Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервтік қорынан қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 18 қыркүйек N 918

      1997/98 жылғы қыста Қарағанды облысында болған дауылды желдерге, қатты аяздарға байланысты төтенше жағдайлардың зардаптарын жою мақсатында, сондай-ақ зардап шеккен халыққа көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервтік қорынан Қарағанды облысының әкіміне Теміртау қаласы үшін 1997/98 жылғы қыста болған табиғи зілзалалардың зардаптарын жою жөніндегі жұмыстарды қаржыландыруға 30 (отыз) млн. теңге бөлінсін.
      2. Қарағанды облысы Теміртау қаласының әкімі 1998 жылдың қорытындысы

 

бойынша Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитетіне

орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы баяндасын.

     3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық

департаменті бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуына бақылау жасауды

қамтамасыз етсін.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


   Оқығандар:

  Қобдалиева Н.

  Икебаева А.      





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады