Толығымен автоматтандырылған қазынашылық жүйесін (Қазынашылықты жаңарту жобасы) орнату және сынау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2002 жылғы 18 маусым N 671

      Мемлекеттік шығыстарды тиімді басқару үшін толығымен автоматтандырылған қазынашылық жүйесін (Қазынашылықты жаңарту жобасы) орнату және сынау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      2002 жылғы 25 желтоқсанға дейін "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Дамыту Банкі арасындағы займ (Қазынашылықты жаңғырту жобасы) туралы 1996 жылғы 22 тамыздағы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 7 желтоқсандағы Z960049_ Заңымен бекітілген Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Дамыту Банкі арасындағы займ (Қазынашылықты жаңғырту жобасы) туралы 1996 жылғы 22 тамыздағы келісімге сәйкес әзірленген толығымен автоматтандырылған қазынашылық жүйесін Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша орнатуды және сынауды оның рәсімдерін республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне қолдана отырып аяқтасын;
      республикалық бюджет комиссиясының қарауына толығымен автоматтандырылған қазынашылық жүйесін орнатуды және сынауды аяқтау үшін қаражат бөлу туралы ұсыныс енгізсін.
      2. "Қазынашылықты жаңарту жобасын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 16 қазандағы N 1059 P981059_ қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) 2 және 5-тармақтарда "департаментіне", "департаменті" деген сөздер "комитетіне", "комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 4-тармақтың 1) тармақшасында "2000 жылға дейінгі кезеңге" деген сөздер алынып тасталсын;
      3) 6-тармақта "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Сырттан қарыз алу жөніндегі комитеті" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) көрсетілген қаулыға қосымшада:
      реттік нөмірі 3-жолдың 2-бағанында "жабдықтауға" деген сөз

 

"жабдықтарды сатып алуға, жеткізуге, орнатуға және ұстауға" деген

сөздермен ауыстырылсын.

     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі

А.С.Павловқа жүктелсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



Мамандар:

     Багарова Ж.А.,

     Омарбекова А.Т.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады