"1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 шілдедегі N 703 қаулысының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының тізбесі бекітілсін. (қоса беріліп отыр).
2. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша):
1998 жылдың 23 қыркүйегіне дейін мерзімде Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен және Қаржы министрлігімен келісім бойынша жоғарыда аталған тізбеге сәйкес Комитеттің мемлекеттік тапсырыстарын қалыптастыру жөніндегі әдістемелік құжаттарды бекітсін;
бір айлық мерзім ішінде қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілерді осы қаулыға сәйкес келтіру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс әзірлесін және енгізсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы
18 қыркүйектегі
N 919 қаулысымен
бекітілген
Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының тізбесі
____________________________________________________________________
N| Атауы | 1998 жылы |1999 жылға
| | қаржыландыру| арналған
| | нысаны қаржыландыру
| | | нысаны
_|_________________________________________|_____________|_________
2|Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік | |
|Республикалық деңгейдегі әкімшілік | Ұстауға |Ұстауға
|шығыстар | |
| Орталық органның аппараты | |
| Аумақтық органдардың аппараты | |
|Мемлекеттік органдарды үкіметтік байланыс.| |
|пен қамтамасыз ету | |
| Мемлекеттік мекемелер | |
| Үкіметтік байланыс агенттігі | Бұл да | Бұл да
|Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету | |
| Мемлекеттік мекемелер | |
| "А" қызметі | Бұл да | Бұл да
4|Білім беру | |
|Ұлттық қауіпсіздік саласындағы жоғары оқу | |
|орындарында кадрларды даярлау | |
| Ұлттық қауіпсіздік комитетінің институты | |
| Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қарағанды | |
|жоғары мектебі | |
|Республикалық деңгейде орындалатын | Бұл да Көрсетілген
|мемлекеттік тапсырыстар | |қызметтер
| Ұлттық қауіпсіздік саласында жоғары оқу | |үшін
|орындарында кадрларды даярлау | |
5|Денсаулық сақтау | |
|Жалпы мақсаттағы емханалар | |
| Мемлекеттік мекемелер | |
| Республикалық емхана |Бұл да |Ұстауға
_|__________________________________________|____________|__________