"1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 шілдедегі N 703 P980703_ қаулысының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігінің бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының тізбесі
бекітілсін (қоса беріліп отыр).
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
1998 жылдың 7 қыркүйегіне дейін мерзімде Қазақстан Республикасының
Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен келісім бойынша жоғарыда
аталған тізбеге сәйкес Министрліктің мемлекеттік тапсырыстарын
қалыптастыру жөніндегі әдістемелік құжаттарды бекітсін;
бір айлық мерзім ішінде қолданылып жүрген нормативтік құқықтық
актілерді осы қаулыға сәйкес келтіру туралы Қазақстан Республикасының
Үкіметіне ұсыныс әзірлесін және енгізсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1998 жылғы 5 қыркүйектегі
N 847 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлігінің бағдарламалары
мен кіші бағдарламаларының
ТІЗБЕСІ
__________________________________________________________________________
|N | Атауы | 1998 жылғы | 1999 жылға
| | | қаржыландыру | арналған
| | | нысаны | қаржыландыру
| | | | нысаны
|__|___________________________________|______________|____________________
| |"Шығыстар" бөлімі | |
|1 |Жалпы сипаттағы мемлекеттік | |
| |қызметтер | |
| |Республикалық деңгейдегі әкімшілік | |
| |шығыстар |Ұстауға |Ұстауға
| |Орталық органның аппараты | |
| |Аумақтық органдардың аппараты | |
| |Республикалық деңгейде орындалатын | |
| | мемлекеттік тапсырыстар | |
| |Мемлекеттік қызметшілердің санағын |Бұл да |Көрсетілген
| |жүргізу | |қызметтер
| | | |үшін
| |Бағдарламалардың тиімділігін баға- |Бұл да |Бұл да
| |лауды жүргізу | |
| |Мемлекеттік меншіктің тізімдемесін |Бұл да |Бұл да
| |жүргізу | |
| |Асыл металдарды сақтау |Бұл да |Бұл да
| |Қайта ұйымдастыру және банкроттық |Бұл да |Бұл да
| |рәсімдерді жүргізу | |
| |Ақпараттық-есептеу қызметін көрсету|Бұл да |Бұл да
| |Банк қызметтерін, клиринг байланыс-|Бұл да |Бұл да
| |тарын, электрон почтасын,байланыс- | |
| |тың ішкі аймақтық арналарын пайда- | |
| |ланғаны үшін ақы төлеу | |
| |Үйлерді күту және қызметкерлердің |Бұл да |Бұл да
| |қызметін қамтамасыз ету | |
| |Нормативтік құқықтық құжаттарды |Бұл да |Бұл да
| |шығару | |
| |Қаржы, кеден және салық жүйелерін |Бұл да |Бұл да
| |жетілдіру | |
| |Мемлекеттік қаржы туралы деректер- |Бұл да |Бұл да
| |дің автоматтандырылған базасын | |
| |жасау | |
| |Мемлекеттік бюджетті қалыптастыру |Бұл да |Бұл да
| |ісін автоматтандыру | |
| |Қаржы, кеден және салық жүйелерінің|Бұл да |Бұл да
| |материалдық-техникалық базасын | |
| |нығайту | |
| |Акциздік маркаларды басып шығару |Бұл да |Бұл да
|4 |Білім беру | |
| |Республикалық деңгейде орындалатын | |
| |мемлекеттік тапсырыстар | |
| |Аппараттың кадрларын қайта даярлау |Ұстауға |Көрсетілген
| |Мемлекеттік қаржы саласында жоғары | |қызметтер
| |оқу орындарында кадрларды даярлау | |үшін
|14|Негізгі топтарға жатқызылмайтын | |
| |шығыстар | |
| |Мемлекеттік борышқа қызмет көрсету | |
| |Мемлекеттік борыштар бойынша | |
| |сыйақыны (мүддені) төлеу | |
| |Қаржылық нарықтарда заемдарды | |
| |орналастырғаны үшін комиссиялық | |
| |төлемдер | |
| |"Өтеу шегерілген несиелендіру" | |
| |бөлімі | |
| |Бұрын берілген кепілдіктерге байла-| |
| |нысты несиелендіру | |
| |Экономика салалары бойынша мемле- | |
| |кеттік бағдарламалардың жұмыс іс- | |
| |теуі мен жүзеге асырылуын | |
| |несиелендіру | |
| |Жарғылық капиталдарға қатысу | |
|15|"Қаржыландыру" бөлімі | |
| |Қаржыландыру | |
| |Мемлекеттік борыштың негізгі | |
| |сомасын өтеу | |
| | | |
|__|___________________________________|______________|____________________