"Қазақстан Республикасының жоғалып кету қаупі төніп тұрған жабайы жануарлар дүниесі мен өсімдіктер дүниесінің түрлерімен халықаралық сауда жасау туралы конвенцияға қосылуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 1998 жылғы 1 желтоқсан N 1217

 


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     "Қазақстан Республикасының жоғалып кету қаупі төніп тұрған жабайы

жануарлар дүниесі мен өсімдіктер дүниесінің түрлерімен халықаралық сауда

жасау туралы конвенцияға қосылуы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының

жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына

енгізілсін.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


                                                               Жоба


                 Қазақстан Республикасының Заңы


          Қазақстан Республикасының жоғалып кету қаупі төніп

            тұрған жабайы жануарлар дүниесі мен өсімдіктер

            дүниесінің түрлерімен халықаралық сауда жасау

                туралы конвенцияға қосылуы туралы


     Қазақстан Республикасы 1973 жылы 3 наурызда Вашингтонда жасалған

Жоғалып кету төніп тұрған жабайы жануарлар дүниесі мен өсімдіктер

дүниесінің түрлерімен халықаралық сауда жасау туралы конвенцияға қосылсын.


     Қазақстан Республикасының

        Президенті


              Жойылу қаупі төнген жабайы фауна мен флора

                түрлерімен халықаралық сауда туралы

                             Конвенция

             1973 ж. 3 наурызда Вашингтонда қол қойылған



              Жойылу қаупі төнген жабайы фауна мен флора

                түрлерімен халықаралық сауда туралы

                             Конвенция


     Уағдаласушы Мемлекеттер,


 
       жабайы фауна мен флораның көптеген, ғажайып та саналуан түрлері қазіргі және болашақ ұрпақтар үшін сақталуға тиісті жердің табиғи жүйесінің айырғысыз бөлігі болып табылатын мойындап,
 
      эстетика, ғылым, мәдениет, демалыс және экономика тұрғысынан алғанда

 

жабайы фауна мен флораның барған сайын өсіп отырған құндылығын сезініп,


     халықтар мен мемлекеттер өздерінің қарауындағы жабайы фауна мен

флораны ең жақсы сақтаушылар болып табылатынын әрі болуға тиіс екенін

мойындап,


     бұған қоса, жабайы фауна мен флораның жекелеген түрлерінің

халықаралық саудаға шамадан тыс түсірілуінен оларды сақтау үшін қажетті

халықаралық ынтымақтастық болып табылатынын мойындап,

     бұл мақсатта тиісті шаралар қолданудың айрықша қажеттілігіне көзі

жете отырып,


     мыналар жайында келісті:


                             1 Бап

                          Анықтамалар


     Егер мағынасы бойынша басқа маңызы талап етілмесе, осы

Конвенцияның мақсаты үшін:

     (а) "Түр" дегеніміз - кез келген түрі, тұқымдасы немесе оның

географиялық жағынан оқшауланған таралғысы;

     (б) "Үлгі" дегеніміз:

     (і) кез келген жануар немесе өсімдік. Тірі немесе өлі:


 
       (іі) жануарға қатысты: I және II Қосымшаларға енген түрлері үшін кез келген оңай танылымды бөлігі немесе оның туындысы, ал III Қосымшаға енген түрлері үшін кез келген оңай танылымды бөлігі немесе оның туындысы, осы түрлеріне байланысты III Қосымша аталған: және
 
      (ііі) өсімдікке қатысты: I Қосымшаға енген түрлері үшін кез келген оңай танылымды бөлігі немесе оның туындысы: ал II және III Қосымшаларға енген түрлері үшін кез келген танылымды бөлігі немесе оның туындысы, осы түрлерге байланысты II және III Қосымшаларда аталғандар.
 
      (с) "Сауда" дегеніміз - экспорт, қайта экспорттау, импорттау және теңізден алынғандарды интродукциялау (жаңа жағдайға бейімдеу);
 
      (d) "Қайта экспорттау" дегеніміз - бұрын импортталған кез келген үлгіні экспорттау;
      (е) "Теңізден алынғандарды интродукциялау" дегеніміз - қандай да бір

 

елдің қарауына жатпайтын теңіздік ортадан алынған үлгілердің кез келген

түрін мемлекетке әкелу;


     (ғ) "Ғылыми орган" дегеніміз - IX Бапқа сәйкес тағайындалған

ұлттық ғылыми орган;


     (g) "Әкімшілік органы" дегеніміз - IХ Бапқа сәйкес тағайындалған

ұлттық әкімшілік органы;


     (h) "Тарап" дегеніміз - осы Конвенция өзі үшін күшіне енген мемлекет.


                           II Бап

                     Негізгі қағидаттары



 
       1. I Қосымша жойылу қаупі төнген барлық түрлерін қамтиды, бұларды саудаға салу олардың болуына қолайсыз әсер етеді немесе әсер етуі мүмкін. Осынау түрлерінің үлгілерімен сауда жасау олардың өмір сүру қаупін одан әрі үдетпеу үшін ерекше қатаң реттелуге тиіс және ерекше жағдаяттарда ғана рұқсат етілуге тиіс.
 
      2. ІІ Қосымша мыналарды
 
      (а) егер олардың өмір сүруімен сиыспайтын сондай пайдалануға жол бермеу мақсатында сол түрлерінің үлгілерімен сауда жасау қатаң реттелмейтін болса, қазіргі уақытта жойылып кету қаупі төнбегенімен, осындай қауіп төнуі мүмкін барлық түрлерін: және
      (b) осы тармақтың "а" тармақшасында көрсетілген кейбір түрлері

 

үлгілерінің саудаға салынуына тиімді бақылау жасауға болатындай реттелуге

жатуға тиіс басқа да түрлерін қамтиды.


     3. ІІІ Қосымша пайдаланылуына жол бермеу немесе оны шектеу мақсатында

кез келген Тараптың белгілеуі бойынша оның заңды құқығы шегінде реттелуге

жататын және бұлар жөнінде саудаға бақылау жасауда басқа Тараптардың

ынтымақтастығы қажет болатын барлық түрлерін қамтиды.


     4. Тараптар осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес келгенде ғана І, ІІ,

ІІІ, Қосымшаларға енген түрлерінің үлгілерімен сауда жасауға рұқсат етеді.


                            ІІІ Бап

               І. Қосымшаға енген түрлерінің үлгілерімен

                          сауданы реттеу


     1. І Қосымшаға енген түрлерінің үлгілерімен кез келген сауда осы

баптың қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.



 
       2. І Қосымшаға енген түрінің кез келген үлгісінің экспорты үшін оған алдын-ала рұқсат берілуі және оның көрсетілуі талап етіледі, экспортқа рұқсат мынадай шарттарды орындағанда:
      (а) экспорттаушы мемлекеттің ғылыми органы мұндай экспорт бұл түрдің өмір сүруіне қатер төндірмейді деген қорытынды жасағанда
      (b) экспорттаушы мемлекеттің Әкімшілік органы осы үлгінің сол мемлекеттің фауна мен флорасын қорғауға қатысты заңдарын бұза отырып алынбағанына куәланғанда;
      (c) экспорттаушы мемлекеттің Әкімшілік органы кез келген түрі үлгінің зақымдану, денсаулыққа қатер немесе қатыгездік жасау тәуекелділігін мейлінше азайтатындай етіп дайындалатынына және жөнелтілетініне куәланғанда:
      (d) экспорттаушы мемлекеттің Әкімшілік органы сол үлгінің импортына рұқсат етілгеніне куәланғанда ғана беріледі.
 
      3. І Қосымшаға енген түрінің кез келген үлгісінің импорты үшін оған алдын-ала рұқсат берілуі және оның көрсетілуі және не экспортқа рұқсат, не қайта экспорттауға сертификат талап етіледі. Импортқа рұқсат мынадай шарттарды орындағанда:
 
      (а) импорттаушы мемлекеттің ғылыми органы мұндай импорт осынау түрлерінің өмір сүруінен қатер төндірмейтін мақсатта жүргізіледі деген қорытынды жасағанда
 
      (b) импорттаушы мемлекеттің Ғылыми органы тірі үлгіні болашақта алушының үлгіні сақтауы мен күтуі үшін тиісінше жағдайы бар екеніне куәланғанда; және
      (с) импорттаушы мемлекеттің Әкімшілік органы үлгінің негізінен коммерциялық мақсаттарға пайдаланылмайтынына куәланғанда ғана беріледі.
 
      4. І Қосымшаға енген түрдің кез келген үлгісін қайта экспорттау үшін оған алдын-ала сертификат беру және оны көрсету талап етіледі. Қайта эскпорттауға сертификат мынадай шарттарды орындағанда:
 
      (а) қайта экспорттаушы мемлекеттің Әкімшілік органы бұл үлгінің сол мемлекетке осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес импортталғанына куәланғанда;
      (b) қайта экспорттаушы мемлекеттің Әкімшілік органы кез келген тірі үлгінің зақымдану, денсаулыққа қатер немесе қатыгездік жасау тәуекелділігін мейлінше азайтатындай етіп дайындалатынына және жөнелтілетініне куәланғанда: және
      (с) қайта экспорттаушы мемлекеттің Әкімшілік органы кез келген тірі үлгінің импортына рұқсат етілгеніне куәланғанда ғана беріледі.
      5. І Қосымшаға енген теңізден алынған түрдің қандай да бір үлгісін интродукциялау үшін оны жүзеге асырушы мемлекеттің Әкімшілік органының алдын ала сертификат беруі талап етіледі. Сертификат мынадай шарттарды орындағанда;

 

     (а) интродукцияны жүзеге асырушы мемлекеттің Ғылыми органы мұндай

интродукция бұл түрдің өмір сүруіне қатер төндірмейді деген қорытынды

жасағанда;

     (b) интродукцияны жүзеге асырушы мемлекеттің Әкімшілік органы тірі

үлгіні болашақта алушының үлгіні сақтауы мен күтуі үшін тиісінше жағдайы

бар екеніне куәланғанда; және

     (с) интродукцияны жүзеге асырушы мемлекеттің Әкімшілік органы үлгінің

негізінен коммерциялық мақсаттарға пайдаланылмайтынына куәланғанда ғана

беріледі.


                       IV Бап

          ІІ Қосымшаға енген түрлерінің үлгілерімен

                     сауданы реттеу


     1. ІІ Қосымшаға енген түрлерінің үлгілерімен кез келген сауда осы

Баптың қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады


 
       2. ІІ Қосымшаға енген түрдің кез келген үлгісін экспорттау үшін оған алдын-ала рұқсат беру және оны көрсету талап етіледі. Экспорттауға рұқсат мынадай шарттарды орындағанда:
      (а) экспорттаушы мемлекеттің Ғылыми органы мұндай экспорт бұл түрдің өмір сүруіне қатер төндірмейді деген қорытынды жасағанда;
      (b) экспорттаушы мемлекеттің Әкімшілік органы осы үлгінің сол мемлекеттің фауна мен флорасын қорғауға қатысты заңдарын бұза отырып алынбағанына куәланғанда; және
      (с) экспорттаушы мемлекеттің Әкімшілік органы кез келген тірі үлгінің зақымдану, денсаулыққа қатер немесе қатыгездік жасау тәуекелділігін азайтатындай етіп дайындалатынына және жөнелтілетініне куәланғанда ғана беріледі.
      3. Әрбір тараптың Ғылыми органы ІІ Қосымшаға енген түрлер үлгілерінің экспортына сол мемлекеттің берген рұқсатына да әрі сондай үлгілердің шын мәнісінде экспортталуына да бақылау жасайды. Егер Ғылыми орган өзі кездесетін экологиялық жүйеде оның бүкіл ареалында атқаратын рөліне орай әрі сол түрдің І Қосымшаға ауыстырылуы қажет бола қалатындай реттегіден неғұрлым жоғары деңгейде болуынан сол түрді қолдау үшін кез келген осындай түрдің экспортталуы шектелуге тиіс деп белгілесе. Ғылыми орган осы түрдің үлгілерінің экспортына рұқсаттардың берілуін шектеу үшін қажетті шаралар қолдануға тиісті Әкімшілік органына ұсыныс жасайды.
      4. ІІ Қосымшаға енгізілген түрдің кез келген үлгісін импорттау үшін экспортқа рұқсаттың не қайта экспорттауға сертификаттың алдын-ала көрсетілуі талап етіледі.
 
      5. ІІ Қосымшаға енгізілген түрдің кез келген үлгісінің қайта экспортталуы үшін қайта экспорттауға арналған сертификаттың алдын-ала берілуі және оның көрсетілуі талап етіледі. Қайта экспортталуға сертификат мынадай шарттарды орындағанда:
      (а) қайта экспорттаушы мемлекеттің Әкімшілік органы бұл үлгінің сол мемлекетке осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес импортталғанына куәланғанда;
      (b) қайта экспорттаушы мемлекеттің Әкімшілік органы кез келген тірі үлгінің зақымдану, денсаулыққа қатер немесе қатыгездік жасау тәуекелділігін мейлінше азайтатындай етіп дайындалатынына және жөнелтілетініне куәланғанда ғана беріледі.
 
      6. ІІ Қосымшаға енген түрдің теңізден алынған үлгісін интродукциялау үшін оны іске асырушы мемлекеттің Әкімшілік органы алдын-ала берген сертификат талап етіледі. Сертификат мына шарттарды орындағанда:
      (а) интродукцияны іске асырушы мемлекеттің Ғылыми органы мұндай интродукция сол түрдің тіршілігіне қауіпті болмайды деп қорытынды жасағанда; және
      (b) интродукцияны іске асырушы мемлекеттің Әкімшілік органы кез келген тірі үлгімен қаракет зақымдану, денсаулыққа қатер немесе қатыгездік жасау тәуелкелділігін мейлінше азайту арқылы жүзеге асырылатынына куәланғанда ғана беріледі.
      7. Осы Баптың 6-тармағында көрсетілген сертификаттар басқа ұлттық ғылыми органдарымен немесе, орайы келген шақта, халықаралық ғылыми органдарымен консультациялар алысудан кейін сол кезең ішінде интродукциялауға жататын үлгілердің жалпы санына қатысты бір жылдан аспайтын мерзімге Ғылыми органның ұсынысы бойынша беріле алады.
 
                               V Бап
                ІІІ Қосымшаға енген түрлердің үлгілерімен
                            сауданы реттеу
 
      1. ІІІ Қосымшаға енген түрлердің үлгілерімен кез келген сауда-саттық осы Баптың қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
      2. ІІІ Қосымшаға енген, осы түрді ІІІ Қосымшаға енгізген кез келген мемлекеттен келген түрдің кез келген үлгісін экспорттау үшін экспортқа алдын-ала рұқсат берілуі және оның көрсетілуі талап етіледі. Экспортқа рұқсат мына шарттарды орындағанда:
 
      (а) экспорттаушы мемлекеттің Әкімшілік органы осы үлгінің сол мемлекеттің фауна мен флораны қорғауға қатысты заңдарын бұза отырып алынбағанына куәланғанда: және
      (b) экспорттаушы мемлекеттің Әкімшілік органы кез келген үлгінің зақымдану, денсаулыққа қатер немесе қатыгездік жасау тәуелділігін мейлінше азайтатындай етіліп дайындалатынына және жөнелтілетініне куәланғанда ғана беріледі.
      3. Осы баптың 4-тармағы қолданылатын жағдаяттарды қоспағанда, ІІІ Қосымшаға енген түрдің кез келген үлгісін импорттау үшін шығу тегі туралы сертификатты көрсету, ал егер осы үлгі бұл түрді ІІІ Қосымшаға енгізген мемлекеттен импортталса: экспортқа арналған рұқсаттама көрсетіледі.
      4. Қайта экспорттау кезінде қайта экспорттаушы мемлекеттің Әкімшілік органы берген және бұл үлгі сол мемлекетте өңделгенін немесе ол қайта экспортталатынын куәландырушы сертификат импорттайтын мемлекет тарапынан бұл үлгіге қатысты осы Конвенция ережелерінің орындалу айғағы ретінде қабыл алынады.
 
                        VI Бап
             Рұқсаттамалар мен сертификаттар
 
      1. ІІІ. IV және V Баптардың қағидаларына сәйкес берілетін рұқсаттамалар мен сертификаттар осы Баптың қағидаларына сәйкес келуге тиіс.
      2. Экспортқа арналған рұқсаттамада IV Қосымшада келтірілген бланк-үлгіде кеөрсетілген ақпарат болады және ол берілген сәтінен бастап алты ай бойы ғана пайдаланыла алынады.
      3. Әрбір рұқсаттамада немесе сертификатта осы Конвенцияның атауы, оны беруші Әкімшілік органының атауы мен тиісті мөрі мен Әкімшілік органы берген бақылау нөмірі болады.
      4. Әкімшілік орган берген рұқсаттаманың немесе сертификаттың барлық көшірмелерінде бұлар көшірмелер ғана екендігі айқын көрсетілуге тиіс және, құжатта көрсетілген жағдайларды қоспағанда, бірде бір мұндай көшірме түпнұсқа орнына пайдаланыла алмайды.
      5. Үлгілердің әрбір тобына жеке рұқсаттама немесе сертификат талап етіледі.
      6. Қандай да бір үлгіні импорттаушы мемлекеттің Әкімшілік органы экспортқа арналған рұқсаттаманы немесе қайта экспорттауға арналған сертификатты және бұл үлгінің импортына арналған кез келген тиісті рұқсаттамаға таңба соғады әрі оны сақтайды:
      7. Үлгінің танылуын жеңілдету үшін Әкімшілік органы орынды әрі мүмкін болғанда, кез келген үлгіге белгі қоя алады. Бұл мақсат үшін "белгі" дегеніміз - кез келген өшіріліп қалмайтын таңба, қорғасын пломбы немесе оны бөгде адамдардың қолдан жасауы мейлінше қиынға соғатындай етіп істелінген үлгінің түпнұсқасын айқындайтын басқа да келісті құрал.
 
                           VII Бап
       Саудаға қатысты ерекшеліктер және басқа да арнайы ережелер
 
      1. Бұл үлгілер кеден бақылауында болған уақытта ІІІ, ІV және V Баптардың қағидалары үлгілерді тараптың аумағы арқылы немесе оларды аумаққа ауыстыруда транзиттік тасымалдауға қолданылмайды.
      2. Экспорттаушы немесе қайта экспорттаушы мемлекеттің Әкімшілік органы үлгі осы Конвенцияның ережелері бұл үлгіге қолданылғанға дейін сатып алынғанына куәланған жағдайда, егер Әкімшілік органы оны куәландыратын сертификат берсе, ІІІ, IV және V Баптардың қағидалары бұл үлгіге қолданылмайды.
      3. ІІІ, IV және V Баптардың қағидалары жеке адамдардікі немесе үй ішілік заттар болып табылатын үлгілерге қолданылмайды. Бұл ерекшелік мыналарға қолданылмайды:
      (а) егер оларды иесі өзі әдетте тұратын мемлекеттен тыс жерден сатып алған болса және бұл үлгілер сол мемлекетке импортталса, 1 Қосымшаға енген үлгілерге қатысты; немесе
      (b) ІІ Қосымшаға енген түрлердің үлгілеріне қатысты, егер;
      (і) оларды иесі өзі әдетте тұратын мемлекеттен тысқары жерден және жабайы фауна және флора арасынан үлгіні өндіру немесе жинау жүзеге асырылған мемлекеттен сатып алған болса:
      (іі) олар иесі әдетте тұратын мемлекетке импортталса, және
      (ііі) жабайы фауна мен флора арасынан үлгіні өндіру немесе жинау жүзеге асырған мемлекет осындай үлгілердің кез келген экспортына дейін оған алдын-ала рұқсаттама берілуін талап етсе, ерекшелік қолданылмайды, бұған үлгілер осы Конвенцияның қағидалары қолданылғанға дейін сатып алынғанына Әкімшілік органы куәланған жағдайлар кірмейді.
      4. І Қосымшаға енген коммерциялық мақсатпен ықтиярсыз ұсталатын жануарлар түрлерінің үлгілері немесе І Қосымшаға енген коммерциялық мақсатпен жасанды өсірілетін өсімдіктер түрлері ІІ Қосымшаға енген түрлердің үлгілері болып есептеледі.
      5. Егер экспорттаушы мемлекеттің Әкімшілік органы жануарлар түрінің қандай да бір үлгісі ықтиярсыз ұсталатынына немесе өсімдіктер түрінің қандай да бір үлгісі жасанды өсірілетініне немесе сондай жануардың немесе өсімдіктің бөлігі болып табылатынына немесе солардан шыққанына куәланған жағдайда, онда бұл туралы осы Әкімшілік органы берген куәлік ІІІ, IV және V Баптардың қағидаларына сәйкес талап етілетін кез келген рұқсаттамалардың немесе сертификаттардың орнына қабылданады.
      6. Коммерциялық емес негізде уақытша пайдалануға, сыйға немесе ғалымдар немесе өз мемлекетінде Әкімшілік органы тіркеген ғылыми мекемелері арасында айырбас ретінде берілген гербарийлер үлгілеріне, басқа да консервіленген, кептірілген немесе спирттелген мұражай үлгілеріне және Әкімшілік органы берген немесе бекіткен таңбаламасы бар тірі өсімдік материалына ІІІ, IV және V Баптардың қағидалары қолданылмайды.
      7. Кез келген мемлекеттің Әкімшілік органы ІІ, IV және V Баптардың талаптарынан бас тарта алады және көшпелі зоологиялық бақтың, цирктің, айуанхананың, өсімдіктер көрмесінің немесе басқа да көшпелі көрменің бір бөлігі болып табылатын үлгілерді рұқсаттамаларсыз немесе сертификаттарсыз алып жүруге мүмкіндік бере алады, мұның өзі мынадай жағдайда:
      (а) экспорттаушы немесе импорттаушы осындай үлгілерді Әкімшілік органында барлық егжей-тегжейімен тіркегенде:
      (b) үлгілер осы Баптың 2 немесе 5-тармақтарында аталған санаттардың біріне жатқызылғанда:
      (с) кез келген тірі үлгіні тасу және оларды күту, зақымдану, денсаулыққа қатер немесе қатыгездік жасау тәуекелділігінің мейлінше азайтыла отырып жүргізілетініне Әкімшілік органы куәланғанда болады.
 
                          VIII Бап
                  Тараптар қолданатын шаралар
 
      1. Тараптар осы Конвенция ережелерінің орындалуын қамтамасыз ету және үлгілер саудасының Конвенция ережелерін бұза отырып жасалуына тиым салу үшін тиісті шаралар қолданады. Бұл шаралар мыналарды қамтиды:
      (а) осындай үлгілерді саудаға салғаны немесе иемденгені үшін не онысы да, мұнысы да үшін жазалау: және
      (b) сондай үлгілерді тәркілеу немесе экспорттаушы мемлекетке қайтару
 
      2. Осы Баптың 1-тармағына сәйкес қабылданатын шаралардан басқа, Тарап, өзі мұны қажет деп тапқанда, осы Конвенцияның ережелерін қолдануға байланысты, қабылданған шараларды бұза отырып саудаға салынған үлгіні тәркілеу салдарынан келтірілген шығындарды материалдық жағынан өтеудің кез келген тәсілін көздей алады.
      3. Мүмкіндігіне қарай Тараптар мейлінше аз кідірте отырып үлгілердің сауда үшін талап етілетін нысандылығы арқылы өткізілуін қамтамасыз етеді. Мұндай өткізуді жеңілдету үшін Тарап кедендік нысандылық үшін үлгілердің көрсетілуге тиісті әкелу пункттері мен әкету пункттерін айқындай алады. Бұған қоса Тараптар кез келген транзит, сақтау немесе тасу уақытында зақымдану, денсаулыққа қатер немесе қатыгездік жасау тәуекелдікті мейлінше азайту үшін барлық тірі үлгілерге тиісінше күтім жасалуын қамтамасыз етеді.
      4. Тірі үлгі осы Баптың 1-тармағында аталған шараларға тәркіленсе, онда:
      (а) үлгi тәркiлеушi мемлекеттiң әкiмшiлiк орган қарамағына берiледi;
      (b) Әкімшілік орган экспорттаушы мемлекетпен консультация жасағаннан кейін үлгіні соның есебінен сол мемлекет қайтарады, немесе құтқару орталығына немесе Әкімшілік орган Конвенцияның мақсатына лайықты әрі сиысты деп есептейтін сондай өзге орынға береді; және
      (с) құтқару орталығын немесе өзге орынды таңдап қосқанда осы тармақтың "b" тармақшасына сәйкес шешім қабылдауды жеңілдету үшін Әкімшілік органының Ғылыми органнан ұсыныс алуы немесе, егер бұл тиімді деп есептелсе, Хатшылықпен консультация жасауына болады.
      5. Осы Баптың 4-тармағына аталған құтқару орталығы дегеніміз - әкімшілік органы тірі үлгілерге, атап айтқанда тәркіленгендеріне күтім жасауды тапсыратын мекеме.
      6. Әрбір Тарап І, ІІ және ІІІ Қосымшаларға енгізілген түрлердің үлгілерімен сауда-саттық журналын жүргізетін болады, онда мынадай деректер келтіріледі:
      (а) экспорттаушылар мен импорттаушылардың атауы мен мекен-жайы, және
      (b) берілген рұқсаттамалар мен сертификаттардың саны мен түрі, мұндай сауда жасау жүзеге асырылған мемлекеттер үлгілердің саны немесе санамасы және типтері, І, ІІ және ІІІ Қосымшаларға енгізілген түрлердің атауы, қайда тұрады, тиісті үлгінің мөлшері мен жынысы.
      7. Әрбір Тарап осы Конвенцияның орындалуы туралы дүркін-дүркін

 

есептер жасап, мыналарды Хатшылыққа жіберіп отыратын болады:

     (а) осы Баптың 6-тармағындағы "b" тармағында аталған деректердің

мәліметі бар жыл сайынғы есеп: және

     (b) осы Конвенция ережелерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін

қолданылған заңдылық, әкімшілік шаралар және реттеу жөніндегі шаралар

туралы екіжылдық есеп.

     8. Егер бұл тиісті Тараптың заңдарына қайшы келмесе, осы Баптың

7-тармағында аталған мәліметтер баршаға ашық болады.


                         ІХ Бап


             Әкімшілік және Ғылыми органдары


     1. Осы Конвенция мақсатымен әрбір Тарап:



 
       (а) осы Тарап атынан рұқсаттамалар немесе сертификаттар беруге құқығы болатын бір немесе бірнеше Әкімшілік органдарын; және
      (b) бір немесе бірнеше Ғылыми органдар тағайындайды.
      2. Әрбір мемлекет ратификациялық грамотаны немесе қабылдау, бекітілу немесе қосылу туралы құжатты сақтауға тапсырған кезде бір мезгілде Үкімет депозитарийге басқа Тараптармен және Хатшылықпен байланыс жасауға уәкілдігі бар Әкімшілік органының атауы мен мекен-жайын хабарлайды.
      3. Тағайындаудағы немесе осы Баптың қағидаларына көзделген өкілеттіктердің кез келген өзгерістері туралы тиісті Тарап басқа барлық Тараптарға хабарлау үшін Хатшылықты хабардар етеді.
      4. Осы Баптың 2-тармағында аталған Әкімшілік органы басқа Тараптың Хатшылығы немесе Әкімшілік органының сұрауы бойынша мөртаңбалардың, мөрлердің немесе рұқсаттамалардың немесе сертификаттардың түпнұсқалылығын куәландыру үшін қолданылатын басқа да құралдардың бедерлемелерін (оттиски) жібереді.
 
                            Х Бап
             Конвенцияның қатысушылар емес мемлекеттермен сауда
 
      Осы Конвенцияның қатысушысы болып табылмайтын мемлекетке экспорт немесе қайта экспорт немесе мемлекеттен импорт жасалған жағдайда сол мемлекеттің құзырлы өкімет орындары берген және рұқсаттамаларға немесе сертификаттарға қатысты осы Конвенцияның талаптарына негізінен сай келетін сондай құжаттаманы сондай рұқсаттамалар немесе сертификаттар орнына кез келген Тарап қабылдай алады.
 
                              ХІ Бап
                     Тараптар Конференциясы
 
      1. Хатшылық тараптар Конференциясын осы Конвенция күшіне енген соң екі жылдан кешіктірмей шақырады.
      2. Кейіннен Хатшылық кезекті сессияларды қалай дегенмен екі жылда бір рет, егер Конференция өзгеше шешім қабылдамаса, төтенше сессияларды да тараптардың кемінде үштен бірінің бұл туралы жазбаша өтінішін алысымен кез келген уақытта шақыратын болады.
      3. Кезекті де, сондай-ақ төтенше сессияларда Тараптар осы Конвенцияның орындалу барысын қарайды және:
      (а) Хатшылықтың өз міндетін орындау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін қажетті болатын сондай шараларды қабылдай алады;
      (b) XV Бапқа сәйкес І және ІІ Қосымшаларға түзетулерді қарап, қабылдай алады;
      (с) І, ІІ және ІІІ Қосымшаларға енгізілген түрлерді қалпына келтіру мен сақтау жөніндегі қызметтің нәтижесін талқылай алады;
      (d) Хатшылық немесе кез келген Тарап түсірген кез келген баяндамаларды, алып талқылайды;
      (е) орынды болғанда осы Конвенцияның тиімділігін арттыруға арналған ұсыныстар жасай алады.
      4. Әрбір кезекті сессияда Тараптар осы Баптың 2-тармағының қағидаларына сәйкес өткізілетін кезекті сессияның уақытын және болатын орнын белгілей алады.
      5. Кез келген сессияда Тараптар сессияның рәсім тәртібін белгілеп, қабылдай алады.
      6. Біріккен Ұлттар Ұйымы, оның мамандандырылған мекемелері, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік және осы Конвенцияның қатысушысы болып табылмайтын кез келген мемлекет Конференция сессияларына байқаушылар болып, дауыс беру құқығынсыз талқылауға қатысу құқығымен қатыса алады.
      7. Жабайы фауна мен флораны қорғау, сақтау немесе ұтымды пайдалану саласындағы техникалық жағынан құзыретті төмендегі санаттарға жататын органдар немесе мекемелер өздерінің Конференция сессияларына қатысу ниеті туралы Хатшылықты хабардар етуі бойынша, егер қатысушы Тараптардың, ең болмағанда, үштен бірі қарсылық білдірмесе, сессияға жіберілетін болады, олар мыналар:
      (а) халықаралық мекемелер немесе органдар, үкіметтік немесе үкіметтік емес ұлттық үкіметтік мекемелер немесе органдар; және
      (b) өздері тұратын мемлекет осы мақсатпен бекіткен ұлттық үкіметтік емес мекемелер немесе органдар. Сессияға жіберілген бұл байқаушылар талқылауларға дауыс беру құқығынсыз қатысатын болады.
 

                                  ХІІ Бап



                                 Хатшылық



 
 
       1. Осы Конвенция күшіне енісімен Біріккен Ұлттар Ұйымының қоршаған орта жөніндегі Бағдарламасының Атқарушы Директоры Хатшылықтың ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді. Ол қалай орынды болады деп есептесе солай болады, бұл жайында оған жабайы фауна мен флораны қорғау, сақтау және ұтымды пайдалану саласында техникалық жағынан құзыретті тиісті үкіметаралық немесе үкіметтік емес, халықаралық немесе ұлттық органдар мен мекемелер көмектесе алады.
      2. Хатшылық функцияларына мыналар кіреді:
      (а) Тараптар Конференциясы сессияларын ұйымдастыру және оларға қызмет көрсету;
      (b) осы Конвенцияның ХV және ХVI Баптарының қағидаларына сәйкес өзіне жүктелген функцияларды орындау;
      (с) Тараптар Конференциясы бекіткен, осы Конвенцияны орындауға мүмкіндік туғызатын бағдарламаларға сәйкес ғылыми және техникалық зерттеулер жүргізу, бұларға тірі үлгілерді тиісінше дайындау мен тасуға және үлгілердің түпнұсқа сәйкестігін айқындау тәсілдеріне арналған стандарттар жөніндегі зерттеулер де қосылады;
      (d) Тараптардың баяндамаларын қарау және Хатшылық осы Конвенцияның орындалуын қамтамасыз ету үшін қажет болады деп есептесе, баяндамалар бойынша сондай қосымша ақпарат беру жөнінде Тараптарға сұратулар жіберу;
      (е) осы Конвенцияның мақсатына қатысы бар кез келген мәселеге Тараптардың назарын аудару;
      (f) сол Қосымшаларға енгізілген түрлер үлгілерінің түпнұсқаға сәйкес келетіндігін айқындауды жеңілдететін кез келген басқа да мәліметтермен бірге І, ІІ және ІІІ Қосымшалардың ағымдағы басылымдарын дүркін-дүркін жариялап отыру және оларды Тараптауға жіберу;
      (g) Тараптарға өз жұмысы туралы және осы Конвенцияны іске асыру туралы жыл сайынғы есептерді, сондай-ақ Тараптар Конференциясының сессиялары сұратуы мүмкін басқа да баяндамаларды дайындап отыру;
      (h) ғылыми немесе техникалық сипатта ақпарат алысуды қосқанда, осы Конвенцияның мақсаты мен ережелерін жүзеге асыруға арналған ұсынылымдар жасау;
      (і) өзіне Тараптардың тапсыруы мүмкін кез келген басқа да функцияларды жүзеге асыру.
 
                              ХІІІ Бап
                     Халықаралық сипаттағы шаралар
 
      1. Хатшылық алынған ақпаратқа сәйкес І немесе ІІІ Қосымшаларға енгізілген қандайда бір түрге сондай түрдің үлгілерімен сауда жасау керісінше әсер етуде немесе осы Конвенцияның ережелері тиімсіз іске асырылып отыр деп есептесе, ол осы ақпаратты мүдделі Тараптың немесе Тараптардың уәкілді Әкімшілік Органына жібереді.
      2. Қандай да бір Тарап осы баптың 1-тармағында аталған ақпаратты алғанда, ол мүмкіндігінше қысқа мерзім ішінде осы мәселеге қатысты кез келген фактылар туралы ол өз заңдарымен қандай дәрежеде шешіліп жатқанын Хатшылыққа хабардар етеді және тиісті реттерде, жағдайды түзету үшін қолданылатын шараларды ұсынады. Тарап тексеру жүргізу қажет деп есептесе, осындай тексеруді сол Тарап осыған арнайы уәкілдік берген тұлға немесе бірнеше тұлға жүргізе алады.
      3. Тарап түсірген немесе осы Баптың 3-тармағында аталған тексерудің нәтижесі болып табылатын ақпарат Тараптардың келесі Конференциясында қаралады, ол өзі лайықты деп есептеген кез келген ұсынымдарды жасай алады.
 
                               XIV Бап
           Ішкі заңдарға және халықаралық конвенцияларға ықпалы
 
      1. Осы Конвенцияның ережелері Тараптардың мыналарды:
      (а) І, ІІ және ІІІ Қосымшаларда енгізілген түрлер үлгілерінің саудасы, өндірілу, иеленілу немесе тасымалдау шарттары жөнінде неғұрлым қатаң ішкі шаралар немесе бұған толық тиым салу шараларын; және
      (b) Қосымшаларға енгізілмеген түрлердің саудасына, өндірілуіне, иемделінуіне немесе тасылуына шектеу қоятын немесе бұларға тиым салатын ішкі шараларды қолдану құқығын ешбір ретте қозғамайды.
      2. Осы Конвенцияның ережелері Тараптардың қолданылатын немесе кейіннен кез келген Тарап үшін күшіне енетін үлгілер саудасының, өндірілуінің, иемделінуінің немесе тасылуының басқа да түйіндеріне қатысты кез келген шарты, конвенциясы немесе халықаралық келісімі жөніндегі кез келген ішкі шараларының немесе міндеттемелерінің ережелерін, соның ішінде кеден заңдары, денсаулық сақтау және жануарларды немесе өсімдіктерді оңашалау саласындағы кез келген шараларды ешбір ретте қозғамайды.
      3. Осы Конвенцияның ережелері одақ құрушы мемлекеттер арасында жасалған немесе жасалуы мүмкін кез келген шарттан, конвенциядан немесе халықаралық Келісімнен туындайтын ережелерді немесе міндеттемелерді немесе осындай одаққа немесе келісімге қатысушы мемлекеттер арасындағы саудаға қатысты дәрежеде осындай келісімге қатысушылар арасында жалпы сыртқы кедендік бақылау белгіленетін немесе сақталатын және кедендік бақылау жойылатын аймақтық сауда келісімін ешбір ретте қозғамайды.
      4. Осы Конвенцияға қатысушы мемлекет, сонымен бірге осы Конвенция күшіне енген сәтінде қолданылатын және олардың ережелері ІІ Қосымшаға енгізілген теңіздік түрлердің қорғалуын көздейтін қандай да бір басқа шартқа, Конвенцияға немесе халықаралық келісімге қатысушы болып табылатын мемлекет ІІ Қосымшаға енгізілген түрлердің үлгілерімен саудаға қатысты осы Конвенция бойынша міндеттемелерінен босатылады, бұлар осындай басқа шарттың, конвенцияның немесе халықаралық келісімінің ережелеріне сәйкес сол мемлекетте тіркелген кемелермен өндіріледі.
      5. ІІІ, ІV және V Баптардың қағидаларына қарамастан, осы Баптың 4-тармағына сәйкес өндірілген үлгіні экспорттау үшін интродукция жасаушы мемлекеттің Әкімшілік органынан осы үлгінің осындай басқа шарттың, конвенцияның немесе халықаралық келісімнің ережелеріне сәйкес өндірілгенін куәландыратын сертификат қана талап етіледі.
      6. Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының (XXV) 2750-қарарына сәйкес шақырылған теңіз құқығы жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы Конференциясының халықаралық құқықты жүйелеуі мен дамытуына, сондай-ақ кез келген мемлекеттің қазіргі немесе болашақтағы дәмеленуі мен құқықтық тұғырнамасына, теңіз құқығы мәселелері жөніндегі және жағалаудағы мемлекет пен мемлекеттер жалауы құқығының сипаты мен шегіне қатысты осы Конвенция ешбір зиян келтірмейді.
 
                                XV Бап
                  І және ІІ Қосымшаларға түзетулер
 
      1. Тараптар Конференциясының сессияларында І және ІІ Қосымшаларға түзетулер жөнінде мынадай қағидалар қолданылады:
      (а) кезекті сессияда қарау үшін кез келген Тарап І және ІІ Қосымшаларға түзету ұсына алады. Ұсынылған түзетудің мәтіні Хатшылыққа қалай болғанда да сессияға дейін 150 күн қалғанда жіберіледі. Осы Баптың 2-тармағының "b" және "с" тармақшаларының қағидаларына сәйкес түзету жөнінде Хатшылық қалған Тараптармен әрі мүдделі органдармен консультация алысады және сессияға дейін кемінде 30 күн қалғанда барлық Тараптарға жауап жібереді;
      (b) түзетулер Тараптардың болушылары мен дауыс беруге қатысушыларының үштен екі көпшілігімен қабылданады. Бұл мақсат үшін "Тараптың болушылары мен дауыс беруге қатысушылары" дегеніміз - қатысушы немесе дауыс беруші Тараптардың "құптағаны" немесе "қарсы болғаны". Қалыс қалған Тараптары түзетуді қабылдау үшін қажетті үштен екісіне қосылмайды.
      (с) сессияда қабылданған түзетулер барлық Тараптар үшін осындай сессиядан соң 90 күннен кейін күшіне енеді, бұған осы Баптың 3-тармағына сәйкес ескертпе жасағандар кірмейді.
      2. Тараптар Конференциясының Сессиялары арасындағы кезеңде І және ІІ Қосымшаларға түзетулер жөнінде мынадай қағидалар қолданылады:
      (а) кез келген Тарап осы тармақта белгіленген рәсім арқылы сессиялар арасындағы кезеңде қарау үшін І немесе ІІ Қосымшаларға түзету ұсына алады;
      (b) теңіздік түрлер жөнінде Хатшылық ұсынылған түзетудің мәтінін алысымен оны кідіртусіз Тараптарға жібереді. Ол сонымен қатар, атап айтқанда, бұл органдар түсіре алатын ғылыми деректер алу, бұл органдармен табиғатты қорғау жөніндегі кез келген шараларға қатысты үйлестіруді қамтамасыз ету мақсатында осы түрлерге жататын қандай да бір функциялары бар үкіметаралық органдармен консультация алысады. Хатшылық, мүмкіндігінше тез арада, Тараптарға осы органдардың пікірін және олардан алынған деректерді, сондай-ақ өзінің қорытындысы мен ұсынымдарын хабарлайды;
      (с) теңіздік емес түрлер жөнінде Хатшылық ұсынылған түзету мәтінін алысымен дереу оны Тараптарға жібереді және содан кейін мүмкіндігінше тез арада, өз ұсынымдарын түсіреді;
      (d) осы тармақтың "b" және "с" тармақшаларында атап көрсетілгендей, кез келген Тарап Хатшылық өз ұсынымдарын Тараптарға түсірген сәттен 60 күн ішінде ұсынылған түзету жөнінде кез келген түсініктемелерді хатшылыққа жібере алады, бұған осы мәселеге қатысы бар кез келген ғылыми деректер мен ақпарат қосылады;
      (с) Хатшылық алынған жауаптарды, сондай-ақ өзінің ұсынымдарын мүмкіндігінше тез арада, Тараптарға жібереді;
      (f) егер Хатшылық түсірілген түзетуге жауаптар мен ұсынымдар Тараптарға жіберген сәтте 30 күн ішінде қарсылық білдіре алмаса, осы тармақтың "е" тармақшасының қағидаларына сәйкес түзету барлық Тараптар үшін 90 күннен кейін күшіне енеді, бұған осы Баптың 3-тармағына сәйкес ескертпе жасайтындар қосылмайды;
      (g) егер Хатшылық қандай да бір Тараптан қарсылық білдіру алса, осы тармақтың "h", "i", "j" тармақтарының қағидаларына сәйкес ұсынылған түзету хат алмасу арқылы дауысқа қойылады;
      (h) Хатшылық қарсылық білдіру туралы хабарлама алғаны жайында Тараптарға хабарлайды;
      (i) егер хабарланған сәтінен бастап 60 күн ішінде Хатшылық, қалай болғанда да, Тараптардың жартысынан "құптаймыз", "қарсымыз" немесе "қалыс қалдық" деген дауыстар алмаса, осы тармақтың "h" тармақшасында көрсетілгендей, ұсынылған түзету одан әрі қарау үшін Конференцияның келесі сессиясына беріледі;
      (j) егер дауыс Тараптардың жартысынан алынса, онда түзету "құптаймыз" немесе "қарсымыз" деп дауыс беруші Тараптардың үштен екі көпшілігімен қабылданады;
      (k) дауыс берудің нәтижелері туралы хатшылық барлық Тараптарды хабардар етеді;
      (l) егер ұсынылған түзету қабылданса, Хатшылық оның қабылданғаны туралы барлық Тараптарды хабардар ету сәтінен бастап 90 күннен кейін ол күшіне енеді, бұған осы Баптың 3-тармағына сәйкес ескертпе жасағандар қосылмайды.
      3. Осы Баптың 1-тармағының "с" тармақшасында 2-тармағының "l" тармақшасында көзделген 90 күн ішінде кез келген Тарап Үкімет - депозитарийдің жазбаша хабарламасы жолымен осы түзету жөнінде ескертпе жасай алады. Мұндай ескертпе алып тасталғанға дейін оны жасаған Тарап бұл түрмен сауда жөніндегі осы Конвенцияға қатыспайтын мемлекет болып есептеледі.
 
                         XVI Бап
           ІІІ Қосымшаға және оған түзетулер
 
      1. Кез келген Тарап Хатшылыққа кез келген уақытта түрлердің тізбесін түсіре алады, бұл түрлер Тараптың айқындауы бойынша ІІ Баптың 3-тармағында аталған мақсатпен өз құқығы шегінде реттелуге жатады. ІІІ Қосымша, оған қосу үшін түрлерді тапсырған тараптардың атауын, осылайша тапсырылған түрлердің және І Баптың "b" тармақшасындағы мақсат үшін осы түрлерге байланысты аталған жануарлардың немесе өсімдіктердің кез келген бөліктерінің немесе туындыларының ғылыми аталымдарын қамтиды.
      2. Осы Баптың 1-тармағының қағидаларына сәйкес түсірілген әрбір тізбені Хатшылық оны алғаннан кейін мүмкіндігінше тез арада Тараптарға жібереді. Тізбе ІІІ Қосымшаның бөлігі ретінде жіберілген сәтінен бастап 90 күннен кейін күшіне енеді. Осындай тізбе жіберілгеннен кейін кез келген уақытта кез келген Тарап Үкімет - депозитарийді жазбаша хабардар ету арқылы кез келген түр немесе кез келген бөліктер немесе туындылар жөнінде ескертпе жасай алады, ал осы ескертпе алынып тасталмайынша, бұл мемлекет осы түрмен немесе оның тиісті бөлігімен немесе туындысымен сауда жөніндегі осы Конвенцияға қатысушы емес деп саналатын болады.
      3. ІІI Қосымшаға енгізу үшін қандай да бір түрді тапсырған Тарап Хатшылыққа хабарлау жолымен оны кез келген уақытта алып тастай алады. Хатшылық бұл жайында барлық Тараптарға хабарлайды. Алып тастау осындай хабарлама жасалған сәтінен бастап 30 күннен кейін күшіне енеді.
      4. Осы Баптың 1-тармағының қағидаларына сәйкес тізбе түсірген кез келген Тарап Хатшылыққа сондай түрлерді қорғауға қолданылатын барлық ішкі заңдар мен ережелердің көшірмелерін, сондай-ақ Тарап қажет деп есептеуі мүмкін немесе Хатшылық сұратып алуы мүмкін кез келген түсіндірмелерді қоса жолдайды. Осы түр ІІІ қосымша енгізілгенге дейін олардың қабылдануына қарай Тарап сол заңдар мен ережелерге кез келген түзетулерді, сондай-ақ кез келген жаңа түсіндірмелерді түсіріп отырады.
 
                               XVII Бап
                   Конвенция мәтініне түзетулер
 
      1. Осы Конвенцияға түзетулерді қарау мен қабылдау үшін Тараптардың ең болмағанда үштен бірінің жазбаша өтініші бойынша Хатшылық Тараптар Конференциясының төтенше сессиясын шақырады. Мұндай түзетулер Тараптардың дұрыс беруде болушылар мен оған қатысушыларының кемінде үштен екісінің көпшілік дауысымен қабылданады. Бұл мақсат үшін "Тараптың дауыс беруінде болушылары мен оған қатысушылар" дегеніміз - болушы әрі "құптаймыз" және "қарсымыз" деп дауыс беруші Тараптар. Қалыс қалушы Тараптар түзетулерді қабылдау үшін қажетті үштен екіге қосылмайды.
 
      2. Кез келген ұсынылатын түзетудің мәтінін Хатшылық барлық Тараптарға сесссияға дейін қалай болғанда да 90 күн бұрын хабарлайды.
      3. Тараптардың үштен екісі түзетуді қабылдау туралы құжатты Үкімет-депозитарийдің сақтауына тапсырған соң 60 күннен кейін Тараптар үшін түзету күшіне енеді, сосын бұл Тарап түзетуді қабылдау туралы өз құжатын сақтауға тапсырған соң 60 күннен кейін кез келген басқа Тарап үшін түзету күшіне енеді.
 
                             XVIII Бап
                          Дауларды шешу
 
      1. Осы Конвенцияның ережелерін түсіндіру немесе қолдану жөнінде екі немесе одан да көп Тараптар арасында туған кез келген дау оған қатысушы Тараптар арасында келіссөздер жүргізу жолымен шешуге жатады.
      2. Егер дау осы Баптың 1-тармағына сәйкес шешілмейтін болса, Тараптар,

 

өзара келісу бойынша, оны төрелік сотқа, атап айтқанда, Гаагадағы аралық

Соттың Тұрақты палатасына бере алады. Төрелік сот шешімі дауды Төрелік

Сотқа беруші Тараптар үшін міндетті болып табылады.


                            XIX Бап

                            Қол қою


     Осы Конвенцияға қол қою үшін Вашингтонда 1973 жылғы 30 сәуірге дейін

және одан әрі Бернде 1974 жылғы 31 желтоқсанға дейін ашық болады.


                             XX Бап

                    Ратификация, қабылдау мен бекіту


     Осы Конвенция ратификациялауға, қабылдау мен бекітуге жатады.

Ратификациялық грамоталар, қабылдау немесе бекіту туралы құжаттар

Швейцария Конфедерациясы үкіметіне сақтауға тапсырылады, ол

Үкімет-депозитарий болып табылады.


                           XXI Бап

                           Қосылу



 
       Осы Конвенция шек қойылмаған уақыт бойы қосылу үшін ашық Қосылу туралы құжаттар үкімет-депозитарийге сақтауға тапсырады.
 
                            ХХІІ Бап
                           Күшіне ену
 
      1. Осы Конвенция оныншы ратификациялық грамотаны немесе қабылдау,

 

бекіту немесе қосылу туралы құжатты Үкімет-депозитарийге, сақтауға

тапсырған соң 90 күннен кейін күшіне енеді.

     2. Осы Конвенцияны ратификациялайтын, қабылдайтын немесе бекітетін

немесе оған қосылатын әрбір мемлекет  үшін оныншы ратификациялық грамотаны

немесе қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы құжатты сақтауға тапсырған

соң осы Конвенция сол мемлекет өз ратификациялық грамотасын немесе

қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы құжатын тапсырған соң 90 күннен

кейін күшіне енеді.


                         ХХІІІ Бап

                        Ескертпелер



 
       1. Осы Конвенцияның ережелері жалпы ескертпеленуге жатпайды. Нақтылы ескертпелер осы Баптың қағидаларына әрі XV және XVI Баптарға сәйкес жасалына алады.
 
      2. Кез келген мемлекет өз ратификациялық грамотасын немесе қабылдау, бекіту немесе қосылу туралы құжатты сақтауға тапсыру кезінде мыналар жөнінде: немесе
      (а) І, ІІ немесе ІІІ Қосымшаларға енгізілген кез келген түр жөнінде;
      (b) ІІІ Қосымшаға енгізілген түрге байланысты аталған кез келген

 

бөліктер немесе туындылар жөнінде нақтылы ескертпе жасай алады.

     3. Осы Баптың қағидаларына сәйкес жасалған ескертпені Тарап алып

тастамайынша, ол сол ескертпеде аталған түрлермен немесе бөліктермен

немесе туындылармен сауда жасау жөнінде осы Конвенцияға қатыспайтын

мемлекет деп саналатын болады.


                           ХХІV Бап

                           Күшін жою


     Кез келген Тарап Үкімет-депозитарийді кез келген уақытта жазбаша

хабардар ету жолымен осы Конвенцияның күшін жоя алады. Үкімет-депозитарий

хабарлама алған соң 12 айдан кейін күшін жою басталады.


                           ХХV Бап

                         Депозитарий



 
       1. Мәтіндерді орыс, ағылшын, испан, қытай және француз тілдерінде бірдей болып табылатын осы Конвенцияның түпнұсқасы Үкімет-депозитарийдің сақтауына тапсырылады, ол расталған көшірмелерін Конвенцияға қол қойған немесе оған қосылу туралы құжаттарын тапсырған барлық Мемлекеттерге жібереді.
      2. Қол қоюлар, ратификациялық грамоталары, қабылдау, бекіту немесе қосылу жайындағы құжаттарды тапсыру туралы, осы Конвенцияның күшіне енуі, оған түзетулер, ескертпелерді енгізу мен алып тастау туралы және күшін жою жайындағы хабарлама туралы Үкімет - Депозитарий барлық қол қоюшы және қатысушы мемлекеттер мен (секретариатты) хабардар етіп отырады.
      3. Осы Конвенция күшіне енісімен оның расталған көшірмесін

 

депозитарий Үкімет Біріккен Ұлттар Ұйымы жарғысының 102 бабына сәйкес

тіркеу мен жариялау үшін Біріккен Ұлттар Ұйымының Хатшылығына жібереді.

     Осыны Куәландыру үшін тиісінше уәкілдігі бар төменде қол қоюшы

өкілдер осы Конвенцияға қол қойды.

     Вашингтонда мың тоғыз жүз жетпіс үшінші жылы үшінші наурызда жасалды.



  Оқығандар:

Қобдалиева Н.

Икебаева А.         






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады