"Мир" мемлекетаралық телерадиокомпаниясымен өзара қатынасты реттеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 16 қыркүйектегі N 899

      Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 4 қыркүйектегі N 2452 U952452_ Жарлығымен бекітілген 1993 жылғы 24 желтоқсандағы "Мир" мемлекетаралық телерадиокомпаниясының жұмысын кедергісіз және тәуелсіз жүзеге асырудың халықаралық-құқықтық кепілдіктері туралы келісімге сәйкес "Мир" мемлекетаралық телерадиокомпаниясының Қазақстан Республикасындағы қызметін одан әрі қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кеден комитеті, Салық комитеті және Салық полициясы комитеті 1993 жылғы 24 желтоқсандағы "Мир" мемлекетаралық телерадиокомпаниясының жұмысын кедергісіз және тәуелсіз жүзеге асырудың халықаралық-құқықтық кепілдіктері туралы келісімге және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 24 сәуірдегі N 2235 Z952235_ Заң күші бар Жарлығына, сондай-ақ "Мир" мемлекетаралық телерадиокомпанисының мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 25 қыркүйектегі N 1170 P961170_ қаулысына сәйкес "Мир" мемлекетаралық телерадиокомпаниясының 1997 жылғы 13 қазаннан бастап жанама салықтар мен кедендік баждарды төлеуші болып табылатындығын ескерсін.
      2. "Мир" мемлекетаралық телерадиокомпаниясында пайда болған 1997 жылғы 5 қарашадағы жағдай бойынша қосылған құнға салық пен кеден баждары жөніндегі берешектерге байланысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті мен Кеден комитеті:
      а) бір күнтізбелік жылға қосылған құнға салынатын салыққа;
      б) белгіленген тәртіпке сәйкес кеден баждарына қатысты өсім есептелместен оны төлеудің мерзімін ұзартуды қамтамасыз етсін.
      Бұл ретте кестеге сәйкес:
      Қазақстан Республикасына әкелінген тауарларға қосылған құнға салық пен кеден баждарына қатысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кеден комитетімен;
      сатылған тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бойынша айналымдардың қосылған құнына салық салуға қатысты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитетімен келісілген берешектердің сомасын кезең- кезеңмен өтеу белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кеден комитеті Салық комитеті және Салық полициясы комитеті кеден және салық органдарының "Мир" мемлекетаралық телерадиокомпаниясының банктік шоттарына 1997 жылғы 5 қарашадағы жағдай бойынша пайда жанама салықтар мен кеден баждары бойынша берешектерін алуға инкассалық тапсырмаларын (өкімдерін) кері қайтарып алуын қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан

 

Республикасының "Мир" мемлекетаралық телерадиокомпаниясының жарғылық

капиталындағы үлесіне теңбе-тең Қазақстан Республикасының "Мир"

мемлекетаралық телерадиокомпаниясының ағымдағы жедел өндірістік қызметін

қаржыландыруға арналған үлестік жарнасының нақты және уақытылы әрі "1998

жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 1997

жылғы 9 желтоқсандағы Заңына сәйкес аударылуына бақылау жасауды жүзеге

асырсын.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады