Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың 1998 жылға арналған бюджеті туралы" 1998 жылғы 13 ақпандағы N 109 P980109_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 4, 30-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-тармақтағы "55600", "52500" және "108100" деген сандар тиісінше "56340", "58900" және "115240" деген сандармен ауыстырылсын;
2) 2-тармақ "ресми трансферттердің" деген сөздерден кейін "банктер несиелерінің және Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорына көрсетілген қызметтер үшін алынған қаражаттың" деген сөздермен толықтырылсын;
3) мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 1998 жылы Зейнетақы
төлеу жөніндегі мемлекеттік орталыққа түскен нақты кірісті есепке ала
отырып, зейнетақы төлеуге арналған ресми трансферттердің сомасын Үкіметтің
кезек күттірмейтін мұқтаждарына Қазақстан Республикасы мемлекеттік
бюджетінің кіріс және шығыс жіктемесіндегі "Экономикалық қызметпен
байланысты өзге де қызмет көрсетулер" деген 13-функционалдық тобы бойынша
көзделген қаражаттың есебінен 6400 млн. теңгеге ұлғайтсын";
4) аталған қаулының қосымшасында:
"Кірістер" деген бөлімде:
2-тармақтағы "52500" деген сан "58900" деген санмен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 2-1 және 2-2-жолдармен
толықтырылсын:
"2-1. Банктердің несиесі - барлығы 710
оның ішінде жабдық сатып алуға 410
2-2. Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы
қорына көрсетілген қызметтер үшін
алынған қаражат 30";
"Барлық кіріс" деген жолдағы "108100" деген сан "115240" деген санмен
ауыстырылсын;
"Шығыстар" деген бөлімде:
реттік нөмірлері 1,2 және 5-жолдардағы "89093", "10067" және "1112"
деген сандар "95493", "8667" және "1551, 5" деген сандармен ауыстырылсын;
реттік нөмірі 5-жол мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын:
"банк несиесін өтеуге арналған шығыстар 300,5";
"Барлық шығыс" деген жолдағы "101920" деген сан 107660" деген санмен
ауыстырылсын.
"Шығыстың кірістен асуы" деген жолдағы "46320" деген сан "51320"
деген санмен ауыстырылсын";
"Қазақстан Республикасының зейнетақы қорының, зейнетақы төлеуге
арналған несие келісімдері жөніндегі қаржылық міндеттемелерді орындауын
қоса алғанда, 1997 жылдың желтоқсанында есептелген зейнетақыны төлеуі"
деген жолдағы "6180" деген сан "7580" деген санмен ауыстырылсын;
"Барлық шығыс" деген жолдағы "108100" деген сан "115240" деген санмен
ауыстырылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі