Қазынашылықты жаңарту жобасын іске асыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 1998 жылғы 16 қазан N 1059

      Қазынашылықты жаңарту жобасын іске асыруды жеделдету және Халықаралық Қайта құру және Даму банкінің 15 800 000 (он бес миллион сегіз жүз мың) АҚШ доллары мөлшеріндегі заем қаражатын, сондай-ақ республикалық бюджеттен 5 900 000 (бес миллион тоғыз жүз мың) АҚШ долларына баламды мөлшердегі қоса қаржыландыру қаражатын тиімді пайдалану мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазынашылықты жаңарту жобасын (бұдан әрі - Жоба) қаржыландыруға арналған 21 700 000 (жиырма бір миллион жеті жүз мың) АҚШ доллары сомасындағы қаражаттың бөлінуі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Жобаны қаржыландыруға арналған қаражаттың мақсатқа сай және тиімді пайдаланылуы үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетіне жүктеледі деп белгіленсін.
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.06.18. N 671 P020671_
               қаулысымен.
      3. Халықаралық Қайта құру және Даму банкі заемының қаражатынан қаржыландырылатын берілетін тауарларды, орындалатын жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді салықтардан және кеден бажынан босату Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму банкі арасындағы "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму банкі арасындағы 1996 жылғы 22 тамыздағы заем туралы (Қазынашылықты жаңарту жобасы) келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 7 желтоқсандағы Заңымен бекітілген, Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму банкі арасындағы 1996 жылғы 22 тамыздағы Заем туралы (Қазынашылықты жаңарту жобасы) келісімге сәйкес жүргізіледі.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
      1) Жобаны қоса қаржыландыру мақсатында республикалық бюджеттен 5 900 000 (бес миллион тоғыз жүз мың) АҚШ долларына баламды мөлшерде қаражат бөлсін;
      2) Халықаралық Қайта құру және Даму банкінің заемы бойынша негізгі борыштың, проценттер мен ілеспе төлемдердің уақтылы өтелуіне бақылау жасасын.
      ЕСКЕРТУ. 4-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.06.18. N 671 P020671_
               қаулысымен.
      5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті Қазақстан Республикасының Қазынашылық жүйесін жаңарту үшін қажетті барлық шаралардың Заем туралы келісімде көзделген мерзімдерде орындалуын қамтамасыз етсін.
      ЕСКЕРТУ. 5-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.06.18. N 671 P020671_
               қаулысымен.
      6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Жобаның іске асырылуын жалпы үйлестіруді және Халықаралық Қайта құру және Даму банкінің қағидаларына және рәсімдеріне сәйкес жоғарыда аталған банктің қаражаттарынан қаржыландырылатын тауарларды, жұмыстарды және қызмет көрсетулерді сатып алудың жүргізілуіне бақылау жасасын.
      ЕСКЕРТУ. 6-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2002.06.18. N 671 P020671_
               қаулысымен.
      7. Облыстардың, Қазақстан Республикасының астанасы мен Алматы қаласының әкімдері Жобаның аймақтарда іске асырылуына көмек көрсететін болсын.
      8. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
 

     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



                                             Қазақстан Республикасы



                                        Үкіметінің 1998 жылғы 16 қазандағы

                                                N 1059  қаулысына

                                                   қосымша




 

     ЕСКЕРТУ. Қосымша өзгерді - Қазақстан Республикасы Үкіметінің

              2002 жылғы 18 маусымдағы N 671 


P020671_


  қаулысымен.

__________________________________________________________________________

|Рет |       Санаты          | ХҚДБ заемының |  Қазақстан Республикасы    

| N  |                       |АҚШ долларында |Үкіметі тарапынан АҚШ

|    |                       |төленген сомасы|долларында қаржыландыруы  

|____|_______________________|_______________|_____________________________

| 1  |          2            |      3        |             4              

|____|_______________________|_______________|_____________________________

1.   Жабдықтар сатып алу     11 400 000                   -

2.   Консультациялық қызмет   2 500 000                   -

      көрсетулер және оқыту

3.   Қызметкерлерді оқытуға,      -                 5 900 000

      ұстауға және жабдықтарды

      сатып алуға, жеткізуге,

      орнатуға және ұстауға

      кеткен шығыстар

4.   Жобаны дайындауға беріл-  1 000 000                  -

      ген қарыздың өтемі

5.   Бөлінбеген қаражат          900 000                  -


                 Жиыны         15 800 000             5 900 000






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады