Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдаудың кейбір мәселелері туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 1998 жылғы 23 қазан№N 1077

      Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: 
      Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 

      1. "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 сәуірдегі N 665  қаулысында  (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, N 17, 152-құжат): 
      2-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: 
      "Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен несиелендіру бағдарламаларына қатысу". 

      2. <*>
       Ескерту. 2-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.04.04.  N 297  қаулысымен. 

      3. Аталған қаулының 2-қосымшасында: 
      атауындағы "ҚХЖБ-топ" ұлттық инвестициялық қаржы акционерлік компаниясы" жабық акционерлік қоғамының несиелік қаражатының есебінен" деген сөздер алынып тасталсын; 
      1) 1997/98 жылдың астығын сатып алуды ұйымдастыру жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына: 
      Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Төлеухан Мұратқанұлы Нұрқиянов - комиссия төрағасының орынбасары болып; 
      Қазақстан Республикасының Ішкі істер вице-министрі Иван Иванович Отто - комиссия мүшесі болып; 
      "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" жабық акционерлік қоғамының президенті Алтынбек Смағұлұлы Үмбетов - комиссия мүшесі болып енгізілсін; 
      "Әзімов Руслан Жұмабайұлы - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы, Ведомствоаралық комиссия төрағасының орынбасары" деген жол мынадай редакцияда жазылсын: 
      "Әзімов Руслан Жұмабайұлы - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі, комиссия мүшесі"; 
      "Тәжияқов Бисенғали Шамғалиұлы - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі салық комитетінің төрағасы" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тәжияқов Бисенғали Шамғалиұлы - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрінің міндетін атқарушы - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Салық комитетінің төрағасы";
      2) Кәкімжанов Зейнолла Халидоллаұлы аталған құрамнан шығарылсын;

      4. Ведомствоаралық комиссия "1997/98 жылғы егіннің астығын сатып алуды ұйымдастырудың тәртібін" әзірлеп, бекітсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады