Қазақстан Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi мен Қытай Халық Республикасы Дене мәдениетi және спорт iстерi жөнiндегi мемлекеттiк Бас Басқармасы арасындағы спорт және дене мәдениетi саласындағы ынтымақтастық туралы Келiсiмдi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 9 қыркүйектегi N 867


     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
     1998 жылғы 7 мамырда Пекинде қол қойылған Қазақстан
Республикасының Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi
мен Қытай Халық Республикасы Дене мәдениетi және спорт iстерi
жөнiндегi мемлекеттiк Бас Басқармасы арасындағы спорт және дене
мәдениетi саласындағы ынтымақтастық туралы Келiсiм бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi

       Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық
                         сақтау министрлiгi
                                мен
                      Қытай Халық Республикасы
             Дене мәдениетi және спорт iстерi жөнiндегi
              мемлекеттiк Бас Басқармасының спорт және
          дене мәдениетi саласындағы ынтымақтастық туралы
                              КЕЛIСIМ



      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi мен Қытай Халық Республикасы Дене мәдениетi және спорт iстерi жөнiндегi мемлекеттiк Бас Басқармасы екi елдiң арасындағы дене мәдениетi мен спорт саласы бойынша достық пен ынтымақтастық байланыстарды нығайтуға деген ниеттi басшылыққа ала отырып, мына төмендегiлер жөнiнде келiстi:

                                1-бап

      Тараптар болашақта екi елдiң арасындағы бағдарламаларды жүзеге асыру мүмкiндiктерiн зерттеу және әр түрлi бағыттағы қызметтермен танысу үшiн спорт делегацияларымен алмасады. Делегация мүшелерiнiң саны және ресми сапар мерзiмi дипломатиялық каналдар бойынша келiсiледi.

                                2-бап

      Тараптар екi жақ үшiн қызығушылық тудыратын спорт жөнiндегi iскер жобалар бойынша ынтымақтастыққа ұмтылуға, сонымен қатар екiншi Тараптың аумағында өзара келiсiм бойынша оқу-жаттығу жиындарын және спорт шараларын өткiзу үшiн спорт ғимараттары мен базаларын беруге ықпал етедi.

                                3-бап

      Тараптар спорттық және басқа шараларды бақылаушылармен алмасуды, екiншi Тараптың аумағында өтетiн спорт түрлерi бойынша екi жақты және көп жақты спорт жарыстарына және оқу-жаттығу жиындарына қатысуды жүзеге асырады.

                                4-бап

      Тараптар дене мәдениетi және спорт саласындағы ақпараттармен

және ғылыми зерттеулер нәтижесiмен алмасуды iске асырады.
     Тараптар мамандардың дене мәдениетi мен спорттың даму
мәселелерi туралы семинарлар, курстар және ғылыми конференцияларға
қатысуын қолдайды.

                               5-бап

     Тараптар дене мәдениетi мен спорттың ғылыми зерттеулерiнiң
дамуына, спорт керек-жарақтары мен жабдықтарын өндiрудегi, сонымен
қатар спорт объектiлерiн жобалау және салудағы тәжiрибелерiмен
алмасуға жәрдемдеседi.

                              6-бап. 
     
     Тараптар дене мәдениетi мен спорттың дамуы мәселелерiмен
айналысатын халықаралық және үкiмет ұйымдарының қызметi бойынша
жұмыс тәжiрибелерiмен және ақпараттармен алмасады.

                               7-бап



      Тараптар дене мәдениетi мен спорт саласындағы мамандармен алмасуды, спорт ұйымдарының, спорт мектептерiнiң, спорт түрлерi бойынша федерациялардың арасындағы келiсiм негiзiндегi өзара тиiмдi ынтымақтастықты жүзеге асырады және қолдайды.

                                8-бап

      Әрбiр Тарап ақпараттар қызметiн құруға және осы қызметтiң

жұмысы үшiн өз елiнiң заңдар жинағы шеңберiнде жағдай жасайды.
Ақпараттар қызметi дене тәрбиесi мен спорт мәселелерi жөнiнде
шығарылған газеттер, журналдар, кiтапшалармен өзара алмасуды,
сонымен қатар осы саладағы баспахана ұйымдарының арасындағы тiкелей
ынтымақтастықты қамтиды.

                               9-бап

     Тараптар допинг қабылдауға қарсы күрес саласындағы алмасу мен
ынтымақтастыққа ықпал етедi.

                               10-бап

     Осы Келiсiмде қамтылған барлық қызмет түрлерi Тараптардың
қолданыстағы заңдар мен өзге де нормативтiк актiлерге сәйкес жүзеге
асырылуы керек.

                               11-бап



      Тараптардың уәкiлеттi өкiлдерi қажет болған жағдайда немесе

екiншi Тараптың өтiнiшi бойынша осы Келiсiмдi қарастыру және жүзеге
асыру үшiн кездеседi.

                               12-бап

     Осы Келiсiмге сәйкес Тараптар делегациялармен алмасуды келесi
талаптар бойынша жүзеге асырады: делегацияны жiберушi Тарап
халықаралық көлiк пен шетелге шығу шығындарын, делегацияны
қабылдаушы Тарап тамақ, тұратын орын және болу мерзiмiндегi көлiк
шығындарын көтередi.

                               13-бап

     Келiсiм қол қойылған күннен бастап күшiне енедi.
     Келiсiм бiр Тараптың екiншi Тарапты осы Келiсiмнiң қызметiн
тоқтату туралы жазбаша хабарландыруын алғаннан кейiн алты айдан
кейiн күшiн жояды.
     Пекин қаласында 1998 жылғы 7 мамырда екi түпнұсқа данада қазақ,
қытай және орыс тiлдерiнде жасалды. Барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
     Осы Келiсiмнiң ережесiн түсiндiру кезiнде алшақтық туындаған
жағдайда орыс тiлiндегi мәтiн басшылыққа алынады.



     Қазақстан Республикасы              Қытай Халық Республикасы
     Бiлiм, мәдениет және                Дене тәрбиесi және спорт
     денсаулық сақтау                    iстерi жөнiндегi мемлекеттiк
     министрлiгi үшiн                    бас басқармасы үшiн
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады