Павлодар қаласының "Химпром" акционерлік қоғамындағы дағдарысты жою жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 6 қазан N 1001

      Павлодардың "Химпром" акционерлік қоғамындағы қаржы-экономикалық дағдарысты жою мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті "Химпром" акционерлік қоғамы жарғылық капиталының 90 проценті мөлшеріндегі акциялардың мемлекеттік пакетін Павлодар облысы бойынша аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне берсін.
      2. "Хлор-сілті өндірісін құру жобасын жүзеге асыру үшін шарттарды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 желтоқсандағы N 1699 қаулысының күші жойылған деп танылсын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады