Экспортқа мұнай тасымалдау жөніндегі қызмет көрсетулерге салық салу кезінде құжат айналымын ретке келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасының мұнай өнеркәсібіндегі қаржы-экономикалық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі кезек күттірмейтін шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 24 шілдедегі N 697 P980697_ қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін.
4-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"ҚҚС "алатын елі" принципі бойынша алынатын, ТМД-ға қатысушы мемлекеттерден тысқары жерлерге, сонымен қатар ТМД-ға қатысушы мемлекеттерге экспортқа мұнай тасымалдау жөніндегі қызмет көрсетулер - халықаралық тасымалдауға байланысты 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін нөлдік ставка бойынша ҚҚС салынған және Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС-тан босатылған қызмет көрсетулер болып табылады деп белгіленсін, бұл ретте мыналардың болуы тиіс:
мұнай тасымалдау жөніндегі қызмет көрсетулерді жүзеге асыратын ұйымдарда - мұнай тасымалдауға келісім шарт, мұнай тасымалдауға келісім шарттар бойынша есеп айырысулар жүргізілгенін растайтын есеп-фактуралар және/немесе төлем құжаттары;
мұнай экспорттайтын мұнай-газ өндіретін ұйымдарда:
труба құбырлары көлігімен қызмет көрсетілген сәттен бастап 30 күн мерзім ішінде - Қазақстан Республикасының толық кеден жүгі декларациясы және Қазақстан Республикасының шекарасындағы қабылдап алу-өткізу пунктінде мұнайды қабылдау-өткізу актісі;
Қазақстан Республикасының теңіз портында мұнайды танкерге құю жөніндегі қызмет көрсетілген сәттен бастап 60 күн мерзім ішінде - Қазақстан Республикасының толық кеден жүгі декларациясы мен коносаменті;
мұнайды темір жол цистерналарына құю жөнінде қызмет көрсетілген сәттен бастап 60 күн мерзім ішінде - Қазақстан Республикасының толық кеден жүгі декларациясы мен темір жол құжаттары".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі