабық акционерлік қоғамы және Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы "Қазақмыс" корпорациясы" ашық акционерлік қоғамының қарапайым акцияларын халықаралық және ішкі қор нарықтарында құрама орналастыру жөніндегі 1998 жылғы 17 сәуірдегі Келісімнің шарттары мақұлдансын.
3. "Кредит Суисс Ферст Бостон (Еуропа) Лимитед" инвестициялық банкі,"
Қазақстан Халықтық Акционерлік Жинақ Банкі" жабық акционерлік қоғамы және
Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы "Маңғыстаумұнайгаз" ашық
акционерлік қоғамының қарапайым акцияларын халықаралық және ішкі қор
нарықтарында құрама орналастыру жөніндегі 1998 жылғы 17 сәуірдегі
Келісімнің шарттары мақұлдансын.
4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігіне жүктелсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі