Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 тамыздағы N 726 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 23 қараша N 1189

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Тың тау-кен химия комбинаты" акционерлік қоғамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 1 тамыздағы N 726 P980726_ қаулысына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      3-тармақта:
      мынадай мазмұндағы 4-1)-тармақшамен толықтырылсын:
      "4-1) конкурстық басқарушыға конкурстық массаны өндірісте

 

тауарлық-материалдық құндылықтар, өндірістік сипаттағы қызмет көрсетулер

және негізгі қорлар бөлігінде пайдалану құқығын беруді";

     7)-тармақша "сатып алушының" деген сөздердің алдынан "конкурстық

массаның құрамына кірмейтін мүлікті пайдаланған кезде" деген сөздермен

толықтырылсын;

     мынадай мазмұндағы 8)-тармақшамен толықтырылсын:

     "8) конкурстық басқарушы конкурстық массаның құрамына кіретін мүлікті

тауарлық-материалдық құндылықтар, өндірістік сипаттағы қызмет көрсетулер

және негізгі қорлар бөлігінде пайдаланғанда, олардың құны сатып алу

құнына енгізіледі".


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады