Сырдария өзенінде "Көксарай" су қоймасын салудың жекелеген мәселелері

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 7 қазан N 1014

     Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының суармалы жерлерінің сумен қамтамасыз етілуін арттыру, Сырдария өзенінің ирригациялық және экологиялық режимін тұрақтандыру, сондай-ақ осы аймақтарда төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары жөніндегі комитетінің:
      Сырдария өзенінде "Көксарай" қарсы реттегіш су қоймасын салу туралы;
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетін жоғарыда аталған объект бойынша тапсырысшы, ал бұрын осы объект бойынша белгілі бір жұмыс көлемін орындаған "CES" герман фирмасын бас жобалаушы ұйым деп белгілеу туралы ұсынысы мақұлдансын.
      2. "CES" герман фирмасына жобалау жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтау мақсатында Қазақстанның жобалау ұйымдарын жобалау-іздестіру жұмыстарына қатысуға тарту ұсынылсын.
      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен:
      жобалау-іздестіру жұмыстарын үстіміздегі жылы аяқтау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерв қорынан 500 мың АҚШ долларына баламды қаражат бөлу туралы ұсыныс енгізсін;
      Сырдария өзенінде "Көксарай" қарсы реттегіш су қоймасының құрылысын іске асыру мақсатында тапсырысшы сатып алатын тауарлардың ҚҚС-тан, кеден баждары мен алымдарынан босатылуын қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі (келісім бойынша) "Көксарай" қарсы реттегіш су қоймасы құрылысының 1999 жылы инвестициялануын қамтамасыз ету жөнінде тиісті шаралар қабылдасын.
      5. Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының әкімдері "Көксарай"

 

қарсы реттегіш су қоймасының құрылысын жедел аяқтау мәселелері бойынша

тұрақты түрде жәрдем көрсететін болсын.

     6. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары Ж.С. Кәрібжановқа жүктеледі.

     7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады