Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 1 қазандағы N 870 Қаулысымен.
Қазақстан Республикасында мемлекеттiк басқару құрылымын одан әрi ұтымды ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Мемлекеттiк органдардың басшылары мен басқа қызметкерлерi санының нормативтерi қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
2. Министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және басқа орталық атқарушы органдардың басшылары:
бiр ай мерзiмде қосымшада көзделген басшы және басқа қызметкерлер санының нормативтерiн сақтай отырып, белгiленген сан шегiнде аппараттың штаттық кестесiн бекiтсiн.
3. "Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1997 жылғы 10 қазандағы N 3655 Жарлығын iске асыру мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 12 қарашадағы N 1551
P971551_
қаулысының 2-тармағының күшi жойылған деп танылсын.
4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1998 жылғы 6 қазандағы
N 1010 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк
комитеттерi және орталық мемлекеттiк органдары орталық
аппаратының басшы және басқа қызметкерлерi санының
НОРМАТИВТЕРI
___________________________________________________________________
| Қызметкерлердiң жекелеген
| санаттарының арақатынасы
___________________________________________________________________
1. Құрылымдық бөлiмшелер мынадай сандық құрамда
құрылады (бөлiмшелердiң басшыларын қоса алғанда):
Сектор саны кем дегенде 3 адам болғанда
Бөлiм саны кем дегенде 4 адам болғанда
Басқарма саны кем дегенде 10 адам болғанда
Департамент саны кем дегенде 20 адам болғанда
(бас мамандардың саны
мамандардың санының 80%-нен
артық емес)
2. Құрылымдық бөлiмшелер басшылары
орынбасарларының қызметi енгiзiледi:
Бөлiм бастығының бөлiмде (бөлiм бастығын қоса
орынбасары алғанда) кем дегенде 7 адам
болғанда
Басқарма бастығының басқармада (басқарма бастығын қоса
орынбасары алғанда) кем дегенде 10 адам
болғанда
Басқарма бастығы орынбасарының
қосымша лауазымы - әрбiр келесi
10 адамға
Департамент директорының департаментте ( бастықты қоса
орынбасары алғанда) кем дегенде 20 адам
болғанда
Департамент директоры
орынбасарының
қосымша лауазымы - әрбiр келесi
20 адамға