Жекелеген отандық өндiрушiлердi қолдау мәселелерi

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1998 жылғы 13 тамыздағы N 763

      Отандық өндiрушiлердi қолдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi жүйелердің регламенттік сынақтарының нәтижелерін және тиісті кәсіпорындардың аталған шығындарды төмендету жөніндегі өткізетін шараларын есепке ала отырып, жылу энергиясын бөлу кезіндегі жылу шығындарының нормативтерiн қайта қарасын. 
       ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚРҮ-нің 1998.12.21. N 1303  қаулысымен .  
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi АҚШ-тың Қазақстандағы елшiлiгi мен Қазақстан Республикасының АҚШ-тағы елшілігіне американ рыногындағы қазақстандық ферросилицийларға демпингке қарсы баждардың күшiн жою туралы хат дайындасын. 
      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетiмен бiрлесiп, кәсiпорындарға арналған су жинауы лимитiнiң шегiнде қайтарылған суды пайдалану үшiн тарифтердiң ставкаларын төмендету туралы мәселенi қарасын және оны Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына енгiзсiн. 
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық комитетi Батыс Қазақстан облысы бойынша Салық комитетiнiң заңды тұлғалардан табыс салығы бойынша негiзсiз алған 110722435 теңге соманы "Интергаз Орталық Азия" жабық акционерлiк қоғамына заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы бойынша басқа салықтарды төлеу есебiне есептесiн. 
      5. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi комитетi: 
      Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiмен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кеден комитетiмен және "Акцепт" фирмасымен (келiсiм бойынша) бiрлесiп кеден декларацияларының электрондық көшiрмелерi үшiн ақы төлеудi төмендету туралы мәселенi қарасын; 
      Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлiгi бекiткен желiлердегi шығындардың жаңа нормативтерiн ескере отырып "Алматы Пауэр Консолидэйтед" жабық акционерлiк қоғамы өндiретiн жылу энергиясына тарифтердiң деңгейiн қарасын; 
      Қырғыз айналма газ құбыры пайдалануға енгiзiлгеннен кейiн газды тасымалдауға арналған тарифте оның құрылысына салынған қаражатты қайтаруды ескерсiн. 
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000.03.31. N 485  қаулысымен .  
      6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Алматы Пауэр Консолидэйтед" жабық акционерлiк қоғамының "Шетелдiк инвестициялар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес сатып алу-сату шартын жасасу сәтiне дейiн қолданылған салықты есептеудiң кассалық әдiсiне көшуi мәселесiн шешсiн. 
      7. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Кеден комитетi: 
      "Полторацкое" жерасты газ қоймасының пломбасын алсын, 1998 жылы Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтетiн өзбек газының көлемiн декларациялауды "Орталық Азия Интергаз" жабық акционерлiк қоғамы мен Өзкөлікгаздың арасында келiсiм-шартқа қол қойылғаннан кейiн жүргiзсiн. 
      8. Алматы облысының әкiмi "Алматы Пауэр Консолидэйтед" жабық акционерлiк қоғамына мемлекеттiң жер пайдалануға беретiн жерi үшiн ақы ставкасын 3 процент мөлшерiнде белгiлесiн. 
      9. Қазақстан Республикасының Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      1) <*>
      2) <*>
      Ескерту. 1),2)-тармақшалардың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.09.02. N 890  қаулысымен , 2005.03.09.  N 217   қаулысымен .  
     10. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрi М.Қ.Әблязовқа жүктелсiн. 

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрi

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады