"1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 шілдедегі N 703 P980703_ қаулысының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын облыс әкімдерінің бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының ұсынылып отырған тізбесі бекітілсін (қоса беріліп отыр).
2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне:
1998 жылдың 30 қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен және Қаржы министрлігімен келісім бойынша жоғарыда аталған тізбеге сәйкес әкімдердің мемлекеттік тапсырыстарын қалыптастыру жөніндегі әдістемелік құжаттарды бекіту;
1 желтоқсанға дейінгі мерзімде:
"Балаларға әлеуметтік көмек көрсету" бағдарламасының "Сәбилер үйі" және "Балалар үйі" кіші бағдарламалары бойынша;
"Жергілікті деңгейде төтенше жағдайларды жою" бағдарламасының "Өртке қарсы қызмет" және "Суда құтқару қызметі" кіші бағдарламалары бойынша;
"Жергілікті деңгейдегі құжаттық материалдар қоймасы" бағдарламасының "Облыстық және қалалық архивтер" кіші бағдарламалары бойынша;
"Жергілікті деңгейде демалысты ұйымдастыру" бағдарламасының "Жануарлар парктері мен өсімдіктер парктері" кіші бағдарламалары бойынша мемлекеттік мекемелердің тізбесін бекіту;
бір айлық мерзім ішінде қолданылып жүрген нормативтік құқықтық актілерді осы қаулыға сәйкес келтіру ұсынылсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 1998 жылғы
25 қыркүйектегі
N 955 қаулысымен
бекітілген
Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын облыстар (қалалар, аудандар)
әкімдерінің бағдарламалары мен кіші бағдарламаларының
ТІЗБЕСІ
__________________________________________________________________________
|N | Атауы | 1998 жылғы | 1999 жылға
| | | қаржыландыру | арналған
| | | нысаны | қаржыландыру
| | | | нысаны
|__|___________________________________|______________|____________________
|1 |Жалпы сипаттағы мемлекеттік | |
| |қызмет көрсетулер | |
| |Жергілікті деңгейдегі әкімшілік |Ұстауға |Ұстауға
| |шығыстар | |
| | Аумақтық органдардың аппараты | |
| |Жергілікті деңгейде халық санағын | Бұл да |Көрсетілген
| |өткізу | |қызметтер үшін
| |Архив қорының сақталуы мен олардың | Бұл да |Ұстауға
| |пайдаланылуын қамтамасыз ету | |
| | Мемлекеттік мекемелер | |
| |Облыстық, қалалық архивтер | Бұл да |Бұл да
| |Ғимараттарды күту және қызметкер- | Бұл да |Көрсетілген
| |лердің қызметін қамтамасыз ету | |қызметтер үшін
|2 |Қорғаныс | |
| |Төтенше жағдайлар жөніндегі штаб- | Бұл да |Бұл да
| |тардың жұмыстарын ұйымдастыру | |
| |Төтенше жағдайларды жергілікті | Бұл да |Ұстауға
| |деңгейде жою | |
| | Мемлекеттік мекемелер | |
| |Өртке қарсы қызмет | |
| |Суда құтқару қызметі | |
| |Төтенше жағдайлар жөніндегі штаб- | |
| |тарды материалдық-техникалық | |
| |құралдармен қамтамасыз ету | |
|3 |Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік | |
| |Қалалар мен елді-мекендерде жол |Көрсетілген |Көрсетілген
| |қозғалысын реттеу |қызметтер үшін|қызметтер үшін
|7 |Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық |Орындалатын |Көрсетілген
| |Тұрғын үй-шаруашылығы |жұмыстардың |қызметтер үшін
| | |көлемі бойынша|
| |Айрықша мұқтаж адамдарды | |
| |тұрғын үймен қамтамасыз ету | |Бұл да
| |Коммуналдық шаруашылықты дамыту | |
| | Коммуналдық шаруашылықтың | |
| | жалпы дамуын ұйымдастыру | |
| |Ауыз сумен жабдықтау жөніндегі |Ұстауға |Бұл да
| |жұмыстарды ұйымдастыру | |
| |Сумен жабдықтау жүйесінің жұмыс |Бұл да |Бұл да
| |істеуі | |
| |Қоқысты және басқа да қалдықтарды |Бұл да |Бұл да
| |жинау мен шығару, канализациялық | |
| |жүйелерді пайдалану, көшелерді | |
| |тазарту | |
| |Көшелерді жарықтандыру жөніндегі |Бұл да | Бұл да
| |жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу| | бойынша
| |Жергілікті деңгейде қоғамдық мұқ- | Бұл да | Бұл да
| |таждар үшін жерлерді бөлу жұмыс- | |
| |тарын жүргізу | |
|8 |Демалысты ұйымдастыру және мәдениет| |
| |саласындағы қызмет | |
| |Демалысты жергілікті деңгейде | |
| |ұйымдастыру | |
| | Мемлекеттік мекемелер | |
| |Жануарлар парктері мен өсімдіктер |Субсидиялау | Ұстауға
| |парктері | |
| |Газеттер мен журналдар арқылы | Бұл да |Көрсетілген
| |жергілікті деңгейде мемлекеттік | |қызметтер үшін
| |ақпараттық саясатты жүргізу | |
| |Телерадио хабарлары арқылы |Көрсетілген | Бұл да
| |жергілікті деңгейде мемлекеттік |қызметтер үшін|
| |ақпарат саясатын жүргізу | |
|11|Отынды қоспағанда, тау-кен өнер- | |
| |кәсібі мен пайдалы қазбалар; | |
| |өңдеу өнеркәсібі; | |
| |құрылыс | |
| |Жергілікті деңгейдегі жобалау- |Ұстауға | Бұл да
|5 |іздестіру, конструкторлық және | |
| |технологиялық жұмыстар | |
| |Көлік және байланыс | |
|12|Жергілікті деңгейдегі автомобиль |Орындалатын |Бұл да
| |жолдарын салу |жұмыстардың |
| | |көлемі бойынша|
| |Жергілікті маңызы бар автомобиль |Ұстауға |Бұл да
| |жолдарын қайта жаңарту | |
| |Қала жолдары мен көшелерінің | |
| |құрылысы | |
| |Жергілікті деңгейде жол жүйесін | |
| |пайдалану | |
| |Автомобиль жолдарының жұмыс |Орындалатын | Бұл да
| |істеуін қамтамасыз ету |жұмыстардың |
| | |көлемі бойынша|
| |Жергілікті деңгейдегі темір жолдар-| Бұл да | Бұл да
| |ды салу | |
| | Темір жол көлігінде арналған | |
| | көпірлер | |
|13|Экономикалық қызметке байланысты | |
| |басқа да қызмет көрсетулер | |
| |Жергілікті атқарушы органдардың | |
| |резервтік қоры | |
|14|Негізгі топтарға жатқызылмаған | |
| |шығыстар | |
| |Бюджеттердің төменгі деңгейлерін | |
| |теңестіруді қамтамасыз ету | |
|__|___________________________________|______________|____________________