Отандық спорт пен туризм инфрақұрылымын дамыту мәселелері бойынша бірыңғай оқу-ғылыми-әдістемелік орталық құру жолымен спорт және туризм саласында мамандарды даярлау мен қайта даярлау жүйесін одан әрі жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақ дене тәрбиесі институты Қазақ мемлекеттік спорт және туризм
академиясы болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасының Білім, мәдениет және денсаулық сақтау
министрлігі:
1) Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясының құрылымын,
мамандықтардың тізбесін және профессорлық-оқытушылық құрамының штат санын
айқындасын;
2) қаржыландыру мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету 1998 жылға
арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі