Жылу энергиясын отандық өндірушілер үшін жылу энергиясының шығындар нормативін айқындау жөнінде нақты міндеттерді дәлдеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді:
1. "Жекелеген отандық өндірушілерді қолдау мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 13 тамыздағы N 763 P980763_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 28, 236-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда
министрлігі жүйелердің регламенттік сынақтарының нәтижелерін және тиісті
кәсіпорындардың аталған шығындарды төмендету жөніндегі өткізетін шараларын
есепке ала отырып, жылу энергиясын бөлу кезіндегі жылу шығындарының
нормативтерін қайта қарасын".
2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі