Оңалту рәсімдерін қолданудың қанағаттанғысыз нәтижелеріне, "Тың тау- кен - химия комбинаты" ашық үлгідегі акционерлік қоғамының ауыр қаржы- экономикалық жағдайына және оның дәрменсіздігіне байланысты, "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына Z970067_ сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бiр апта мерзім ішінде "Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөніндегі агенттiк" акционерлік қоғамына "Тың тау-кен - химия комбинаты" ашық үлгідегі акционерлік қоғамының кредиторлық және дебиторлық берешектерін таратып көрсетуді қоса алғанда қаржы-экономикалық жағдайын сипаттайтын барлық қажетті құжаттаманы, кредиторлар талабының тізілімін жолдасын.
2. "Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөніндегі агенттік" акционерлік қоғамы:
1) қажетті құжаттарды алған күннен бастап бiр апта мерзім ішінде Қазақстан Республикасының сот органдарына қолданылып жүрген заңдарға сәйкес "Тың тау-кен - химия комбинаты" ашық үлгідегі акционерлік қоғамына қатысты банкроттық туралы ic қозғау туралы талап-арызбен өтінім жасасын;
2) сотқа конкурстық басқарушының кандидатурасын ұсынсын;
3) кредиторлар комитетіне өкілдің кандидатурасын белгілесін.
3. "Тың тау-кен - химия комбинаты" ашық үлгідегі акционерлік қоғамының маңызды стратегиялық мәні ескеріле отырып конкурстық массаны сатудың:
1) Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің қорытындысын ескере отырып, "Тың тау-кен - химия комбинаты" ашық үлгідегі акционерлік қоғамының конкурстық массасын "Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату жөніндегі агенттік" акционерлік қоғамы сатуының жоспарын бекітуді;
2) "Тың тау-кен - химия комбинаты" ашық үлгідегі акционерлік қоғамының мүліктік кешенін бірыңғай лотпен сатуды;
3) өндiрiс циклының және табиғат қорғау объектілері мен Степногор қаласының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету объектілерінің жұмысын қамтамасыз етудің үздіксіздігін сақтай отырып банкроттық рәсімдерін жүргізуді;
4) конкурстық басқарушыға қолданылып жүрген заңдарға сәйкес "Тың тау- кен - химия комбинаты" ашық үлгідегі акционерлік қоғамының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында шарттар жасасу құқығын беруді;
4-1) конкурстық басқарушыға конкурстық массаны өндірісте тауарлық- материалдық құндылықтар, өндірістік сипаттағы қызмет көрсетулер және негізгі қорлар бөлігінде пайдалану құқығын беруді;
5) "Тың тау-кен - химия комбинаты" ашық үлгідегі акционерлік қоғамының қызметкерлерімен еңбек шарттарының үздіксіздігін және осы шарт бойынша мүліктік кешенді сатып алушының құқықтық мұрагерлiгiн қамтамасыз етуді;
6) сатып алушының конкурстық массаны сатудан түскен қаражат жеткіліксіз болған жағдайда үшінші кезектегі кредиторлардың талаптарын мұндай кредиторлардың өкілетті өкілдерімен келісім бойынша өтеу жөніндегі міндеттемесін;
7) конкурстық массаның құрамына кірмейтін мүлікті пайдаланған кезде сатып алушының конкурстық ic жүргізу кезеңінде өтеу жөніндегі шығыстарды сатып алу бағасына кіргізбестен "Тың тау-кен химия комбинаты" ашық үлгідегі акционерлік қоғамының тоқтаусыз жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге байланысты шығындарды өтеуін көздейтін конкурстық массаны сатудың ерекше шарттары мен тәртібi белгіленсін.
8) конкурстық басқарушы конкурстық массаның құрамына кіретін мүлікті тауарлық-материалдық құндылықтар, өндірістік сипаттағы қызмет көрсетулер және негізгі қорлар бөлігінде пайдаланғанда, олардың құны сатып алу құнына енгізіледі.
ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгертілді және толықтырылды - ҚРҮ-нің 1998.11.23.
N 1189 қаулысымен.
4."Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы "Тың тау-кен - химия
комбинаты" ашық үлгідегі акционерлік қоғамының банкроттығы рәсiмiн жүргізу
кезеңінде осы қаулының З-тармағының 2)-тармақшасына сәйкес қаржыландыруды
қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары А.С.Павловқа жүктелсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі