Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк емес сыртқы заемдар бойынша алдағы төлемдердi өтеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1998 жылғы 16 шiлдедегi N 905

      Қазақстан Республикасының шетел несие берушiлерi алдындағы мiндеттемелерiн орындау, дефолт фактiлерiне жол бермеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерi бар бұрын берiлген мемлекеттiк емес сыртқы заемдардың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      1) 1993 жылғы 18 қарашадағы N 22-1-6/38 берiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерiне және N 11987 Кепiлдiк хатына сәйкес, шетел мерзiмi өткен төлемдердi (қосымшаға сәйкес), сондай-ақ есептелген айыппұл сомаларын төлем жасалатын күнгi бағам айырмасының, өзгеруiн есепке ала отырып, 1998 жылға арналған республикалық бюджетте "Несие беру, оның өтелуiн шегерiп тастау" бөлiмi бойынша көзделген қаражат шегiнде төлейтiн болсын;
      2) заемшылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк емес сыртқы заемдарды пайдалану жөнiндегi қызметiне қаржылық тексерiс жүргiзсiн және оларды пайдалану тәртiбiн бұзушылық фактiлерi анықталған жағдайда кiнәлi адамдарды Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес жауапқа тарту мақсатында материалдарды құқық қорғау органдарына, соттарға берсiн.
      2. "ТұранӘлемБанкi" жабық акционерлiк қоғамына алынған қаражаттың республикалық бюджетке қайтарылуын қамтамасыз ету жөнiнде жұмыстар жүргiзу ұсынылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Салық полициясы комитетi заңдарда белгiленген тәртiппен мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк емес сыртқы заемдар бойынша қаржылық мiндеттемелердi орындамаған тұлғаларды жауапқа тарту жөнiнде шаралар қолдансын.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi және

 

"ТұранӘлемБанкi" жабық акционерлiк қоғамы (келiсiм бойынша) қаржылық

мiндеттемелерi республикалық бюджет есебiнен орындаған заемшыларға

қатысты қолданған шаралар туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне

хабарласын.


     Қазақстан Республикасының

          Премьер-Министрi

                                         Қазақстан Республикасы

                                               Үкiметiнiң

                                         1998 жылғы 16 қыркүйектегi

                                             N 905 қаулысына

                                                 қосымша


        Қазақстан Республикасының мемлекеттiң кепiлдiгi бар

     мемлекеттiк емес сыртқы заемдар бойынша алдағы төлемдердiң

                               СОМАСЫ

___________________________________________________________________

     Заемшы ұйым            | Төлем валютасы|Төлем уақыты

___________________________________________________________________

                        Канада несие желiсi

___________________________________________________________________

"Армавир" совхозы           |      USD      |  15.08.98

___________________________________________________________________

"Аквест" БК                 |      USD      |  15.08.98

___________________________________________________________________

Барлығы                     |      USD      |

___________________________________________________________________


___________________________________________________________________

Төлем сомасы     | Негiзгi борыш  |  Проценттер  | Басқалары

___________________________________________________________________

     244 752.70   |   217 686.56   |   25 446.65  |  1 619.49

___________________________________________________________________

     938 495.81   |   757 351.86   |   165 639.16 |  15 504.79

___________________________________________________________________

   1 183 248.51   |   957 038.42   |   191 085.81 |  17 124.28

___________________________________________________________________





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады